Түлкі мен қырғауыл — Қазақ тілі және әдебиеті — Bilim

0

Жаңа сөздермен жұмыс: (Оқулықтан оқыту, қайталату)


Топтық жұмыс.


1-Тапсырма Мәтінмен жұмыс (оқылым).


 Мәтінді  рөлге бөліп оқиды.Мәтін кейіпкерлерін адам қасиеттерімен салыстырады және өмірмен байланыстырады.


 


2-тапсырма. (жазылым).


Кестедегі сөздерді дұрыс  тақырыпқа сай сәйкестендіріп жазу.


қырғауыл        естімейді


құлағым           шықты


бұйрық           ағаштың басында отыр


қазіргі           зорлық қылмасын


ешкім               қарамады


алды-артына       заман


3-тапсырма. (айтылым).


Әр сұраққа үш нұсқаның ішінен дұрыс жауапты тауып айт.


1.Түлкі қалың ағашты аралап келе жатып нені көрді?


Жауаптары:


-Түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, қырғауылды көрді.


— Түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, қоянды көрді.


— Түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, кірпіні көрді.


2.Түлкі: Жерге түсіп; сөйлессеңіз қайтеді? дегенде қырғауыл не деді?


Жауаптары:


-Қырғауыл: «Жерге түсуге сенен қорқамын!»-деді.


-Қырғауыл: «Жерге түсуге аюдан қорқамын!»-деді.


-Қырғауыл: «Жерге түсуге  қорқамын!»-деді.


3.Қандай бұйрық шыққан?


Жауаптары:


-«Біреуге біреу зорлық қылмасын!»-депті


-«Біреуге біреу тамақ бермесін!»-депті


-«Біреуге біреу маза бермесін!»-депті.


Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты» ойынын ойнату. (Таныс сөздерді айтып қайталайды және жаңа сөздерді қолданады).


-Ұшты-ұшты кітап ұшты,


— Ұшты-ұшты қонжық ұшты,


-Ұшты-ұшты қырғауыл ұшты т.б.


4-тапсырма. (жазылым)


Оқулықтағы жазба жұмысын орындату. Қажетті сөздерді дұрыс көшіріп жазып шығу.


Қажетті сөздер: аралап,әңгімелесейік,түспеді,отырған, жеп қояды.


1.Бір күні түлкі қалың ағашты… келе жатты. 2.Ол ағашта …қырғауылды көрді. 3. Түлкі қырғауылға « …, жерге түс!»-деді. 4.Қырғауыл жерге …. 5. Ол «аңдар» … деп қорықты.


6- тапсырма. Оқиғаны ары қарай жалғастырып айт. Мәтіннің басы баяндалады. Мысалы: бір түлкі ағашты аралап келеді. Ол қырғауылды көреді…


6- тапсырма. Диалогті тыңдаңдар. Жұп болып, түлкі мен қырғауылдың рөлінде қойылым жасаңдар.

 


 


 


Т кестесі әдіс-тәсілін қолдану.


Мәтінді оқушылар оқиды және топтың ішінде талқылайды. Әр топ өз кейіпкерлерін қорғайды.   Екі кейіпкердің дұрыс және бұрыс қылықтарын анықтайды. Мәтіннің ішінен дәйектер келтіреді. Өз ойларын қосып топ мүшелері қорғап шығады.


 


Дәптерлеріне орындайды.


 


Ыстық орындық әдіс-тәсілін қолданамын.


Топпен жұмыс:  2 топ мәтіннің ішінен дұрыс жазылған жауаптарды табады,  оқып береді немесе айтады.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


Орындарынан тұрып барлығы сергіту жаттығуын орындап шығады.


 


Логикалық ойлау арқылы, сөйлемдерді дұрыс орын тәртібімен жазады.


 


ары қарай оқушылар жалғастырып айту қажет.


 


Әр топ мүшелері 3,5 мин. қойылым көрсетеді.


Дереккөз: http://bilim-all.kz/