Қазақстанның бірнеше облысында ауа-райы бұзылады

0
117

Қазақстанның басым аумағына антициклон ықпал етеді. Соның салдарынан күн жауын-шашын, қар жаумайды, аяз болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ның дерегін негізге алып. 

Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, республиканың бірқатар аумақтарына тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, түнде және таңертең желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұмантүседі, күндіз – жаяу бұрқасын болады.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Манғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Алматы облысының бірқатар аймақтарында тұман түсуі мүмкін. Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Ақтобе облысының жекелеген аудандарында желдің күші 15 м/с жетеді.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты аяз болуы ықтимал.