Суқоймаларын қорғау
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Суқоймаларын қорғау
Автор: Сайдахметова Балым Кеңесқызы
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2018-12-31
Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға жаңа ақпараттар
Суды қорғауСуды қорғау— адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары жән басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді. МазмұныСуды қорғау аймақтары мен белдеулеріСуды қорғау аймақтары мен белдеулері — өзендердің, көлдердің, теңіздер мен су қоймаларының жағалауы бойымен, бұлақтардың, мұздықтардың, батпақтардың айласында, сондай-ақ каналдарды, су желілері мен басқа да су шаруашылық құрылыстарын бойлай ерекше пайдаланудың шарттары бар аймақтар мен белдеулер. Суды қорғау жөніндегі міндеттерСуды қорғау жөніндегі міндеттер—Қазақстан Республикасының аумағында қызметі судың жай-күйіне әсер ететін барлық заңды ұйымдар мен азаматтардың суды ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғауды, сондай-ақ судың жай-күйі мен режімін жақсартуды қамтамасыз ететін технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық және басқа да міндетті шараларды жүргізуі. Суды қорғаудың міндеттеріСуды қорғаудың міндеттері — барлық судың табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ балық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің өзгеруі, олардың табиғи толығу, тазару қабілетінің төмендеуі, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режімінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиістілігі. Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқылық және басқа шаралар жүйесін қамтиды. Суды май, сүрек ағаш, химия, мұнай және басқа өнімдер ысыраптарымен ластану мен былғанудан қорғауСуды май, сүрек ағаш, химия, мұнай және басқа өнімдер ысыраптарымен ластану мен былғанудан қорғау —су көлігі құралдарын, құбыр желілерін, сутоғандарындағы жүзбелі және басқа құрылыстарды иеленушілер, ағаш ағызушы ұйымдар, сондай-ақ басқа заңды ұйымдар мен азаматтардың май, сүрек ағаш, химия, мұнай және өзге де өнімдер ысыраптарының салдарынан судың ластануы мен былғануына жол бермеу міндеттері.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.