Сағынтаев облыс әкімдеріне: Еңбек өнімділігінің өспеуіне өзбектер кінәлі ме?

0
100
29 Желтоқсан 2018, 11:01 794 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев өңірлерде еңбек өнімділігін арттыра алмаған облыс әкімдерін сынға алды.

Бүгін Үкімет отырысында облыс әкімдері Премьер-министрге өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі бойынша есеп берді. Алайда әкімдердің есебі Бақытжан Сағынтаевтың көңілінен шықпай қалды.

«(Еңбек өнімділігі бойынша – автор) келесі баяндайтын азаматтар, (еңбек өнімділігінің неге өспеу – автор) себебін дұрыс айтыңыздар. «Бір облыс «әдістеме өзгерді, сол кінәлі» дейді. Бір облыс «өзбек ағайындар кінәлі» дейді. Жұмыстарыңыздың (мәні – автор) неде? Жұмысшылар сырттан жылда келеді. Сонда жыл сайын «өзбек ағайындар кінәлі» деп отырамыз ба?», – деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Сағынтаев әкімдерге жұмысқа жауапкершілікпен қарауды талап етті.

«Жалпы баяндамаға, жиналысқа дайындалған кезде оның мазмұнын білу керек. Жақсылап дайындалу керек. (Жасалған баяндамалардың бәрі – автор) атүсті жасалған. Қағаз жазылып беріледі, соны ғана оқып бересіздер», – деп түйіндеді сөзін премьер-министр.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ