Ұстазы жақсының- ұстанымы жақсы

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 2 сынып

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Сынып сағаты тақырыбы: «Ұстазы жақсының- ұстанымы жақсы»

Сыныбы: 2 а

Сынып жетекшісі: Ризуанова Л

2017-2018 оқу жылы

Бекітемін: __________МДТІЖО: Ф.РысқалиеваКүні: 04.10.17ж

Сынып сағат тақырыбы: «Ұстазы жақсының- ұстанымы жақсыМақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.Барысы:

  • Армысыз құрметті ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым – парасатымен, талғам – танымымен танылатын асыл жан Зира апай!Сізді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!Еңбегіңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

  Ұстаз -барша мамандықтың көш бастаушысы. Құйылады жыр-ағын, көптен дара пырағым. Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, – деген өлең шумақтары бүгінгі қонағымыз ардагер ұстаздар Зира апайымызға арналады.Бұл ұстазымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңын бағындыра білді.  Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстазымызбен кездесуге арналған сынып сағатымызды бастаймыз!

Алғашқы бөліміміз Зира апайымыздың өмірімен танысу. Зира Абылхасқызы 1947 жылы 27 қазанда Гурьев облысы, Теңіз ауданындағы Қызыл Ту деген жерінде қарапайым балықшы отбасында дүниеге келген. 1954-1955 жылдары алғашқы сыныпты Панфилов атындағы мектепте бастап, жеті жылдық білімін алған. Тоғызыншы сыныптан бастап Нұржау колхозындағы Ленин атындағы мектепте оқып 1965 жылы 11 сыныпты бітіріп шықты. Сонан соң Гурьев қаласынан мұғалімдік институтына түсіп физика-математика факультетін бітірген. Маңғыстауды бір жыл жұмыс жасап, Карманов мектебінде математика пәні мұғалімі болып, Панфилов мектебінде 1971-1972 жылдары физика пәні мұғалімі болып, 1973-1974 жылдары Алтынсаринде жұмысты тәрбиешіліктен бастады. 1979 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа шыққанға дейін бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды.Ендеше Зира апай балаларыңыздың сізге арналған өлең шумақтарын тыңдайық. Арслан: Дейді солай әкеміз,«Ұстазыңды ұлықта».Дейді солай анамыз,«Сыйлауды әркез ұмытпа».

Кенжегүл:Ұстазым деген мейірбан,Ұстазым деген ізгі жан.Ақылшым менің ұстазым,Ұстазым деген қамқоршым.

Назерке: Ұстаз деген ұлы адам,Шәкірттерге діні адал.Қызың деп біл бұл мені,Өлеңмен жыр құраған.

Нургуль:Айтсақ сөздің әділін,Ұстаз жанын біліп ұқ.Зира апайым ұлы жан,Сізде жатыр ұлылық.Ендеше, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған әніне кезек берелік.Ән «Ұстазым менің» Орындайтын Қайратқызы Сая.

Ал енді,құрметті Зира апай, өзіңізге әзірлеген балалардың сұрақтарына кезек берсек….1. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы туралы айтып берсеңіз.2. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?3. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?4. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?5. Мектепте оқығанда сүйікті пәніңіз ? Рахмет Зира апай.Біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Келесі балаларымыздың өлең жолдарын тыңдайық.Назылым:Ғасыр жас заманы асқақ өрендер,Әр сәт сайын жаңалыққа өрендер.Әже көрсең немере бар жанында,Кешегі ұстаз- осы, ізетпен сәлем бер.Мархаба:Талабыңмен танып білген ілімді,Қолдандың да ұстаз болдың бүгінгі.Жүрегіңді білім нұрға билетіп,Жүрсің дағы шәкіртке сыр үйретіп.

Балауса мен Диананың, Қажымұраттың тақпақтарын тыңдайық.

Ендеше келесі қыздарымыздың мың бұралған қазақ биі сіздің құрметіңізге.Мархаба мен Балаусаның орындауындағы «Қазақ биі»

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің … бәрін , бәрін !!!Ендеше,келесі сөз кезегін ұлағатты ардагер ұстазымыз Зира апайымызға береміз.Ұстаз сөзі

Іңкәр, Мерейлім, Нұрлан, Асылайдың тамаша тақпақтарын тыңдайық.Хор: «Ұстаз-Ана!»

Құрметті Зира апай, сіздің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше, кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды. Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленуіңізді тілейміз! Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.Алтын уақытыңызды бөліп келгеніңізге рахмет!Бәрі орындарынан тұрып хормен «Біз сізді жақсы көреміз!» деп аяқтайды.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз