Шығармада кездесетін синоним сөздер | Скачать
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Ш.Мұртазаның Ай мен Айша романы тілінің стилдік ерекшелігі
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Қанапина С.Ғ.
Орындаған:Байбосынова И.Б.
Қостанай-2015 ж
Мазмұны:
Кіріспе
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … ..3 -4
I.Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1.1. Антоним, синоним сөздердің қолданысы
… … … … … … … … … … … …5-14
1.2.Көнерген сөздер, эмоционалды-экспресивті сөздердің қолданысы
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 15-22
1.3. Фразеологизмдердің стильдік қызметі
… … … … … … … … … … … … …23-33
II. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі
2.1. Мақал – мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық – танымдық қызметі
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … .34 -45
2.2. Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет,
метонимия, синекдоха)
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… …46-57
2.3. Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі
… … … … … … … 58-62
Қорытынды
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … 63-64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
… … … … … … … … … … … … … … … …65-67
Кіріспе
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе
жатқан киелі дүние.Ол – халықтың алтыннан қымбат кені.Тіл – адам
баласының әлем бейнесін тану жолындағы
түсінігінің,ойының,сезімінің,идеясы ның,дүниетанымының көрінісі.Тіл –
халық тарихы.Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы
жатады.Қазақ халқының барлық құнарлы ойы,құнды қиялы көркем сөзбен
кестеленген.Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін,оның кешегі
өткен тарихын білу-қажеттілік.Тіл бар жерде ұлт бар.Ұлттың өзгеден
ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі – тілі.Тілдің қасиетін
түйсіну-ұрпаққа парыз ,өйткені халықтың барлық рухани байлығы тіл арқылы
көрінеді.
Әрбір ұлт тілі өзінше ұлы,өз нақышымен қымбат.Қазақ тілі-ең бай әрі
дамыған тіл.Әлемдегі санаулы әдеби тілдердің бірі.Қазақ тілінің кешегі
мәйекті қалпын,терең философиялық тұжырымды екі ауыз сөзге сыйғыза
білген,мірдің оғындай өткір қалпын терең меңгеру парыз.Әрі бұл меңгеру
мен меңгерту – ғылыми бағытта парасаттылықпен дұрыс жолға қойылса
орынды.
Тіл – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік
бейненің,болмыстың ұғымдық белгісі.Адамзат тіл арқылы табиғаттағы барлық
заттар мен құбылыстарға атау береді.Ұлттық таным мен ұлттық тілдің
бірлігі,байланысы осы арада тоғысады.
Тіл-жалпы мәдениет пен адамзаттық дүниетанымның да тұғыры.Болмысты тану
арқылы жасалған ұғым тілдік таңбаға айналғанда,мифосимволикалық бейнелер
жүйесі қалыптасады.Тіл ұрпақтан-ұрпаққа дыбыс-таңба жүйесі болып қана
жетпейді,тілдің сақталуы арқылы халықтың бүкіл ғұмырында жасаған таным-
түсінігі арқылы информация жетеді.Басқаша айтқанда,сөз жүйесі арқылы
халықтың ойлау жүйесі,материалдық және рухани мәдениеті жетеді.Ғ.Мүсірепов:
Тілін білмеген – түбін білмейді деп өсиет айтқан.Тіл-танымның дамуына
сәйкес жетіліп,дамып,өркендеп отыратын тарихи процесс.Тілдің дамуы адам
ұғымының баламасы,танымның эквиваленті.М.Арын Бес анықта Тіл дегеніміз
белгілі бір халықтың жинаған рухани қазынасының жиынтығы,соның бәрін
сақтайтын қоймасы деп тауып айтқан. [1,6-7 бет] (Анар Салқынбай,Қазіргі
қазақ тілі,Алматы Қазақ университеті,2008,-337 бет)
.Жұмыстың нысаны Жазушы Шерхан Мұртазаның ‟Ай мен Айша ” романы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – шығарма
тілінің лексика – фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа сай
алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
— Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс
ерекшелігін анықтау;
— Көнерген сөздер, кірме сөздер, эмоционалды – экспрессивті (бейнелі)
сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясын анықтап, ерекшеліктеріне
қарай жеке топтарға бөлу;
— Шығарма тіліндегі қос сөздердің стильдік қолданысын ашу;
— Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін, кейіпкер
тіліндегі қолданылу аясын анықтау;
— Мақал – мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық – танымдық
қызметін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
— Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу, эпитет,
метонимия, синекдоха, қайталама сөз ) көркем шығарма тіліндегі
мысалдармен нақтылап, мәнін ашу;
— Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісін анықтау;
Жұмыстың жаңалығы. Бұл жұмыста жазушы Ш.Мұртазаның Ай мен
Айша романы тілінің лексика – фразеологиялық ерекшеліктері зерттелініп,
төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:
— Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс
ерекшелігін анықталды, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеке
топтарға бөлінді;
— Көнерген сөздер, кірме сөздер, эмоционалды – экспрессивті (бейнелі)
сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясы анықталып, ерекшеліктеріне
қарай жеке топтарға бөлінді;
— Шығарма тіліндегі қос сөздердің стильдік қолданысының мағынасы
ашылды;
— Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметі, кейіпкер
тіліндегі қолданылу аясы анықталынып, жеке – жеке стильдік қабаттарға
бөлінді, талдауға түсті;
— Мақал – мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық – танымдық
қызметі, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуы айқындалды,
барлығы талдауға түсті;
— Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет,
метонимия, синекдоха, қайталама сөз) көркем шығарма тіліндегі
мысалдармен нақтыланып, мәні ашылды;
— Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі анықталды; Жұмыстың
құрылымы – жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады
Шығарма тілінің көркемдік және лексикалық ерекшелігі
Антоним, синоним сөздердің қолданысы
Тіл көркемдігін арттыруда, сымбаттылығы мен байлығын көрсетуде
антонимдердің қызметі зор. Олар ақын-жазушылардың ойын нақ түйіп,
тұжырымдап, байлауын айқындап, шығарма әсерін күшейтіп тұрады.
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ.Аханов, Ә.Болғанбаев, Ж.Мусин,
Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев т.б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер
әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан[2, 7 бет] (Қанапина С.Ғ. Қазақ
тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов
шығармалары негізінде). – Қостанай. ТОО ‟Центрум”, 2010. – 180 бет).
Зерттеуші-ғалымдар Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев Қазіргі қазақ тілінің
лексикологиясы мен фразеологиясы атты еңбектерінде антонимге мынадай
анықтама береді: Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-
сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-
қарсы қоюдан шығады[3, 117 бет] (Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ
тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. – Алматы: ‟Сөздік —
словарь” баспасы, 2006. – 264 бет).
Ал зерттеуші-ғалым Ж.Мусин антонимдерге әр түрлі бағыттағы анықтама
берген:
1. Әдетте мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер- антоним деп аталады.
2. Антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады деген пікір жиі
қолданады.
3. Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні, олар бір сөйлем ішінде қатар
қолданғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық қарама-
қарсылығы айрықша баса көрсетіліп, ерекше көзге түседі[15, 27 бет] (Мусин
Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі.-Алматы:Мектеп, 1984.-127 б).
Антонимдер әр түрлі жұрнақ, жалғаулар қабылдап, солар арқылы жаңа сөз
өрбітіп, өріс аумағын кеңейтіп, мағыналық қырларын молайта отырып та тіл
шұрайлығына қызмет етеді[2, 10 бет] (Қанапина С.Ғ. Қазақ тіліндегі мақал –
мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары
негізінде). – Қостанай. ТОО ‟Центрум”, 2010. – 180 бет).
Антонимдердің стильдік қызметі туралы ғалым К.Аханов: Антонимдердің
стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда,
оларды бір-біріне қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын
ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет
атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше
ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді[4, 328 бет] (Аханов К. Тіл
біліміне кіріспе.-Алматы:Мектеп, 1965.-328 б).
Тілдегі антонимдер қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін шендестіріп
салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Антонимдерді қолданудың
негізінен төрт жолы бар:
1. антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады;
2. антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шендестіріледі;
3. антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады;
4. фразеологизмдер нақты мәтіндерде бір-біріне қарама-қарсы мағынада
жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсе алады;[3, 120 бет] (Қалиев Ғ.,
Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы:
Оқулық. – Алматы: ‟Сөздік — словарь” баспасы, 2006. – 264 бет).
Антонимдерге ең бай сөз табы- сын есімдер. Ал, етістіктерден, зат
есімдерден, үстеулерден азды-көпті кездессе, қалған сөз таптарынан өте
сирек ұшырасады.
Соңғы кезде зерттеушілер қазақ тіліндегі антонимдерді градуалды,
привативті және эквиполентті антонимдік оппозицияларға ажыратып жүр.
Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір қасиеттің ең соңғы шегіне
дейінгі дәрежесін білдіреді.
Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің
болуы мүмкін емес. Бұл қатарға әр түрлі (бар-жоқ) және түбірлес (жанды-
жансыз, таныс-бейтаныс) лексемалар енеді.
Эквиполентті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында тіл тәжірибесі
арқылы орныққан ассоциативті қарама-қарсылық бар. Олардың өздерін іс-
әрекетке байланысты туындаған қарама-қарсылықты лексемалар, лексикалық
конверсивтер, үйлесімді ұғымдарды білдіруші сөздер және жыныстық, туыстық
нышандары, тәулік уақыты, әлеуметтік қатынастары т.б. мағыналық жағынан
ажыратылмайтын жұптарға топтастыруға болады.
Қазақ тілі антонимдерінің өзегін градуалды оппозициялар құрайды, ал
привативті оппозициялардың жиілігі төмен де, эквиполентті оппозициялар
өнімсіз қатарға енеді[5, 49-51 бет] (Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым
Б., Қобыланова А., Есенова Қ., Исабекова Ұ., Қасабек Қ., Балтабаева Ж.,
Мұхамади Қ., Рахметова Р., Көпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. –
Алматы: ‟Print-S” баспасы, 2005. – 535 бет).
Сын есімге тән антонимдер
1.Аз ба, көп пе – алпыстан астым ( Ай мен Айша , 4 бет).
2. Аз ба көп пе – ірілі- уақты кітап жаздым ( Ай мен Айша , 4 бет).
3. Кіп- кішкентай балаға дап-дардай кісінің соншалықты сөгіс айтқаны несі
дегендей , басқалар тосылып қалды( Ай мен Айша, 8 бет).
4.Өз бетінше жол тауып көрсін , ащының дәмін осы бастан татып, мына
мейірімі аз, қаталдығы мол дүниеге осы бастан көдіге берсін деді ме
екен? ( Ай мен Айша , 9 бет).
5. Кейін, кейін күштінің әлсізді қалай қорлайтынын талай көрдім( Ай мен
Айша , 21 бет).
6. Әлемнің терезесі тең емес . біреудікі биік , біреудікі аласа, ал
біреудің терезесі шынысыз,қозы қарын ған қампаяды ( Ай мен Айша , 37
бет).
7. Артығы да жоқ, кемі де жоқ ( Ай мен Айша , 39 бет).
8. Қара арпа , ақ талқан — тағзым саған ( Ай мен Айша , 73 бет).
9. Иттің де ақылдысы, ақымағы бар ( Ай мен Айша , 77 бет).
10.Тектісі тексізі бар( Ай мен Айша , 77 бет).
11. Тірі екені, өлі екені белгісіз( Ай мен Айша , 81 бет).
12. –Е, Барсхан , тәтті болсаң , жеп қояды; ащы болсаң , түкіріп тастайды,-
деді Айша күрсініп ( Ай мен Айша , 102 бет).
13. Намысы мол ,айласы аз, бағы да сол соры да сол( Ай мен Айша ,
111бет).
14. Тағдыр шығар, екі жарты – бір бүтін демекші, ағайын болып Ақтамақты
Сұлтанға қосқан екен( Ай мен Айша , 117 бет).
Үстеуге тән антонимдер
1. Түсіме ылғи Айша кіреді, Мұртаза түсіме сирек кіреді, өйткені ол
кеткенде, мен бес жаста едім ( Ай мен Айша , 4 бет).
2. Егде тартқанда бүгін көргенің ертең естен шығады ( Ай мен Айша , 4
бет).
3. Күнбатыс жақ бөлмесі ағаш ұстаханасы, күншығыс жақ бөлмесі- темір
ұстаханасы( Ай мен Айша , 5 бет).
4. Мүмкін, «халық жауларын» қырағы қарауылдап, күндіз-түні ұйқы көрмейтін
шығар( Ай мен Айша , 12 бет).
5. Сол баяғы Айша мені Жалбыз бұлаққа салып сабағаннан кейін ертесіне тағы
сол Батырханды бағып, үйде ары отырдым, бері отырдым ( Ай мен Айша , 18
бет).
6. Таң азаннан қас қарая, бір-ақ келеді ( Ай мен Айша , 25 бет).
7. Ала жаздай колхоздың жұмысында күндіз-түні жүрген Айшаның анда-санда
түнделетіп арқалап алып келіп, түкпір тамға жинаған шөбі ақыр-тақыр ада
болды ( Ай мен Айша , 27 бет).
8. Қатарынан алты күн соққан ақ боран жетінші түнге қарағанда тыншиын деді
( Ай мен Айша , 27 бет).
9 . Үсті-шың , асты- құз, жалғыз аяқ бұралаң жло болады екен( Ай мен
Айша , 30 бет).
10. Алланың қарызға берген өмірін ерте ме, кеш пе, әйтеуір, бір қайтарарың
хақ ( Ай мен Айша , 46 бет).
11. Ары тартып, бері тартып Машан екеуміз біркөрпеге таласып, көз байлана
бере сырыққа қонақтайтын тауықтар сияқты бір-бірімізді итерісіп, бір кезде
тынышталамыз ( Ай мен Айша , 48 бет).
12. Алдынан келсең- тістейді артына шықсаң – тебеді ( Ай мен
Айша , 74 бет).
13. Қар үстінен емес, астынан ериді екен ( Ай мен Айша , 83 бет).
14. Таң азаннан тұрып , қызылшаға кеткеннен күн батқанда бір-ақ келетін
Айшаның шаш батпайтын халі бар ма? ( Ай мен айша , 94 бет).
Зат есімге тән антонимдер
1. Қамақтағылар мына азаттықта тұрғандарды мазақтағандай көрінеді (
Ай мен Айша , 12 бет).
2. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан, әлсіздер шыққан. ( Ай мен Айша , 37
бет).
3. Біреу семіз біреу арық( Ай мен Айша , 37 бет).
4. Қазақтың: кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді деген содан
қалған( Ай мен Айша , 38 бет).
5. Ұйқым ашылмайды, өң мен түстің арасы( Ай мен Айша , 72 бет).
6. Бәйбішесі бала таппай, осы Пияшты тоқал алып, Пияштан бір ұл бір қыз
туды( Ай мен Айша , 82 бет).
7. Тұрымтай дүниеде бар ма, жоқ, па – ешкім білмейтін ( Ай мен айша , 149
бет).
8. Бірақ құт пен жұт — күн мен түн сияқты көне күйдес ( Ай мен айша ,
149 бет).
9. Бақ пен сордың арасы бір-ақ қадам деген сонда болған ( Ай мен айша ,
150 бет).
Етістікке тән антонимдер
1. Жадыраған жаз, жайдары жандар құтты болсын айтып келіп-кетіп жатты
білем( Ай мен Айша , 14 бет).
2. Мұртаза барда бәрі де келіп-кетіп жүруші еді ( Ай мен Айша , 31 бет).
3. Бір емес, үшеуін бірдей құдай өзі берді, өзі алды ( Ай мен Айша , 34
бет).
4. Ақжол пештің түбінде алдыңғы екі аяғына басын салып, көзін бір ашып,
бір жұмып, сораң жасы ып-ыстық , қара тұмсығына дейін сорғалай ағып жатыр
( Ай мен Айша ,94 бет).
5. Әр нәрсенің басталуы бар, аяқталуы бар ( Ай мен айша , 146 бет).
6. Ай, қара терге түстім-ау, Мұса тоғайға құр қол қайтып бару мен үшін
өліммен тең. Әсем: Неге кеттің, неге келдіңдеп сұраса, не деймін? ( Ай
мен Айша , 153 бет).
7. Ағарып алдыма түспе, қарайып артымда қалма,- деген екен ( Ай мен Айша
, 182 бет).
Есімдікке тән етістіктер
1.Әне-міне, орақ түседі. ( Ай мен Айша , 63 бет)
Шығармада кездесетін синоним сөздер
Синоним сөздерге тоқталатын болсақ, зерттеуші-ғалымдар Ғ.Қалиев пен
Ә.Болғанбаев олар жайлы мынадай тұжырым жасайды: Синонимдер кез-келген
тілдің байлығы мен оралымдығын көрсететін сөздік құрамның құнарлы да мәнді
бір саласы. Олар тілдің кемеліне келіп, қаншалықты жетілгендігін, оның
образдылығы мен дамығандығын көрсететін көрсеткіш деп есептеледі. Адамның
ойлаған ойын, көңіл күйі мен көзқарасын нақты әрі көркем түрде жеткізу үшін
синонимдер айрықша қызмет атқарады[3, 111 бет] (Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә.
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. – Алматы:
‟Сөздік — словарь” баспасы, 2006. – 264 бет).
Синонимдер тілдегі сөздік қордың дамуына емес жалпы көркем
әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне,
күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына
тигізер әсері мол. Осы тұрғыдан алғанда, лексикалық синонимдердің қоғамдық-
тілдік қарым-қатынаста атқаратын маңызы зор. Синонимдер, біріншіден, әдеби
тілдің жоғары талғамды болуын қажет етсе, екіншіден, қарапайым сөйлеу
тілінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне әсерін тигізеді[6, 3 бет]
(Оразбаева Ф.Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер.-Алматы:
Мектеп, 1998.-207 б).
Синонимдер-сөз қорының асыл қазынасы. Өйткені тілдің бай да
оралымдылығы, оның сөздік құрамының қандай дәрежеде дамып жетілгені көп
ретте синонимдер арқылы көрініс табады[7, 617 бет] (Бизақов С. Синонимдер
сөздігі.-Алматы: Арыс баспасы, 2007.- 640 б).
Тілдегі синонимдер- қоғамдық-әлеуметтік факторларға байланысты
өзгеріп отыратын құбылыс. Жалпы тіл білімінде синонимия құбылысына қатысты
бірқатар зерттеулер бар. Оған қазақ тіл білімінде- І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев,
Ғ.Қалиев, М.Серғалиев, Ф.Оразбаева, А.Османова, тағы басқа ғалымдардың
еңбектерін атауға болады[8, 3 бет] (Нұрғалиева Майра Балтабекқызы Тарихи
романдардағы лексикалық синонимдер. Филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.-
Қазақстан Республикасы Астана, 2004.-29 б).
Қазақ тіл білімінде синонимдерді алғаш жүйелі түрде зерттеген
Ә.Болғанбаев. Оның еңбектерінде лексикалық синонимдердің сипаты, мағыналық
реңктері кең талданған. Ол синонимдерді қолданудың мынадай негізгі
тәсілдерін көрсетеді:
1. Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған мәтінде бір рет пайдаланған сөзді
қайталамас үшін қолданылады.
2. Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету үшін
синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та,
ыңғайластырылып та кете береді.
3. Белгілі бір ұғымды толық қамтып көрсету мақсатымен, бірнеше синоним
қатарма-қатар қолданылады.
4. Синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та
қолданғанымыз сияқты оларды қосарлап та пайдаланамыз.
5. Мағыналас екі сөз қатар келіп алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын
күшейту үшін қолданылады. Мұндай сөз қолданысын тіл білімінде плеоназм
немесе плеонастикалық сөз тіркесі деп атайды.
6. Фразалық тіркестерде де жиі қолданылады.
7. Синонимдер жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза
күйінде ғана емес, бір-бірімен араласқан күйде де жұмсалады.
8. Парафраза- жеке сөздің орнына оның түсінігін сипаттап беру.
9. Мағынасы жағымсыз сөздерді тыңдаушыға жеңілдетіп, жұмсартып жеткізу
үшін қолданылады[3, 111 бет] (Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ
тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. – Алматы: ‟Сөздік —
словарь” баспасы, 2006. – 264 бет).
Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар
немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен
бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйытқы болатын тірек сөз деп
таңдалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант деп аталады.Тілдегі
синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық синонимдер, ә) стильдік
синонимдер, б) мағыналық-стильдік синонимдер.
Мағыналық синонимдер әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар,
стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыө қолданыла
беретін синонимдер.
Стильдік синонимдер мағынасы жағынан ұқсас болса да, стильдік жағынан
бір-бірінен өзгешеленетін синонимдер.
Мағыналық-стильдік синонимдер әрі мағыналық, әрі стильдік белгілер
арқылы ерекшеленіт синонимдер[3, 105-111 бет] (Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә.
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. – Алматы:
‟Сөздік — словарь” баспасы, 2006. – 264 бет).
Жалпы сын есім синонимдерді білдіретін мағыналарына
байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Адамға қатысты айтылатын сын есім синонимдер:
а) Адамның мінез – құлқына байланысты синонимдер: мейірімді –
қайырымды – рақымды, ұшқалақ – күйгелек – жеңілтек, ашушаң – ашуланшақ,
сотқар – бұзақы – тентек, т.б.
ә) Адамның жеке басындағы қасиеттеріне байланысты синонимдер: шешен –
сөзшең – ділмәр, сөзуар – мылжың, дарынды – талантты – талапты, табанды –
тұрақты – орнықты, т.б.
б) Адамның қоғамдық ортадағы орнына байланысты синонимдер: беделді –
абыройлы, атақты – даңқты – әйгілі – белгілі, епті – икемді, әлді – ауқатты
– бай – дәулетті, көнтерлі – көнбіс, т.б.
в) Адамның табиғатпен және қоғамдық – әлеуметтік өмірмен қарым –
қатынасына байланысты синонимдер: азат – ерікті – еркін – тәуелсіз, діншіл
– құдайшыл, тілектес – тілеулес, адал – ақ – пәк, жетім – панасыз, т.б.
г) Адамның денсаулығы мен мүшелік кемшіліктеріне байланысты
синонимдер: науқас – аурушаң, кемтар – жарымжан – мүгедек – ғаріп, ақсақ –
шойнақ – сылтыма, соқыр – әз – көрсоқыр, т.б.
2. Адам мен жан – жануарларға қатысты айтылатын сын есім синонимдер:
арық – көтерем – көкбақа, мешкей – жалмауыз, тойымсыз – ашқарақ – қомағай,
бұралқы – қаңғыбас, жабайы – тағы, т.б.
3. Барлық жанды – жансыз заттарға қатысты айтылатын сын есім
синонимдер: бағалы – құнды – қымбат, қажет – керек – зәру – ділгір,
терең – тұңғиық – шыңырау, ескі – көне – бағзы – баяғы – ежелгі –
бұрынғы, дайын – әзір, аласа – тапал – кішкене – қысқа, т.б [5, 12 – 13
бет] (Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А., Есенова Қ.,
Исабекова Ұ., Қасабек Қ., Балтабаева Ж., Мұхамади Қ., Рахметова Р.,
Көпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. – Алматы: ‟Print-S” баспасы,
2005. – 535 бет).
Синонимдер – омонимдерге қарама – қарсы лексика – семантикалық
тілдік құбылыстар. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір
ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық
бірлестігіне қарай топтастырылады.
Синонимдерге тән өзіндік белгілері болады:
Мағыналық синонимдер әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар,
стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз қолданыла
беретін синонимдер. Мысалы: абырой – бедел – қадір – құрмет – атақ – даңқ –
мәртебе, т.б.
Стильдік синонимдер мағынасы жағынан ұқсас болса да, стильдік жағынан
бір – бірінен өзгешеленетін синонимдер. Мысалы: жылау – еңіреу – өкіру –
өкпелеу – бұртию – өксу, т.б.
Мағыналық – стильдік синонимдер әрі мағыналық, әрі стильдік белгілер
арқылы ерекшеленетін синонимдер. Мысалы: мақтаншақ – бөспе – лепірме –
суайт, т.б. [5, 40 бет] (Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова
А., Есенова Қ., Исабекова Ұ., Қасабек Қ., Балтабаева Ж., Мұхамади Қ.,
Рахметова Р., Көпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. – Алматы: ‟Print-
S” баспасы, 2005. – 535 бет).
Жазушы Ш. Мұртазаның Ай мен Айша романында кездесетін синонимдер:
Мағыналық синонимдер
1. Бірақ солардың көбі және дәмділері , тек балалық шақтың нәрінен,
балауса балғын шақтың әсерінен туған ( Ай мен Айша , бет).
Бала, сәби, нәресте, бөбек – Адамның артында қалған ұрпағы, тұқымы
[ҚТСС, 131 бет].
2. Ерте қайтыс болған, марқұм ( Ай мен Айша ,32 бет).
Қайтыс болу, марқұм – жүректің соғуы тоқталып, таусылуы, көз жұму, жан
беру, дәмі біту [ҚТСС, 450 бет].
3. Мұндай сұм заман, қураған қу заман о дүниеде де жоқ шығар ( Ай
мен Айша , 34 бет).
Сұм заман, қураған қу заман — адам таңдаларлық, шошырлық [ҚТСС, 508
бет].
4. Үйлері әдемі, сүйкімді ( Ай мен Айша ,39 бет).
Әдемі, сүйкімді – әжептәуір әдемі, әжептәуір көркем [ҚТСС, 104 бет].
5. Жаратқан құдірет, Жасаған Ием о басында Адам Ата мен Хауа Ананы
дүниеге келтірген де, бұл ұлы ата-анамыздың тал бойында бір мін
болмаған( Ай мен Айша , 39 бет).
Жаратқан құдірет, Жасаған Ием – жарата алатын, жасауға құдіреті
жететін Алла [ҚТСС, 247 бет].
6. Сұлулықты , әсемдікті , әдеміні сүймеген патша қатыгез , қанқұмар
келетін көрінеді ( Ай мен Айша , 48 бет).
Сұлу, әдемі, әсем, көркем – кескін-кейпі келіскен, түр-тұрпайты
жарасқан [ҚТТС, 223 бет].
7. Әміреқұл қайтыс болғанда, жесірі Шарбан, әйел біткеннің ажарлысы, сұлу
Шарбан, жынданып кете жаздады ( Ай мен Айша , 52 бет).
8. Заман қанша қатыгез, қаһарлы, тасбауыр болса да , сол кездегі адамдар
, Жуанқұл сияқты бірлі-жарымы болмаса , мейірімді, бауырмал еді ( Ай
мен Айша , 84 бет).
Қатыгез, қаһарлы, тасбауыр – аяушылықты білмейтін, мейірімсіз, ашу
шақырып түнеру [ҚТТС, 358 бет].
Стильдік синонимдер
1. Содан кіші Гришка екеуміз бармаған, араламаған жеріміз жоқ ( Ай мен
Айша , 7 бет).
2. Әлде менің көп ұзамай әкесіз қалатынымды сезді ме екен? Әкесіз
қалғанда бос болмасын, болбырақ болмасын. ( Ай мен Айша , 9 бет).
Бос болу, болбырақ болу – сылбыр тарту, жай қимылға ауысу [ҚТТС, 160
бет].
3. Не күш, не құдірет екенін өзім де білмеймін ( Ай мен Айша , 21 бет).
Күшті, құдіретті – бойында күш қуаты мол, қайрат-жігері жеткілікті
[ҚТТС, 326 бет].
4. Мұртазадан айнымаған аппақ, аршыған жұмыртқадай сұлу еді ( Ай мен
Айша ,34 бет).
Аппақ, аршыған жұмыртқадай – кіршіксіз ақ, ақтың ағы [ҚТТС, 71 бет].
5. Қуана білмейді, қайғыра білмейді, армандай алмайды ( Ай мен Айша ,
39 бет).
6. Мені сыртымнан сұсты, жау қабақ деп , тағы бірдеңе деп сөз қылады
( Ай мен Айша , 51 бет).
7. Өте тақуа кісі, үлкен ғұлама сияқты ( Ай мен Айша , 53 бет).
Тақуа, ғұлама – асқан ақыл-ой иесі, атақты ғалым [ҚТТС, 183ц бет].
8. Халық жауы атанбас үшін , алба-жұлбалау , ақымақтау, өз ойы, өз
пайымы жоқ мәңгүрт болуың керек ( Ай мен Айша ,53 бет).
Ақымақ,мәңгүрт – сана-сезімі кем, ақылды емес [ҚТТС, 53 бет].
9. Жөтеліп, қақалып өліп қала жаздадым ( Ай мен Айша , 56 бет).
10. — Арысым-ау!- деп, әркім әр тұстан жамырап жатты ( Ай мен Айша , 60
бет).
11. Неге ақырасың бізге! Көріктей сөнген көңілімізді көтере ме десек,
сонау соғыста жүрген боздақтарымыздың хабарын айтып қуанта ма десек…
( Ай мен Айша , 61-62 бет).
12. Ойында еш дақ жоқ, ақкөңіл , аңқылдақ күйеуі Қадырға : бұл қай
жындылығың , артын неге ойламайсын деп , қиғылықты салмай ма? ( Ай
мен Айша , 111 бет).
Ақкөңіл – өзім дегенге жанын үзетін, өткен-кеткенмен санаспайтын адал,
ақ [ҚТТС, 49 бет]. Аңқылдақ – ағынан жарылып, жаны қалмай елгезектену
[ҚТТС, 69 бет].
13. Дүниеде мұндай сұлу,мұндай паң, мұндай тәкәппар аң бар ма? Ай мен
Айша , 115 бет).
Паң, тәкаппар – өзінен басқаны менсінбейтін өзімшіл, менменшіл [ҚТТС,
534 бет].
14. Әлдекімге жалынатын сияқты, жалбарынатын сияқты ( Ай мен Айша , 119
бет).
Жалыну, жалбарыну – тіленіп-өтініп сұрау [ҚТТС, 241 бет].
15. Ол кезде қулық , сұмдық дегенді білмеген шығармын ( Ай мен Айша,118
бет).
Қулық, сұмдық – біреуге арамдық ойлаушылық, пәле іздеушілік [ҚТТС, 378
бет].
16. Қайғыдан, қасіреттен құса болып , өзегіне өрт түседі ( Ай мен
айша,131 бет).
Қайғы, қасірет – мұңды, шерлі болып күйзелу, қайғы-қасірет тарту
[ҚТТС, 339 бет].
Шығармада кездескен антоним, синоним сөздер аз емес.Бірақ жазушы омоним
сөздерді мүлдем қолданбаған.Шығармадағы қолданылған анотоним, синоним
сөздерді сөз таптарына байланысты бөліп, қарастырылды.Шығармада сын
есімге байланысты-14, зат есімге-9 байланысты, үстеуге байланысты-14,
етістікке байланысты-7, есімдікке байланысты-1 антонимдер кездеседі.Жалпы
Ай мен Айша шығармасында 45 антоним сөздер табылды.Шығармада мағыналық
және стильдік синонимдер кездесті.Оның 8-мағыналық синонимдер болса, 16-
стильдік синонимдер.Жалпы шығармада 24 синоним сөздер табылды.
Көнерген сөздер, эмоционалды-экспрессивті (бейнелі) сөздердің
қолданысы
Көнерген сөздер
Сөздердің көнеру процесі кенет бірден бола қалатын құбылыс емес,
әуелі қолдану жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан жаңа
ұрпақтың біреуіне жеткенмен кейінгілерге емін-еркін жете алмай, түсініксіз
болып ұмытыла бастайды. Бара-бара қолданудан біржолата ығысып, кейбіреулері
тілден жоғалып та кетуі мүмкін.
Көнерген сөздердің көнеру процесі үш түрлі болады:
1.Әбден ұмытылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген сөздер: асаба,
түмен т.б.
2.Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің
түбірінде сақталған көнерген сөздер: баданадай(бадана), бырдай(быр),
добалдай(добал) т.б.
1. 3.Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-мәтелдер мен
фразеологиялық тіркестер құрамында әлі де қолданыла беретін көнерген
сөздер: торқа-жібек, жарақ-қару т.б.[9, 86 бет].( Ә.Болғанбаев Қазақ
тілінің лексикологиясы.- Алматы: Мектеп,1988.-146 б)
Белгілі ғалым А.Айғабылов өзінің авторефератында көнерген сөзге
мынадай анықтама берген:Тілдегі сөздің көнеруі немесе біржолата жоғалуы –
күрделі құбылыс, ол өте ұзақ уақытты қажет етеді. Белгілі ұғымның
көнеленуіне байланысты оны аңғартатын сөздің де қолданысы сирей бастады.
Мысалы, әулет сөзі бұрын бір атаға жататын үрім – бұтақ, тұқым, зәузат
деген мағына беріп, рулық дәуірде актив қабатқа жатса, Қазан ревалюциясынан
кейін сирек қолданылатын, тек өткен дәуірді суреттейтін шығармаларда
кездесетін сөзге айналып еді. Қазір шахтерлер әулеті, қойшылар әулеті
сияқты тіркестерде жиі қолданылып жүр.
Көнерген сөздерді түсінікті, түсініксіздігіне қарай көне сөз,
көнерген сөз деп бөлуге болады.
а) Көне сөздердің мағынасы түсініксіз, олардың мағынасын тек
этимологиялық талдау арқылы ғана анықтауға болады. Ондай сөздер сөз
тіркестерінде жиі кездеседі. Мысалы: түмен басы (он мың), сазайынын тарту
(жаза)
ә) көнерген сөздердің қолданудан қалғанмен мағынасы аздап түсінікті болып
тұрады. Мысалы: сауға (араша), сауыт, жебе т.б. [10; 40-41]( А.Айғабыл
Қазақ тілінің лексикологиясы.-Алматы,2004)
Көнерген сөздер лебізде сирек қолданылу себебіне орай екіге бөлінеді:
ежелгі сөздер(архаизмдер) және тарихи сөздер.
Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-
ғұрпына, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып
отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер.
Зерттеуші-ғалымдар Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев қазақ тіліндегі
архаизмдердің мынадай түрлерін көрсеткен:
1. Мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер: торқа, мақпал, шайы,
пайы т.б.
2. Салт-сана, әдет ғұрыпқа қатысты архаизмдер: сауын айту, ұрын бару,
киіт кию т.б.
3. Киім-кешек, ыдыс-аяқ атауларына қатысты архаизмдер: шидем, шекпен,
күпі, кебіс т.б.
4. Діни ұғымға қатысты архаизмдер: қиямет-қайым, мүңкір-нәңкір т.б.
5. Үй тұрмысына, мал атауларына қатысты архаизмдер: лашық, итарқа, жаппа
т.б.
6. Әртүрлі ұғымға қатысты архаизмдер: аламан, алапа, албан т.б.
7. Жалпы түрік тілдеріне қатысты архаизмдер: будун, ұлық, ұлыс т.б.
Тарихи сөздер дәуірі өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған
сөздер. Тарихи сөздердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола
жоғалуымен байланысты болады. Тарихи сөздерді де бірнеше топқа бөлуге
болады:
1. Әкімшілік, ел басқарумен байланысты туған тарихи сөздер: хан, ханша,
ханым, би, қазы т.б.
2. Әскери атақ пен қару-жараққа қатысты тарихи сөздер: садақ, жақ, найза
т.б.
3. Кеңес тұсында пайда болған тарихи сөздер: нарком, губком, совпед,
рабфак т.б.[3,175-177 бет]. ( Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ
тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. – Алматы: ‟Сөздік —
словарь” баспасы, 2006. – 264 бет)
Ал зерттеуші-ғалым Анар Салқынбай ежелгі сөздер мен тарихи
сөздерді былайша топтастырған. Ежелгі сөздерді мынадай тақырыптық
топтарға бөлген:
1. Бұрын қолданыста болған зат атаулары: кебеже, асадал, саптыаяқ және
т.б.
2. Әдетке, салтқа қатысты кей ұғымдар атаулары: барымта, қырық жеті, т.б.
3. Киім-кешек атаулары: дулыға, жағлан, кебене, сәукеле, т.б.
4. Туыстық, жақындық ұғымдарына қатысты атаулар: тамыр, жұрағат, т.б.
5. Кей ай аттары қазіргі таңда қолданыстан мүлде шығып қалған: отамалы,
зауза, саратан, мизан, т.б.
Тарихи сөздердің мынадай түрлерін көрсеткен:
1. Ел басқаруға қатысты атаулар: губернатор, ақпатша, ояз, т.б.
2. Әскери терімсөздер: жасақ, жебе, адырна, т.б.[1, 151-153 бет].
(Анар Салқынбай,Қазіргі қазақ тілі,Алматы Қазақ
университеті,2008,-337 бет)
Жазушы Ш. Мұртазаның Ай мен Айша шығармасындағы көнерген сөздердің
қолданысы мынадай:
1. Тек, Әйнек апам мені арқасына көтеріп келе жатқанда, бір аяғымның
калошы түсіп қалып, кемпір байғұс келе жатқан ізімен қайта қайтып, әлгі
түсіп қалған калошты іздегені емі-еміс есімде (“Ай мен Айша ”, 8 бет).
2. Мұртазаның үстінде өңірін қара ши барқытпен көмкерген жосалы сары тон,
басында дәл сондай теріден тігілген телпек (“Ай мен Айша ”, 8 бет).
Тон – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырткиім
[ҚТТС, 810 бет].
Телпек – Тақия сияқты бас киім [ҚТТС,796 бет].
3. Оның жиегі қара қозының елтірісі (“Ай мен Айша ”, 8 бет).
4. Ауы күйектей ақ дамбал киіп, аяғына қоңылтақ кебіс іле салған (“Ай мен
Айша ”, 11 бет).
Кебіс – Мәсінің сыртынан киетін былғарыдан жасалған бас киім [ҚТТС, 372
бет].
5. Ақ қоян құлақшынымның қарын тазартты (“Ай мен Айша ”, 16 бет).
Құлақшын – құлағы бар жылы бас киім [ҚТТС, 537 бет].
6. Тұрған ханым деген кісі, иә, аруғыңнан айналайын, ірі көріпкел тәуіп
кісі екен
Аруақ – өлген адам рухы [ҚТТС, 58 бет].
7. Сандықтың кілті – Айшаның шашбауы (“Ай мен Айша ”, 58 бет).
Шашбау – Шаштың ұшына қоса өретін күміс тиын [ҚТТС, 909 бет].
8. Қасында қара құман ұстап Құрмаш тұр (“Ай мен Айша ”, 120 бет).
Құман – Қолға су құюға арналған шүмегі мен тұтқасы бар шәугім
[ҚТТС, 540 бет].
9. Кимешегін, күндігін қайта киді (“Ай мен Айша ”, 127 бет).
Кимешек — ақ матадан беті ойылып дөңгеленіп істеленетін әйелдің бас
киімі [ҚТТС, 395 бет].
10. Қара бие солдаттың қамшысы тиген сайын қайқандайды (“Ай мен Айша ”,
134 бет).
Қамшы – Қайыстан өрген, тобылғы сабы бар, көлік жүргізу үшін
пайдалынатын құрал [ҚТТС, 468 бет].
11. Жай тымық, тақия оның басына сыймас еді, өзіне арнайы сопақ бас киім
тіктіретін (“Ай мен Айша ”, 24 бет).
Тақия — Кестелеп, сырып тігілген жеңіл бас киім [ҚТТС, 775 бет].
12. Қазақы кебіс-мәсі, ұзын қара плащ (“Ай мен Айша ”, 140 бет).
Мәсі – Жұқа былғарыдан тігілген, кебіспен киетін, өкшесіз, қонысты аяқ
киім [ҚТТС, 587 бет].
13. Киіз үйді Жуанқұл тартып алып, тракторшыларға қос тігіп беріп, ақ
киізді қара май тулаққа айналдырды (“Ай мен Айша ”, 152 бет).
Киіз үй – киізден жасалған қазақтың үйі [ҚТТС, 396 бет].
Қорыта айтқанда, Ш. Мұртазаның Ай мен айша романы тілін талдау
барысында 13 көнерген сөз теріліп, талдауға түсті.
Экспрессивті-эмоционалды(бейнелі) сөздер
Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивті-эмоционалды
лексика деп аталады. Сөздің экспрессивті сипаты оның бейнелі, мәнерлі
айтылуынан, ал эмоционалдығы оған қоса адамның бір затқа, құбылысқа өзіндік
көзқарасын, көңіл-күйін, сезімін білдіруінен көрінеді. Сөздің бейнелі,
мәнерлі айтылуы мен сезімге әсер ету қасиеті бір-бірімен тығыз байланысты.
Эмоция бар жерде экспрессивтілік болады. Ол эмоционалдық бояуы бар сөздер
арқылы білдіріледі. Әсіресе сүйіспеншілік, масаттанушылық, есіркеушілік,
еркелік, таңырқаушылық, жағымпаздық, қошаметшілік, өшпенділік, үрейлену,
сес көрсету сияқты адамның жағымды-жағымсыз қасиеттерін білдіруде жиі
кездеседі. Экспрессивті-эмоционалды сөздер барлық стильде бірдей қолданыла
бермейді, олар негізінен сөйлеу тілі мен көркем әдебиетке тән[3, 173 бет].(
Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы: Оқулық. – Алматы: ‟Сөздік — словарь” баспасы, 2006. – 264
бет)
Өмірдің күрделі әрі эмоционалды мәнді ырғағы адам әрекетінің
мотивациялық негізін құрайды және ол оның тілінде көрініс алады. Адамның
эмоционалдық әрекетін жан-жақты бейнелеу үшін түрлі деңгейдегі тілдік
құралдар пайдаланылады: интонация, синтаксистік құрылымдар мен сөздердің
орын тәртібі, сөз тудыратын жұрнақтар, лексикалық және фразеологиялық
бірліктер мен авторлық қолданыстар. Қазақ тіл білімінде эмоционалдық
лексика жайлы алғаш қалам тартқан- І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев. Эмоционалды
сөздер ғылыми әдебиеттерде эмоционалды мәнді және эмоционалды реңкті болып
екіге бөлінеді. Эмоционалды мән сөздер заттың логикалық мәнімен қатар өмір
сүре алады. Эмоционалды рең- эмоционалды мәннің тек жақын көрінісі ғана.
Мұндай рең интонация арқылы беріледі(И.П.Гальперин). Д.П.Горскийдің,
Х.Нұрмұқановтың пікірі де осы тұжырымды растайды[11, 7 бет]. Мұсабаева
Алдан Алтайқызы Қазіргі қазақ публицистикасында экспрессия және эмоцияны
білдірудің тілдік құралдары. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.- Қазақстан
Республикасы Астана, 2004.-29 б.
Қазіргі қазақ тіл білімінде эмоционалды лексика эмоционалды және
экспрессивті болып екіге бөлінетіні белгілі. Эмоцияны тіл біліміне телігелі
бері бұл мәселе туралы бір-біріне қарама-қайшы келетін талас пікірлер қатар
орын алып келеді. Тілде осыған байланысты жазылған лексикологиялық
еңбектерде эмоционалды, экспрессивті атауларын дәрежесі бір бейнелі
сөздердің категориялары ретінде қарау дәстүрге айналған. Алайда,
Н.А.Лукьянова экспрессивті сөздерді атауда экспрессив терминін қолдану
сәтті әрі тиімді. Ғалым: номинатив терминіне құрылымдық жағынан сәйкес
келе отырып, қарсы мағынада қолданыла алады. Және экспрессема (оның бір
мағынасы) сондай мағынада қолдануға мүмкіндігі бар деп есептейді.
Байқағанымыздай ғалым экспрессивтілікті кең ұғым ретінде санайды.
Экспрессив терминін өте кең, ауқымды түрде қарайтын ғалымдар қатарына
М.И.Черемисина мен О.А.Рыжкинаны да жатқызамыз. Олар бұл топтағы сөздерді
экспрессивті лексикалық қор деп қолданады.
Келесі топтағы ғалымдар, дәлірек айтқанда, Е.М.Галкина-Федорук,
Н.М.Павлова т.б. экспрессив терминін эмоционалды терминімен бір
деңгейде қарайды.
Экспрессия адамның сөйлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге ым, дене,
бет қимылдары, жұмыс кезіндегі адамның барлық мінезінде пайда болады. Тілде
экспрессивті элементтер мен эмоционалды элементтерді айыру, олардың өзара
байланысына қарамай, функционалдық мақсатының бөлек болуымен түсіндіріледі.
Эмоциялық ой және ерікпен бірге бір қатарда тұрады және олардың тілде
қолданылу тәсілдері бар. Экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің
пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қабылдануы мүмкін[12, 6 бет].(
Жонкешов Б.С. Эмоциналды бірліктердің тілдік табиғаты(семантика, сөзжасам,
фоносемантика). Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның авторефераты, алматы-2006.-29 б.)
Тілдегі эмоционалдылық мәселесімен айналысушы лингвистердің алдында
бір – бірімен байланысты екі мәселе тұрады. Оның біріншісі, жалпы
лексикалық қордан эмоционалды мән туғызатын сөздерді бөліп алу да,
екіншісі, оларды семантикалық топтарға топтау. Осы мәселеге арнайы қалам
тартқан тілші – ғалымдар семантикалық анализдеудің лингвистикада екі жолы
бар деп көрсетеді:
1. Парадигмалық мағынаны талдау және сол сөздердің қандай синтагмалық
мағынаға ие бола алатынын байқауға мүмкіндік алу;
2. Сөздің синтагмалық мағынасын контекстік талдау арқылы және осы сөздің
семантикалық құрылымды құраушы мағынасын анықтап алу, яғни оның
парадигмалық мағынасын анықтау.
Орыс ғалымы Т.А.Трипольская эмотивті – экспрессивті лексиканы
анализдеудің 5 түрлі әдіс – тәсілдерін көрсетеді. Олар мынадай:
1. Идентификация әдісі;
2. Дефинициялы талдау;
3. Контексті талдау;
4. Компонентті талдау;
5. Психолингвистикалық талдау [13, 3 – 8 бет].
( Мұсабаева Алдан Алтайқызы Қазіргі қазақ публицистикасында экспрессия
және эмоцияны білдірудің тілдік құралдары. Филология ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты.- Қазақстан Республикасы Астана, 2004.-29 б.)
Тілші – ғалым Жонкешов Б.С 2006 жылы қорғаған ‟Эмоционалды
бірліктерінің тілдік табиғаты” атты кандидаттық диссертациясында Қазіргі
тіл білімінде эмоционалды (эмотив – экспрессив) сөздер сөз мағынасының
аспектісі ретінде тіл білімінің өзекті мәселелерінің біріне айналды. Атап
айтқанда, эмоционалдылық мәселесі ағылшын, француз, литва, орыс, якут,
қазақ, өзбек, жапон, қытай т.б. тілдерінің материалдары бойынша
зерттелініп, оған арнайы және жанама көптеген еңбектер арналды. Бұлар әр
түрлі аспектіде, жеке лингвистикалық (лексикологиялық және
лингвостилистикалық), социолингвистикалық, психолингвистикалық негізде
зерттелінді. Олардың негізгілері ретінде шетел ғалымдары К.Эрдманның,
Ш.Баллидің, орыс ғалымдары В.В.Виноградовтың, Е.М.Галкина – Федоруктың,
Н.А.Лукьянованың, сондай – ақ қазақ ғалымдары І.К.Кеңесбаевтың,
М.Б.Балақаевтың, Ғ.Ғ.Мұсабаевтың, А.Ысқақовтың, М.Томановтың,
Ә.Т.Қайдаровтың, Ш.Ш.Сарыбаевтың, Е.Жанпейісовтың, Ш.Ы.Нұрғожинаның,
Х.Нұрмұхановтың, Ф.М.Ахметжанованың, А.Т.Таткенованың және т.б. ғалымдардың
еңбектерін атауға болады.
Қазақ тіл білімінде бұл саламен айналысушы зерттеуші – ғалымдар
аталмыш сөздер тобын стилистикалық және лексикалық (семантикалық) деңгейде
қарастыруды дәстүрге айналдырған.
Экспрессивті-эмоционалды лексика әртүрлі жолмен пайда болған:
1.Бірқатар … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz