Алматының инвестициялық тартымдылығын қалай көтеруге болады

0

2018 жылғы 25 желтоқсан 12:56 91

Алматының инвестициялық тартымдылығын қалай көтеруге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Құқықтық статистика әдістемесін өзгерту арқылы Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға болады. Бұл туралы бүгін «Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығы» атты конференция барысында  ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика комитеті төрағасының орынбасары Бақыт Әбішев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқықтық статистика қалай қалыптастырылады? 2015  жылдан бастап Қылмыстық іс жүргізу кодексінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінің нормасы бар. Барлық арыздар автоматты түрде тіркеледі.  Осы тұрғыда Қазақстан Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де елдерді зерделеуде. Мұндай ешқандай проблема жоқ. Барлық арыз автоматты түрде жүйеге тіркеледі», – деді ол.

Төраға орынбасарының айтуынша, комитетте барлық статистика толықтай бар. Дегенмен, әсіресе құқық қорғау органдары тарапынан арыздарды манипуляциялау фактілері кездесіп жатады.

«Бұл қалай орын алады? Айдың соңында, соңғы есеп беру күнінде олар заңсыз қайта жіктелім жасайды. Өкінішке орай, мұндай фактілер өте көп. Бұл – проблема. Барлығымыз да білетіндей, ішкі істер органдарына үлкен реформа жасалғалы жатыр. Осы ретте өзге дамыған елдердің статистиканы қалыптастырудағы халықаралық тәжірибесін зерделеу қажет. Ведомствомыздың аясында ақпараттар болғанымен ол жетіліксіз. Дамыған елдерде қылмысқа қатысты есептер бізге қарағанда өзгеше жүргізіледі. Біз өткен жылғы көрсеткішпен салыстырамыз. Ал БҰҰ және өзге шетелдік ұйымдардың әдістемесі бойынша 10 мың немесе 100 мың деп халық саны бойынша есептейді», – деді Бақыт Әбішев.

Оның айтуынша, шетелдік әдістеме арқылы есептегенде біздегі қылмыстылық деңгейіне қатысты көрсеткіш өзгеріп шыға келеді.

«Мәселен, ескі әдістеме бойынша Алматы қылмыс бойынша бірінші орында тұрса, жаңа әдістемемен есептегенде ортасына қарай ығысады. Бұл көптеген мәселені шешеді. Ең алдымен бұл – азаматтардың қауіпсіздігі мен қаланың инвестициялық тартымдылығы», – деді ол.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз