Қыздарға кеңес: Арықтау жаттығулары және семіздіктен арылуға 7 кеңес
Арықтауға арналған 6 жаттығу
1. Шынтақ тізе
Түрегеліп тұрып, қолды айқастырып мойынға салыңыз, шынтақты мейлінше артқа қарай жіберңіз. Сол қалыппен төмен иіліп, оң шынтағыңызды сол тізеге, сол шыңтақты оң тізеге тигізіңіз. 20 рет қайталаңыз.
2. Бір жаққа иілу
Орындықтан бір қадам алшақ тұрып, сол аяқты орындыққа қойыңыз. Оң жаққа иіліп, қолдың ұшын оң аяққа, кейін аяқтың басын тигізіңіз. Дем алып, асықпай 10 рет қайталаңыз.
3. Аяқты тасымалдау.
Шалқаңыздан жатып, қолды шынтаққа бүгіп, алақанды бір біріне тіреңіз. Сол аяқты созып, оң аяқты тізеден бүгіп, сол жаққа жамбаспен бұрылып, орнына келіңіз. Оң аяқты созыңыз. Кейін сол аяқпен де орындайсыз. 15 рет қайталаңыз.
4. Денені шыр айналдыру.
Екі аяқты алысырақ ұстап, түрегеп тұрыңыз. Қолыңызды мықынға тіреп, денені алға, солға, оңға бұрып, айналыңыз. Кезекпен кезек айналдырыңыз. 10 рет қайталаңыз.
5. Денені баяу бұру
Алдымен еденге жайғасып отырыңыз. Кейін екі аяқты екі жаққа созып, қолыңызды алға созыңыз. Денені сол жаққа, одан соң оң жаққа, баяу бұрыңыз. Шалқадан жатып, денені босаңсытып, қалыпты дем алыңыз. 4 рет қайталаңыз.
6. Бір қырымен жатып, орындалатын жаттығу.
Өте қиын жаттығу. Тыңғылықты орындасаңыз бел мен мықымның арықтауына әсер етеді.
Сол аяқты бүгіп, сол қырымен жатып, оң аяқты оның толарсығына салыңыз. Алақанды бірінің үстіне бірін қойып, маңдайды тіреп, төмен қарап жатыңыз. Бір дегенде отырып, сол аяғыңызды көтеріңіз, оң қолыңызбен толарсағыңызды ұстаңыз. Оң аяқты қалпында қалады. Бірден толарсаққа дейін жетпесе, абыржымаңыз, күніге жасасаңыз жетеді. Дұрыс дем алыңыз. 3 рет, кейін 10 рет жасаңыз. Оң жаққа ауысып қайталаңыз.
Сезіздіктен арылуға 7 кеңес
1. Су. Арықтуға арналған емдәмнің негізгі түрі. Сұйықтықтың шамадан тыс кідіруін төмендетеді. Денемізді сусызданудан қорғайды. Сусызданған ағза, шөлді аштықпен шатыстыруы мүмкін. Бұл құнарлылықты қолданылуына әкеледі.
2. Салат. Дәрумендерге бай болғандықтан ағзадағы артық майдан арылуға мүмкіндік береді.
3. Алма. Асішердің алдында алма жеген адам көбірек салмақ жоғалтады. Алмамен ашығу нәтиже бережі
4. Жұмыртқа. Таңертеңгі ас зат алмасуды жеделдетеді. Көп калорияны азайтамыз. Жұмыртқа жеген адамдар күні бойы аштықты сезінбейді. Құнарлы асқа онша тәбеті зауқы соқпайды.
5. Сүт. Майдың мөлшері аз сүт өнімдерінде кальцийдің көп мөлшері бар. Сүт құрамында кальцийді сіңіруне мүмкіндік туғызады.
6. Майсыз ет. Күркетауық немес сиырдың еті сияқты, майсыз түрлерінің құрамында бұлшық еттердің түзілуі үшін қажетті көп ақуыз бар.
7. Грейпфрут. Арықтаға арналған тамаша элементі болып келеді. Құрамында көп пектин, май деңгейінің азаюына әсер етеді.