Қыс мезгіліндегі тіс денсаулығы

0

Қыс мезгіліндегі тіс денсаулығы

Қыста біздің ағзамыз дәрумен жетіспеушілігімен қатар, суықтан да қиналады. Тыныс алатын суық ауа себебінен көптеген адамның тіс сезімталдығы артады. Ендеше, қыс мезгілінде тіс денсаулығын қалай күтеміз?

Құрамында фторы бар тіс пастасын таңдаңыз

Егер суық ауа райында тісіңіздің сезімталдығы артқанын байқасаңыз, арнайы сезімтал тіске арналған тіс пастасын алған жөн. Сондай тіс пасталарында әдетте, фтордың көп мөлшері болады, ал ол өз кезегінде сезімталдықты азайтып, эмальді қатайтады.

Жылы сұйықтық ішіңіз

Суық күні суық сусын ішу тісті қатты салқындатып жібереді. Сол үшін эмальда ұсақ жырықтар пайда болады. Тіске температураның бірден өзгерісі байқалмас үшін шайды түтікшемен ішуге болады.

Мұрын арқылы демалыңыз

Мұрын арқылы демалған кезде тіс суық ауадан қорғалады. Егер суық күні физикалық спортпен (мысалы, шаңғы немесе коньки тебу) шұғылдансаңыз, мұрын арқылы дем алып, ауызбен дем шығаруға болады.

Тәтті тағамды азайтыңыз

Тәттілердің құрамындағы көмірсулар да қышқыл тағамдар сияқты эмальді және тіс бетін бұзады. Сондықтан тіс сезімтал бола түседі.

Иммунитетті жақсартыңыз

Қыс – тұмаудың мерзімі, ол жалпы ағзаны әлсіретіп қана қоймай, тіс денсаулығына да негативті әсер береді. Ауру мұрын мен тамақ ауыз қуысына ауру жұқтыратын бактерияларды үздіксіз әкеледі. Соның кесірінен, жағымсыз иіс немесе стоматит пайда болады.

Тіс щеткасын жиі ауыстырыңыз

Қыста вирус ауа-тамшылы жолмен ғана емес, гигиена құралдары арқылы да, мысалы тіс щеткасымен жылдам тарайды. Щетканы әр үш ай сайын ауыстырып тұру керек.