Спорт мектебінің мамандарына оқушыларын киноға апаруға міндеттеген

0
Спорт мектебінің мамандарына оқушыларын киноға апаруға міндеттеген


Ашхабадта спорт мектептерінің жаттықтырушыларына жұмыстан тыс оқушыларын өз есебінен киноға алып баруға міндеттеген.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, қараша айында күшіне енген талапқа сәйкес, әрбір мұғалім кемінде бес-алты оқушыны ертіп, киноға бару керек, – деп жазады Сentralasian.org.

Кинотеатрларда билет құны 2,5 манат ( Түркіменстан Орталық банк бағамы бойынша, 1 доллар – 3,5 манат ) тұрады.

Мәліметтерге қарағанда, Ашхабадтағы кинотеатрлардың репертуарлары соңғы жылдары жаңартылмаған.

Мұғалімнің бірі мұны кинотеатр залдарын толтыру үшін, қала билігінің ойлап тапқан жоспары дейді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз