Бердібек Сапарбаев: Жеті қырдың астындағы жауҺарлар

0
115

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты мақа­ласы – төл тарихқа, түп-тамыры­мыз­ға үңілуден туған толға­ныс. «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­ма­лық мақа­ласының жалғасы.

Ұлт тарихындағы кеңіс­тік пен уақытты саралай келе, Ел­басы бабадан қалған Ұлы даламыз өркениеттің өзгелерді таңғал­дырар ошағы болғанды­ғын те­гін­нен-тегін тілге тиек етіп отыр­ған жоқ. Ерсілеу болса да ай­тайық, әлемнің тең жарымы жабайылықтан енді арылып, жапырақ жамылуға қолы жеткенде, Ұлы даланың перзенттері болат балқытып, тасқа әліппесін жазды. Алтыннан сауыт киіп, даңқы жарты әлемді шарлады. Алтай мен Атыраудың арасын ғана емес, ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы тарих тасын өзін­ше дөңгелете алды.

Президент аталған мақа­ла­сында атқа міну мәдениетіне айрықша екпін береді. Жылқы – бабамыздың пырағы ғана емес, қазақтың жаны мен жүре­гі. Мыңжылдықтар бойы Ұлы дала дүрбелеңінде тақымынан тұлпары кетпеген қазақ, аттан түскен күні көңілі пәс, кеудесі еңкіш тартып отарланып жүре бермеді ме?! Жылқыны тек төрт түліктің бірі деп қарамаған, қаймана қазақ баласы үшін арғымаққа ер салып, еңку-еңку жер шалу – бабалар өмірінің өзегі болған-ды. Тайбурыл мен Байшұбарды тақымдаған батыр бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы әлемді білімімен, өнерімен жаулап алса – атқа мінген аталар ар­манының орындалғаны. Міне – Елбасының меңзегені осы мұрат.

Ұлы дала төсінде темір­ден тү­­­йін түйіп, алтын-күмістен сауы­­­­тын сайлап, табиғаттың тыл­­­сым дүниесімен аса бір жара­сым та­ба білген ата-бабалары­мыз өрке­ниеттің теңдессіз мате­риал­дық құн­дылықтарын тарихтың тылсымына қалдырды. Қадау-қадау мәселелерді алға тарта келіп Елбасы: «Бүгінде төл тари­хы­мыз­ға оң көзқарас керек… Ең бас­тысы, біз нақты ғылыми де­рек­­терге сүйене отырып, жа­һан­­дық тарихтағы өз рөлімізді ба­йып­пен әрі дұрыс пайымдауға тиіс­­піз», деп зерттеуші қауымға қа­йы­­рыла үлкен міндеттер жүктеп отыр.

Аты әлемге әйгілі «Алтай – адам­­заттың алтын бесігі», деген ұғым, бүгінде ақиқатқа ай­на­луда. Дала өркениетінің түп қазы­ғы түркі дүниесі болса, түр­кі әлемінің қара шаңыра­ғы – Қазақ­тың елі. Өркениеттің өзегі – Ұлы Жібек жолы қазақ­тың сахарасында өріліп жатты. Әлемдік брендке айнал­ған Алматының апорты, әлемге тараған дала қызғалдағы. Сөз арасында айта кетейік, біздің Ақтөбе де – қызғалдақтың отаны. Былай қарасаңыз бәріміз күн­де естіп, біліп жүрген қарап­а­йым нәрсе сияқты. Нұрсұлтан Әбішұлының осы бір жеміс пен гүлге ерекше назар аударып отырғандығында үлкен мән бар. Ол – тарихтың қойнауына кеткен түп-тамырды іздеу, теңізге құяр бұлақтың әуелгі көзін табу, Ұлы дала кереметтерін жаңғырта әлемнің есіне салу, сол арқылы өркениеттің көш басында тұрған біздің ата-бабаларымыздың жолымен алға ұмтылу, көш бастау.

Ол үшін «Тарихи сананы жаң­ғырту», керек дейді Елбасы. Ал­ма­ғайып заманда қазақтың тари­­хы тасқа түспей қалған. Бас­­­қаны айтпағанда, бертінгі Абай­­дың өз қолымен жазған бір өлеңі кейінгі ұрпаққа жетпеген. Сол себепті Елбасының «Архив – 2025» деп ерекше қадап айтып, іргелі зерттеулерді қолға алу­ға, тарихи-археологиялық ізде­ніс­терді жандандыруға тапсырма беруі үлкен серпіліс бола­ты­ны­­на біз сенімдіміз, бұл іс­те өңір­лер аса қарқындылық та­ны­т­­уға тиіс­піз. Президенттің ке­ле­сі ай­­тып отырған Ұлы дала­ның тұл­ға­­ларын айшықтай түсу идея­сы «Рухани жаңғыру» бағ­да­р­­л­­а­ма­­сы­­ның заңды жалғасы деп бі­ле­­мін. Бұл идеяның «Ақ­төбе а­қ­таң­гер­лері» деп бас­тал­ған бір­­неше жобаның әрі қарай жал­ға­­суы­­на септігі орасан деп ойлаймын.

Кешегі Ер Едігенің, Асан қайғының, Қобыланды батырдың ізі қалған киелі мекен Ақтөбе өңі­рі үшін «Түркі өркениеті» жо­басы­ның да мәні зор. Елбасы кітап­ханасы көшпелі көрмесінің Ақ­­­тө­беге келуімен тұспа-тұс ашыл­­ған Тарихи-өлкетану мұра­жайы­­ның жаңа ғимараты Прези­дент­­­тің айтып отырған «Ұлы дала­­ның ұлы өркениеттері» атты жал­­пы­­ұлт­тық тарихи жобаны іске асы­р­у­ға толық мүмкіндігі бар деп ойлаймын.

Ұлы даламыздың даңқын асыр­­ған – жеті қыр. Осы жеті қыры­­мызды жіліктеп, бүгін­гі қазақтың рухын жанып, өзегін бо­лат­тай мығым ету мақ­са­тын­­да жазылған бағ­дарлама­лық ма­қа­ладағы мін­деттерді орын­дау Мәңгілік Ел шаңырақ-платфор­масы­ның ке­зек­ті бір керегесін кеңейтумен ай­қындалмақ.

Бердібек САПАРБАЕВ,

Ақтөбе облысының әкімі