Қуыршақты киіндіру – Ашық сабақтар – Bilim

0
144

– Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?


-Күзде ауа -райы қандай болады?


-Күзде бәріміз қалай киініп жүреміз?


-Дұрыс айтасыңдар,күз мезгілінің соңғы айы- қараша айы  .Қараша айы басқа айларға қарағанда суық, ызғарлы болады.


-Қараша айын қоңыр күз деп айтамыз.


Ғажайып сәт


Балалар тыңдап көрейікші есік қағылған сияқты Кім болды екен?


-Ой, балалар ,бізге кім келіпті?


Қуыршақ Айжан балалармен амандасып ,өзін таныстырады.


-Балалар мен өзіммен бірге сиқырлы сандығымды ала келді.


-Балалар далада күн суық, менің достарыма жылы киім киімдерін киінулеріне көмектесесіңдер ме?


Тәрбиеші:


-Балалар, қуыршақ Айжанның достарына киінулеріне көмектесеміз бе?


Олай болса ,Айжан ,жоғары шық ,төрлет.


-Балалар, қане, барлығымыз


тақтаға көңіл аударайықшы. Мынау қыз баланың төрт мезгіліне арналған киімдері:жазда жеңіл шолақ көйлек, жеңіл аяқ киім,


күзде жеңі ұзын көйлек, жеңіл аяк киім киеді


көктемде кеудеше етік киеді қыста үстіне тон, басына бас киім киеді


Ал, мына жерде ұл баланың жылдың 4 мезгілінде киетін                     киімдері :жазда шолақ шалбар, жеңіл аяқ киім;күзде кеудеше  шалбар ,аяқ киім;көктемде үстілеріне бешпет, бас киім ,аяқтарына аяқ киім киеді қыста үстіне күртеше, бас киім аяқ киім киеді.


-Балалар ,қане бойымызды сергітіп алайық.


-Тербеледі ағаштар,


Алдымнан жел еседі


Кіп -кешкене балалар


Үлкен болып өседі.


-Балалар, енді ойын ойнайық.


Д/О  «Қуыршақты киіндіру»


Тәрбиеші : күздік киімдерді қуыршаққа кигізіп көрсетеді: бас  киім, кеудеше ,шалбар, етік.


-Балалар, сендер енді өздерінің қуыршақтырыңды киіндіресіңдер.


Ұл балаларға ұл баланың суреті қыздарға қыз баланың суреті үлестіріледі.


Әр баладан кигізген киімдері мен түстерін сұрау.


-Айзере, қуыршағының аты кім?


– Күртешесінің түсі қандай?


-Шалбарының түсі қандай?


-Аяқ киімнің түсі қандай?


-Бас киімінің түсі қандай?


Тәрбиеші: Айжанға арнап балалар тақпақтарын айтады.


Қуыршақ Айжан балаларға рахметін айтады.


-Балалар, қане барлығымыз бірге достарымызбен қол ұстасып тұрайық.


Тәрбиеші: балалар біздің достарымыз көп болды. Достар бірін -бірі ренжітпей бірге ойнайды.


-Қане, барлығымыз Айжанға «рахмет» айтайық.


«Жүректен жүрекке»


«Дос болайық бәріміз»


Жарасып тұр әніміз


Бәріне қош бол айтымыз


Біз серуенге шығамыз»




Дереккөз: http://bilim-all.kz/