Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

0

Қабілет және дарындылық: мәселесі, ұғымы, өлшемі.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … …3
… … … … … … … … .. … … … … ..
1)Қабілет пен дарындылық 5
психологиясы … … … … … .. … … … … … … … … … .
1.1 Қабілет және дарындылық психологиялық ұғым 5
ретінде … … …
1.2 Дарындылықтың психофизиологиялық ерекшеліктерін 10
анықтау … …
1.3Қабілет пен дарындылықтың жанұяда дамуының маңыздылығы … … .12
2)Балалар дарындылығының ғылыми-теориялық 15
негіздемесі … … … … … … ..
2.1Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру және оның әдістері … ..15
2.2 Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін 24
дамыту … … … …
      2.3 Қабілет пен дарындылықты анықтайтың шығармашылық    28
      тапсырмалардың күрделілік
деңгейі … … … … … … … … … … … … … … … …
Қорытыңды … … … … … … . … … … … … … … … … …30
… … … … … … … … .. … … …
Пайдаланған 31
әдебиеттер … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … …

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Дарындылық пен қабілет дегеніміз деген не? Сирек
кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Және дарынды
балаларға қалай қарау қажет? Олар ерекше бағыт пен ерекше даму, көзқарасты
қажетсіне ме? Дарындылық пен қабілет көптеген балалар үшін, ата-ана мен
мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін
маңызды проблема болып, ең алдымен оңын шынайы байқаулары, анықталу
тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы болып табылады. Дарынды балалар
жөніндегі бүгінгі қамқорлық –бұл ертенгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік
өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды,
анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруда көмек беру бағдарламалары
бар. Дегенменен, дарынды және қабілетті балаларды анықтау және дамыту
проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны
шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де
проблема бар.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды
балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең көкейтесті мәселе болып
табылады. Дарынды балаларға бүгінгі қамқорлық − бұл Қазақстан Республикасы
ғылымының, мәдениетінің және әлеуметтік өмірінің болашақ дамуына деген
қамқорлық. Жоғары деңгейдегі жеке жетістіктер әдетте тұлғаны өзін-өзі қолға
алуға ықпал ететін және қоғамды алға жылжытатын қозғаушы күш. Бала
дарындылығын дамыту жүйесі мұқият ойластырылуы, шынайы дараланып және оны
жүзеге асыру қолайлы жас кезеңдеріне сай болуы тиіс. Дарындылықты дамытудың
осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық шақ болып табылады.
Заманауи білім беру тәжірибесі көрсеткендей балалар арасында айтарлықтай
айырмашылықтар болады. Құрбыларына қарағанда шығармашылық қабілеттерімен,
жіктей білетін, жалпылай білетін, өзара байланысын таба білетін
біліктіліктерімен неғұрлым дамыған зайырлы балалар айырықша көзге түседі.
Олар үнемі өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ізденіс үстінде болады,
зеректік, дербестік, белсенділік танытады. Тұлғаның шығармашылық әлеуетін
іске асыру мәселелері ажырамас бөлшегі болып табылатын дарынды балалармен
жұмыс мектепке дейінгі ұйым жұмыстарындағы басым бағыттардың бірі. Мектеп
жасына дейінгі балаға жоғары танымдық белсенділік, көтеріңкі әсершілдік,
ақыл-ой жүктемесіне деген сұраныстар тән. Оларда сезімталдық, жарқындық,
үлгілерді нақты ұсыну және оларды жеңіл қолдана білу жақсы дамыған.
Мектепке дейінгі жастың ерешеліктері қиялдау, шығармашылықпен елестету,
стандарттан тыс ойлай білу болса, мұнан басқа айырықша сезімталдығы,
айналасына сергектікпен қарайтындығы анық байқалады. Бұдан шығатын
қорытынды, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін дарындылықтың алғышарттары
байқалған балаларды уақытында анықтау, олардың қабілеттерін сақтау және
одан әрі дамыту үшін, балалардың жеке белсенділіктеріне сүйене отырып,
педагог-психологтардың, тәрбиешілердің, арнайы мамандардың, ата-аналардың
күшін біріктіретін арнайы жұмыстар жүргізілуі қажет. Тұлғаның даралық
құқығы жүзеге асырылатын нақты нұсқалардың бірі дарынды балалармен жұмыс.
Бұл Мектеп жасына дейінгі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыру
бағдарламасының көкейтестілігі жоғарыда айтылғандардан анық көрінеді.
Мақсаты: Зияткерлік, шығармашылық дамытуға бағытталған мектеп жасына
дейінгі дарынды балалармен жұмыстар жүргізуге жағдай туғызу.
Объектісі: Қабілет және дарындылық.
Пәні: Қабілет пен дарындылық ұғымдарынын салыстырмалы сипаттамасы.
Міндеттері:
1. Дарынды балаларды жан-жақты, эмоциялық және әлеуметтік дамытуға ықпал
ететін жағымды заттық — кеңістіктік дамытушы орта құру.
2.Дарынды балалалармен жұмыстар ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктерін
оқып үйрену.
3.Мектеп жасына дейінгі балалар дарындылығын диагностикалауды жүргізу.
4.Дарынды балалаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасауға ұсыныстар.

5. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері мен атааналардың
бірлескен қызметтерін үйлестіру.

1. ҚАБІЛЕТ ПЕН ДАРЫНДЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ.

1.1 Қабілет және дарындылық психологиялық ұғым ретінде

Күнделікті ауызекі сөзде қабілет деген атау жиі қолданылады. Мәселен
мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне
қабілеті күшті екенің айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар
жүктелгенде олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің
музыкалық, үшіншінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән
беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның әрекетінің бір түріне
жарамдылығын көрсете тетін дара ерекшелігі болатының байқатады. Мұндай
ерекшеліктер іс — әрекеті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы
көрініп отырады. Мысалы біреу алған бұрқыратып тез бітіріп тастайды және
жұмысты өте нәтижелі етіп шығарады. Ал, екінші біреу өте баяу қимылдап, әрі
істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілетігі
екіншіге қарағанда әлде қайда жоғары екенді айдай анық көрініп тұр.
Қандайда болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде
күшті, біреуде шамалы болып келеді.Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес
екеннің дәлелдейді дегенде тендік деп адамдардың қабілеттерінің тендігі
немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсінеді.
Сыншылдығы, материалды еске тез қалдыру, зейінділік пен бақылағыштық,
зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін
өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады. Іс-әрекеттің жеке салаларында
ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы
қабілет деп аталады. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спорттың,
математик-ғылымның ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы
кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске
қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғышты,педагогтық,консрукт ивті-
техникалық қабілеттерді жатқызамыз.Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің
басты салаларынағылым,өнер,практика болып бөлінеді. Адам қабілетінің жан-
жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін, ой еңбегі мен дене еңбегі болып
бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандыққа танылып
қоюын бірте-бірте жоюды көздейді. Әрине бұдан еңбектің түрлі салалары
жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы
адамның дене күшінін де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның
білімі, шеберлігі, іс-әрекетінің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе
мен білім икемі дұрыс ұштасқанда ғана ғылым, техника, әдебиет пен өнер
саласындағы адамның қабілеті, дарыны, таланты дамып оның ойдағыдай өрістей
түсуіне, дамуына кең мүмкіндіктер жасалды. Адамның кейбір өзгешеліктері
ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасына ұқсап
тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің, кейбір анализаторлардың
ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді.
Нышанның соңғы түрі қабілет пен дарындылықтың дамуы мен жетілуінде белгілі
бір орын алады. Мысалы, баланың естуі анализаторлардың жетіле дамуы
музыкалық қабілет үшін, көру анализаторларының өзгешелігі сурет қабілетінің
көруне септігін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты
бола алады. Ол адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан
нышаны болсада дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса,
оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол
нышанға негізделіп адам өмірінің жан жақтылығына қарай түрлі қабілет пен
дарындылық қалыптасады.[1]
Күнделікті ауызекі сөзде “қабілет” деген атауды біз жиі қолданамыз.
Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика
пәніне қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық
жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық,
екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған
ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне
жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай
ерекшеліктер іс- әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы
көрініп отырады. Мәселен, біреу қолға алған ісін бұрқыратып тез бітіріп
тастайды ал екіншісі оны өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп
орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге
қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. Қандай да болмасын бірер
нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде
шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін
дәлелдейді — дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе
дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз
адамдардың тең емес екенін білеміз. Қабілеттіктік өлшем — белгілі бір істің
нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір
түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің
ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының
болуына байланысты болады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының
үлгеріміне көңілі онша тән қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен
жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін
болса, бұдан гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім
қолынан істесе, іс келетінін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы
әрекетке бойын жөнде ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай
отырғанын айтып отыр. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін
көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады.
Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу,
зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-
ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады. Іс-
әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына
мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған
суретшінің,музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б.
қабілеттерін жатқызуға болады. Адам қабілеттінің дамуы қоғамның дамуына,
оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып
отырады. Мәселен капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан
алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені
қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми
білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне
қолайлы жағдай туғызды. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін
дарындылық дейді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса ол ерте көзге
түсетін болады. Дарынды баланың қабілеті әдетте ерте ашылатынын біз зерттеу
жұмыстарынан байқап жүрміз. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын
ерте меңгереді. Бес-алты жаста ондай балалардың білгенінен, өзінен екі есе
үлкен балалардың білгенінен артық болады. Кейде олар тіпті мектептегі оқуға
көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі. Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін —
талант деген сөзбен белгілейді. Талант — бір әрекетті творчестволықпен
орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі.
Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерде
көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз
байланысты. Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік
беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге
болады. Өйткені адамның белгілі әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған
көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар
бейімділік әрекеттің бір саласына, әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті
балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.
Балалық кезде ерекше көзгетүсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің
көрсеткіші болып та табылады. Мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне
қулағының елеңдеуі, онда музыкалық кабілетке байланыстн табиғи негіздің бар
екендігін көрсетеді. Адамның әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны
тәжірбелі етіп орындауында. Меселен, бала сабақ үлгеруде, қатарындағы
баладан көп ілгері озып кетіп отырады.[2]
Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен
жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт,
күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі
іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді,
музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл
қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне
айналмайды, ол адам жай ғана орташа кәсіпкерге айналады. Қазіргі кездегі
жаңа әлеуметтік — экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте
табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен,
білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады.
Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер алдында
да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу,
дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау. Әр түрлі іс-
әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол
істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы
тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан,
өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден — әркімде өз алдында,
қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз. Адам қабілетіндегі
айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәттілігінен не
сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық — адамда обьективтілікті жан-жақты
бейімділік — нақты іс-әрекетті орындауға талпыну, қызығушылық пен
бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып
отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер
туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен
шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-
әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-
бірімен үйлесім таба алады. Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі
үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі
сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен — еңбек сүйгіштік, табандылық,
батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай
өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына
сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.Адам
қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік,
талант, данышпандық, шабыт кіреді.
Дарынды балалар — жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет,
техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны
бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық
дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері
осыған негізделген). Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені
ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын
балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет
салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға
дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым
арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз
емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен
балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген
жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа
біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің
қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға
байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан
ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге
байланысты. Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек
-оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында,
балалардың белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады.
Ерте бастан мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды
балалардың анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика
мектептері) факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар,
мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің
конкурстарын өткізу және т.б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының
теңелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және
тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар
туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және
тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді. Баланың дарындылығы деп —
бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және
шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі. Дарындылық —
бұл дарын сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы
алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік
беріледі: Дарындылық — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше
табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі.
Дарындылық түсінігі қабілет түсінігіне өте жақын. Қабілеттілік сөзі
орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды.[6]

Д.Н.Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша:
— табиғи дарын
— бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі
Дарындылық — бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен
салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен
шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық — бұл тек ақыл-ой дамуының
жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған
кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық — бұл әлеуметтік
құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге
жетуі туралы сөз болып отыр. Әлеуметтік ортаның дарындылыққа байланысты
жүргізілген әр түрлі зерттеулерінің нәтижесі (әлеуметтік-экономикалық
қатынастар, қаржылық қамсыздандыру, әлеуметтік — күнделікті шарттар т.б.)
әр түрлі. Осыған байланысты келесідей тұжырым жасауға болады: әлеуметтік
-экономикалық шарттар дарындылықтың дамуына әсер етеді, өйткені, олар
адамның өмір деңгейін анықтайды. Қоғам экономикалық дамыған сайын, ол адам
дамуы үшін қолайлы болып келеді.[2]

2. Дарындылықтың психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Дарындылықтың психо-физиологиялық ерекшеліктерін айқындауда педагог-
психологтердің ұйғарымы төмендегідей:
— дарындылық-оқушының жоғары нәтижеге жетудегі ерекше қабілеттілігі,
жасампаздық мүмкіндігі(В.Шадриков,Л.Выготский,С .Рубинштейн);
-Д.Ж Рензули бойынша дарындылық дегеніміз –үш байланыстың үйлесімдігі;
жоғары интеллектілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш
қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды.Интеллектіліктің
жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды;
-дарындылықтың психологиялық құрылымы–шығармашылықтың негізгі құрылымдық
элементтерімен және адамның шығармашылық дамуымен сәйкес келеді.( А.
Матюшкин);
-дарындылық дамуының бастауы-оқушының танымдық қабілеті (А. Матюшкин,В.
Юркеевич).
Дарынды оқушыда басым болатын танымдық түрткі жаңалыққа ынталанудың,
жаңалықты жағдайды туындатудың,жай нәрседен жаңалықты байқаудың төменгі
баспалдағында пайда болатын ізденушілікке,зерттеушіллікке белсенділік
формасында көрінеді.(Е.Соколов,Хорн,ДжБернлайн ,Э.Голубева,Н.Данилова.)
Дарындылық ұғымы шығармашылық, талант, данышпандық, қабілеттілік, дарынды
бала ұғымдарымен байланысты:
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім
алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен
біліктіліктің болуы.Бұрын болмаған жаңа, соны өнім өндірудегі адамның
танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы мақсатты іс-
әрекеті(Б.Коротяев,Я.Пономарев, О.Тихомиров), онда шығармашылықты
ізденушілікпен, зерттеумен орындалатын іс-әрекет формасы деп нақты айтуға
болады. [8]
Талант-қабілеттілікті кең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен
сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Қабілеттік- адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу
арқылы қалыптасқан қасиет. Нақты адамға топталған білім, ептілік және
дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Психологтар дарындылықтың белгілерін екі аспектігі бөліп қарауды ұсынады:
инструменталды және мотивациялы.Инструменталды-қызметті ң тәсілін
білдіреді,мотивациялық- бала шындықтың және өзінің іс-әрекетінің түрлі
қырына қандай көзқараспен қарайды,оларға деген қарым-қатынасының қандай
екенін білдіреді. Америкалық ғалымдар дарынды бала мәселесін тәжірибелік
бақылауларға сүйеніп, өзара байланысты үш белгіге ерекше көңіл аударған:
танымның жоғары деңгейде дамуы,психикалық даму,физикалық мәліметтер.Оқу
үрдісінде жеке таным үрдісін, жалпы интеллектуалдық жүйені дамыту қажет.
Белгілі психолог Н.С Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп
атап көрсетті:
-ұқыптылық,жинақтылық,зейіннің тұрақтылығы,еңбек ету қабілетінің
жоғарылығы;
-ақыл –ой,логикалық ойлауының тездігі,кез-келген жағдайда талдап салыстыра
білуі;
-барлық күш-қуатын сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі.[4]
Дарындылық белгілері –дарынды бала бойындағы ерекшелік,ол шынайы іс-
әрекет пен бақылаудың бағалау жолдарымен пайда болатын іс-қимыл.
Балалар дарындылығын шешуде бір-бірімен тығыз байланысқан үш параметрге
назар аударылады: таным қасиетінің дамуы,психикалық дамуы,дене қабілетінің
дамуы. Дарынды балаларды оқыту үрдісінде білім берумен қатар психо-
физиологиялық ерекшеліктеріне қарай шығармашылыққа баулу мен ғылыми
ізденіске бағыттау керек. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми
ізденіске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-
әректті қалыптастастыру үрдісі жүргізілуі тиіс.Мұны оқыту үрдісінде тиімді
орындау үшін белгілі тәртіптік жүйе қажет.Осы қажеттілікті орындаудың
жүйелі тетігі ретінде шығармашылыққа баулудың,ойдың дамытудың ізденіс іс-
әрекетті қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің бастапқы алгоритмдік жүйесі-
логикалық ойлау операциялары-оқыту технологиясының негізіне алынған.Оқыту
үрдісінде білім кеңістігіндегі логикалық ойлау операцияларын қолданудың
қолданудың әдістемесі қарастырылған.Оқыту технологиясының мақсаты-оқу
үрдісінің барысында оқушыларды жүйелі түрде шығармашылыққа баулу мен ғылыми-
ізденіске бағыттау.[16]

1.3Қабілет пен дарындылықтың жанұяда дамуының маңыздылығы.

Дарындылықтың дамуындада жанұя өте маңызды жағдай болып
келеді, соның ішінде:
• жанұя құрылымы мен оның эмоционалды климаты;
• бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;
• ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.
Жанұя құрылымы мәселесіне жүгіне отырып, балалардың көбі (87%), толық
жанұяларда тәрбиеленген деп айтуымызға болады. Жиі, 70% жағдайында жанүяда
балалармен және ата-аналармен қатар, туыстарының ішінен біреулер: әжелер,
апалар және ағалар, жиендері тұрады. Зерттелген балалардың ешқайсысында
кіші сіңілі — қарындастары немесе інілері болмады. Р.Зайонц зерттеулері
көрсетуі бойынша интеллектуалды дарындылық, жанүядағы балалар санынан
тәуелді. Р.Зайонц бойынша, жанұяда іні мен қарындас, сіңлілер көп болған
сайын интеллектуалдылықтың коэффициенті орташа болып келеді. Жанұя
құрылымы, көп жағдайда туыстар арасындағы қатынастар және жанұяның
эмоционалды климаты жүйесімен байланысты. Өзара қарым-қатынастың мазмұнды
жағы туралы айта келе, көптеген зерттеушілер балаға қарама-қарсы жынысты
ата-ананың әсері мәнді деп көрсетеді. Көптеген зерттеушілер дарынды балаға
жылылық, оны қабылдау, сүю және сыйлау қажет деп санайды.Бала мен ата-
ананың қарым-қатынас стилі туралы мәселе аса ауқымды зерттелген. Ғалымдар
баланы қатты бақылауға алу, күш көрсету, қысым көрсету сияқты стильдер
дарынды тұлғаны дамытуға мүмкіндік бермейді деп санайды. Р.Хесс және
В.Шипман өзара әрекетті ата-аналық стильдері императивті және инструктивті
деп бөлді. Императивті стиль үшін мынадай бұйрықтар сәйкес келеді: Мен
айтқан секілді жаса …, Тыныш отыр…. Ата-аналар баласының айтқандарын
бұлжытпай орындауын күтеді. Олардың қатынасы ересектің беделіне
негізделеді. Мұндай стиль балада пассивтік және тәуелділік пен конформизмді
дамытады. Инструктивті стильде ақпарат көбірек болады, ал талаптар мынадай
болып негізделеді: ойыншықтарыңды жина, ал мен еденді сыпырамын…. Ата-
аналар баласымен өзінің теңі ретінде әңгімелеседі. Олардың талаптары,
заңдылықтары саналы түрде жүреді. Бұл, балада инициативалықты дамыту
(бастау) және қаттылықты тәрбиелейді.
Ата-аналардың бала дарындылығына деген қатынасы маңызды болып табылады. Бұл
фактор — бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негізділердің бірі.
Бұл жағдайда қарым-қатынас типтері мынадай болып келеді:
• теріс
• ашуландырушы
• дұрыс-оң
• гиперсоциализация (ата-аналар дарындылықты, өз-өзін таныту
мүмкіндігін, өз баласының қабілеті арқылы жасауы немесе өздерінің
орындалмаған потенциалды мүмкіндіктерін іске асыру).[16]

Дарынды балаларда әділеттілік сезімі болады. Адамгершіліктің ерте
дамуы қабылдау мен таным процестерінің дамуы алға басуымен байланысты. Олар
қоршаған ортадағы әділетсіздікке өте сезімтал болады, өздеріне және
айналадағыларға үлкен талаптар қояды. Дарынды балалар есептерді шығаруда
ойын элементтерін енгізеді, қиялы дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы
терең дамыған (ойдан шығарған достары, аға-інілері, апалары). Дарынды
балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес келмеушіліктерді,
сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады. Дарынды балалар эмоционалды баланс
жетіспейді, олар балалық шақта шыдамсыз болады.Дарынды балалар энергиясы
көп болуымен және олар аз ұйықтауымен ерекшеленеді. Олардың моторлы
координациясы мен қолдарын басқару, танымдық қабілеттерінен артта қалады.
Оларға практика қажет. Мұндай балалардың интеллектуалды және дене-физикалық
дамуының арасындағы ерекшеліколарды толғандырып, өзбеткейлігінің дамуына
әсер етуі мүмкін. Дарынды балалардың көру процесі 8 жасқа дейін тұрақсыз,
оларға жақын қашықтағы фокусті алыстағыға алмастыру қиынға соғады. Дарынды
бала қарым-қатынас жүйесінде де ерекшеленеді. Мектепке дейінгі шақта,
олардың жүргізуші іс-әрекеті — рольдік ойындар. Балаларға құрбыларымен
жеткілікті түрде айқын және түрақты көрінетін қарым-қатынасқа деген
қажеттілік туылады. (М.И.Лисина, Л.Н. Галигузова), Дарынды балалардың мінез-
құлықтары мен жеке тұлғасының кейбір ерекшеліктері, оларды құрдастырының
түсінбеуіне, олардың өзара қарым-қатынасында дау-жанжал кездесуіне және
тіпті басқа балалардың оларды шеттетуіне әкелуі мүмкін. Оған мыналар себеп
болады: серіктесін тыңдай алмау, доминанттылыққа ұмтылу, бірге ойнайтын
ойындарда өзіне ұйымдастырушы ролін алу, өз білімін көрсетуге ұмтылу,
ересектердің зейінін өзіне аудартуға әрекет ету, табысы өзінен төмендеу
балаларға қатысты шыдамсыздық таныту, комформсыздық, басқаларды дұрыстау
әдетінің болуы Л.Хоменгуерт дарынды балаларды шеттетудің тағы бір мүмкін
болатын себебін көрсетеді: ойы жоғары болуына орай, дарынды балаларға өз
құрбыларының ойындары қызықсыз болуы мүмкін. Өз құрбыларымен өзара
әрекетінде қиындықтар кездескендіктен немесе олардың себептерін
түсінбеуінен, балалар ересектермен және үлкен балалармен достасуға
ұмтылады. Бірақ үлкен балалармен қарым-қатынасы кезінде, оларда қияндың
тууы мүмкін. Себебі, үлкен балалардың дене-физикалық дамуы озық болады,
сондықтан дарынды балаларға мұндай қоғамда лидер болу қиынға түседі.
Қозғалу дағдыларының дамуы алға басқан үлкен балалар сияқты бір нәрсені
жасай алмағандықтан, дарынды бала өздерінің адекватты еместігі мен өзіндік
бағалаудың төмен болып қалыптасуына әкелуі мүмкін. Өйткені, олар өздерінің
жетістіктеріне өте сыншыл болып келеді. Адамдармен қарым-қатынасында өзінің
мүмкіндіктері туралы пікірлері кесірін тигізеді. Сондықтан дарынды баланың
өз әрекетін іске асыруда Мен концепциясы маңызды болып табылады.[12,13]
Дарынды баланың интеллектуалдық қажеттілігі эмоционалды күйдің
күрделілігіне, неврозға және тіпті психозға әкелуі мүмкін. Ал невроздар өз
кезінде депрессияға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бала өзін айнадаланы танып
білуге неге ұмтылатынын түсіне алмайды. Ол шындық пен ойдан шығарудың
арасындағы шкаланы бұзатын өзінің қиялындағы әлемге кетуі мүмкін.Бала
қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет.Оларды
тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек.
Дарынды бала қысымды, шеттетуді, айқай-шуды көтермейді. Баланы мектепке
дейінгі уақыттан бастап шығармашылық еңбекке қатыстырып, шығармашылыққа
қолайлы жағдай туғызу қажет. Қабілетті дамыту үшін дарынды балалар өз
уақытын еркін жүмсап, кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз
мүғалімі жағынан назар аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі
қажет. Бұл жерде нені емес, қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды
баланың айтылған ойлар мен болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи
аналитикалық және сыншыл ой-тұжырымның дамулы екендігіне сәйкес келеді.
Қазіргі жағдайда дарынды балалармен жұмыс жасаудың түрі -балалар
шығармашылық үйлерін құру болып табылады.[16]

2. БАЛАЛАР ДАРЫНДЫЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ.

2.1 Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру және әдістері

Дарындылықты тұңғыш рет ағылшын антропологы Френсис Гальтон зерттеген
болатын. Ол дарындылық психологиясы тарихында үлкен еңбек сіңірді. Ф.
Гальтон дарындылық − тұқым қуалайтын факторлардың нәтижесі екендігін алғаш
рет дәлелдеуге тырысты. Оның Таланттың тұқым қуалауы − оның заңдары мен
нәтижелері атты кітабы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кең таралған
психологиялық еңбектердің бірі болды. Дарынды балалардың психологиясын
зерттеуде француз ғалымы Альфред Биннің орны ерекше, ол тұлғаның танымдық
әрекетіне сынақ жүргізген. Сонымен қатар, өте ұзақ зерттеу жүргізген АҚШ
ғалымы Льюис Тердің еңбектері дарындылық психологиясында үлкен рөл атқарды.
Заманауи психологияда ең кең таралғаны американдық ғалым Джозеф
Рензуллидің адамның зияткерлік қабілеті, креативтілікті туралы зерттеуге
арналған көптеген сынақтамаларынан тұратын тұжырымдамасы. Ғалымдардың ерте
заманнан бастап жинақталаған дарындылық мәселелері туралы тәжірибелері
қазіргі кезеңге дейін қолданылуда.
Дарынды баланы табу оңай емес, осы күнге дейін дарындылар санатына
жататын балаларды анықтайтын бірыңғай диагностикалау тетігі әзірленген жоқ.
Дарындылық ұғымы − бұл жүйелі, бір немесе бірнеше әрекет түрі бойынша
адамның басқа адамдармен салыстырғанда жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін
анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының сапасы. Дарынды бала −
белгілі бір әрекет түрлерінде табыстарымен жарқырап көрінетін, өресі биік
бала. Дарындылық − орта деңгейден жоғары зияткерлік қабілеттер,
креативтілік және қайсарлылық тоғысқан үш мінездеме. Дарындылықтың жас
ерекшеліктері Баланың дарындылығы өте ерте байқалады. Оның дамуының өте
қарқынды кезеңі 2 жастан бастап 5 жасқа дейін. Осы жаста тұлғалық негізі
қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды.
Әртүрлі салалардағы әрекеттерде ырық бермей, алғашқы ықтиярсыз
қабілеттері пайда болады. Мектепке дейінгі жастағы дарындылық бірнеше
кезеңдерден тұрады: Бірінші кезең (2-3 жас) бұл кезеңде бала алғашқы
сенсорлық әсер алады. Екінші кезең (3-4 жас) әрекеттерге еніп кетеді,
табиғи материалдардың бастапқы белгілері туралы түсінігі пайда болады, өте
белсенді, оған кең ауқымдағы әртүрлі әрекеттерге мүмкіндігі бар. Үшінші
кезең (4-5 жас) баланың шығармашылық ізденіс кезеңі, қосымша әрекеттер үшін
қабілетті балаларды біріктіруге болады. Төртінші кезең (5-6 жас) бала оң
нәтижелерге жетуге ұмтылады. Бесінші кезең (6-7 жас) дарындылық өздігінен
таныла бастайды. Дарындылық танылудың келесі кезеңі (11-14 жас) мәселелер
болжамдық (гипотезалық) құрылымға ие болады, зерттеушілік сипат алады.
Дарындылықты танудың қорытынды кезеңі (15-20 жас).[4,11]
Дарындылықтың белгілері – дарынды балалардың ерекшеліктері оның шынайы
әрекеттерінде көрінеді және оның әрекеттер сипатын бақылаған кезде
бағалануы мүмкін. Дарынды балалар тәртібінің уәждемелік аспектілері
төмендегі белгілермен сипатталуы мүмкін: көтеріңкі, заттық шынайылықтың
белгілі бір тұсын немесе өз белсенділігінің белгілі бір түрін таңдайтын
сезімталдық, әдетте қанағаттанған сезімде болады;белгілі бір әрекетке деген
аса қызығушылығы айқын көрінеді, қандай да бір затқа төтенше жоғары
ынталылық танытады. Еңбексүйгіштігі мен табандылығын көрсету арқылы белгілі
бір қызмет түріне аса икемі бар; жоғары танымдық қажеттілік, барлығын
білуге құштарлығы, сондай-ақ өзінің бастамасының қажетті шеңберден шығып
кететін дайындығы бар ; стандартты, кадімгі тапсырмаларды және дайын
жауаптарды қабылдамайды; өз еңбегінің нәтижесіне сынмен қарайды, аса
күрделі мақсаттар қоюға бейім, соған жетуге талпынды. Дарындылықтың
қалыптасу дәрежелері критериі бойынша дарындылық түрлері Дарынды бала
ұғымына, ондай балаларды табуға, олармен жұмыстың ерекшеліктеріне, олардың
психологиялық мәселелеріне (Л.А. Венгер, Ю.З. Гильбух, Н.С. Лейтес, Г.В.
Бурменская) көптеген еңбектер арналды.[3]
Соңғы жылдары балалар арасындағы дарындылық мәселесі көлеңкеден
шықты және бұл үлкен қызығушылық тудыруда. Бұл мәселелердің күмәнсіз
шынайылығы мен маңыздылығынан болып отыр. Көкейтесті дарындылық
−психикалық даму көрсеткіштері бойынша жас ерекшелігі және әлеуметтік
нормамен салыстырғанда нақты пәндік сала бойынша ең жоғары деңгейде
орындалған қызметтерден байқалатын баланың психологиялық мінездемесі.
Әлеуетті дарындылық − қандай да бір әрекеттерде жоғары жетістіктерге
жететін, белгілі бір психикалық мүмкіндіктері (қабілет) болады, бірақ
функционалдық жетіспеушіліктерінен өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруға
шамасы келмейтін баланың психологиялық мінездемесі. Айқындалу формасы
критериі бойынша дарындылық түрлері Айқын дарындылық бала
әрекеттерінде анық және нақты көрінеді (өзінен өзі сияқты), оның ішінде
қолайсыздық жағдайларда байқалады. Бала жетістігі өте айқын оның
дарындылығы күмән келтірмейді. Жасырын дарындылық бала әрекеттерінде шамалы
байқалып, жасырын формада білінеді. Ғалым педагог Л. В. Поповтың ойынша,
өз жасынан жылдам жетілген балаларда, жасының және жеке өзіндік белгілері
өте айқын, тіпті драмалық жағдайда байқалады. Жасына сай дамитын ақыл
ойының ерекше артуынан үміт етіп, ерте табысқа жетумен келісу оңайға
соқпайды. Жас ерекшеліктеріне сай өзіне лайықты назар аудартудың ұзақ
мерзімді мағынасы болмайды. Дарынды балалар ұғымы кең ауқымда
қолданылады.
Егер бала өзінің қатарының арасында шығармашылық жаттығулар да ерекше
табысты болса оны дарынды … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz