ҚМЖ Өлі табиғаттағы үдерістер

0
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы мектеп лицей Мерзімі:10-16.01.2018ж. Мұғалімнің аты-жөні: Кадиева А. Сынып: 6 Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Өлі табиғаттағы үдерістер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.4.1.1 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (таудың жасалу, мүжілу үдерістері, табиғатта заттардың айналымы) Сабақ мақсаттары Оқушылар:

  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді түсіндіреді;
  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдейді.
  • Бағалау критерийлері: 1. Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді атай алады;2. Өлі табиғаттағы үдерістердің себептерін түсіндіре алады;3. Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдей алады. Тілдік мақсаттар Оқушылар өлі табиғатта болып жатқан үдерістердің себептерін ауызша түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология:Модельдеу, тау түзілу, үгілу, жанартау, су айналымы.Айтылымға қажетті сөз тіркестері:Модельдеу дегеніміз …Тау түзілу процесі … жүзеге асады.Су айналымы … жүзеге асады.Су айналымының маңызы …Үгілу дегеніміз …Үгілу түрлері … Құндылықтарды дарыту Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.Құндылықтарды дарыту топтық және өздік жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Пәнаралық байланыстар Өлі табиғаттағы үдерістердің графикалық моделін әзірлеу барысында өнер пәнімен байланыс орнатылады. Бастапқы білім Оқушылар өлі табиғатта болатын үдерістерді біледі.Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында табиғаттағы үдерістер туралы мәтінмен жұмыс жасау барысында жүзеге асады. Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс әрекет Ресурстар Сабақтың басы

    0-5

    5-8

    1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға өлі табиғаттағы үдерістер туралы жазылған сөйлемдердің көмегімен бөлінеді. Мағынасы ұқсас сөйлемдерден мәтін құрастырып, қандай үдеріс туралы айтылғанын анықтайды. Әр топ «5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)» атты оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс ұсынады.2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:-Жоғарыда аталғандардан басқа қандай табиғи үдерістерді білесіңдер?-Модельдеу дегеніміз не?-Өлі табиғаттағы үдерістерді қалай модельдеуге болады? 3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді түсіндіреді;
  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдейді.
  • Қосымша 1Өлі табиғаттағы үдерістер туралы мәтін Сабақтың ортасы 8-13

    13-25

    25-31

    31-37

    4. Оқушылар өлі табиғаттағы үдерістер туралы бейнероликтер қарайды (тау түзілу, үгілу, жанартаудың атқылауы, су айналымы). Содан кейін бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап береді.-Тау түзілу қалай жүзеге асады?-Үгілудің басты себептеріне не жатады?-Үгілудің нәтижесінде жер бедері қалай өзгереді?-Неге жанартаулар атқылайды?-Су айналымы қалай жүзеге асады және оның табиғаттағы маңызы қандай?Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және кері байланыс ұсынады.5. Өлі табиғаттағы үдерістердің графикалық моделін әзірлеуМодельдеу – табиғатта болатын күрделі үдерістерді түсінуді жеңілдететін және үдерістің кішігірім нұсқасын жасау арқылы жүргізілетін әдіс. Модельдердің түрлері: материалды модельдер, ақпараттық модельдер. Материалды модель – макеттер. Ақпараттық модельдер – кестелік, сызбалық, графикалық модельдер.Оқушылар берілген тақырыптар бойынша табиғи үдерістердің графикалық моделін әзірлейді.1 топ: тау түзілу2 топ: үгілу3 топ: су айналымы4 топ: жанартаудың атқылауыҚажетті құрал-жабдықтар: түрлі – түсті қарындаштар, маркерлер, желім, сызғыш, суреттер.Саралау: топ ішінде рөлдерді бөліп беру (көшбасшы, суретші, таймкипер, дизайнер және т.б.). Көшбасшы тапсырманы орындап болғаннан кейін топ мүшелерін бағалау парақтарының көмегімен бағалайды.Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және кері байланыс ұсынады.6. Жұмыс нәтижелерін сыныпқа ұсынуОқушылар табиғи үдерістерді модельдеп болғаннан кейін, жұмыстарын сыныпқа ұсынады. Жұмысты қорғауға қойылатын талаптар:-Регламентті сақтау – 2 мин-Жұмысты қорғауға барлық топ мүшелерінің толық қатысуы -Қорғау барысында академиялық тілді қолдану (терминдерді қолдану)Топтар бағалау парақтарының көмегімен өзара бағалау жүргізеді.7. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты жазбаша қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды. Сөйлемді аяқтаңыз:1.Тау түзілу дегеніміз — 2.Үгілудің дегеніміз —3.Су айналымы дегеніміз — 4.Жанартау атқылауының себебі …Мұғалім тексеріп, оқушыларға кері байланыс ұсынады.

    А3 форматындағы қағаз, маркерлер, қарындаштар, желім, суреттер.Қосымша 2

    Қосымша 3

    Қосымша 4

    Қосымша 5

    Сабақтың соңы:37-40 8. Кері байланысМұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Стикерлер Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Қабілеті әртүрлі оқушылар топтық жұмыс барысында әртүрлі рөлдерге бөлінеді. «5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)» оқу мақсаттары бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Моделдеу әдісі арқылы оқушылардың табиғи үдерістерді меңгеру деңгейін бағалау. Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сабақ бойынша рефлексияСабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Жалпы баға

    Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:2:Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: 2:Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?1:2