Қазақстанда қалуына жағдай жасау | Скачать Дипломдық жұмыс

0

Мазмұны.
Кіріспе.
І Тарау. Миграция түсінігі теориялық — әдістемелік сипаттамасы.
1.1. Көші – қон түсінігі және
түрлері … … … … … … … … … … … … ..6
1.2. Қазақстандағы көші – қон процестерінің тарихи аспектілері…8

ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының көші – қон процестердің
ерекшеліктері.
2.1. Қазақстан республикасының сыртқы көші
–қоны … … … … … …29
2.2. Қазақстан республикасының ішкі көші –
қоны … … … … … … …34
2.3. Көші –қон саласындағы мәселелер, қайшылықтар
және
салдары … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … ..47

ІІІ Тарау. Қазақстан республикасының көші – қон саясатының саяси
приоритеттері.
3.1. Қазақстан республикасының көші – қон саясатының
концепсиясы … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … 60
3.2. Қазақстан республикасының көші – қон процестерді құқықтық
қадағалау … … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … .63
3.3. Көші – қон саясатының тиімділігін арттыру Қазақстанның
тұрақты дамуының факторы
ретінде … … … … … … … … … … … … ..67

Қорытынды: … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … 73

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … .7
5

Кіріспе.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің сонау ғасырлар қойнауында
жатқан өткені мен бүгінгі тәуелсіздік туын көтеріп, егемендік
жариялаған заманы арасында азаттық үшін жан қиярлық табанды күреске
толы қаншама оқиғалар болғаны белгілі. Соның ішінде өткен 20 ғасыр
отандық тарихымызға үлкен өзгерістер енгізген дәуір ретінде кіргенін
тілге тиек ету керек. Бұл ғасыр қазақ елі үшін қанша қасірет пен
зобалаңға толы ұақыт десек те, ғасырлар бойы бостандықты ту етіп,
егемендік үшін күрескен халқымыздың мақсатына – тәуелділікке жеткен
уақыты болды.
Бүгінгі таңда қауымдастыққа Қазақстан Республикасы өркениетті
демократиялық даму жолын таңдаған, нарықтық экономикаға бел бұрған,
зайырлы ел ретінде танылып отыр. Міне осы уақытта республика
басшылығы жүйелі саясат ұстанып отырғандығы белгілі. Соның ішінде
егемендіктің алғашқы жылдарынан қазіргі уақытқа дейін өз
өзкетілігін жоғалтпай келе жатқан мемлекеттік саясаттың ең негізгі
бағыттарының бірі – көші – қон саясаты болып табылады. Қай
мемлекеттің болмасын көші – қон саясаты сол елге тән өзіндік
ерекшелекпен құрылытынын білеміз. Мәселен, бұл ерекшеліктер
мемлекеттегі халық санына, оның территориясының көлеміне,
экономикалық хал — ахуалына және тағы басқа да көптеген факторларға
тәуелді.
Міне, осы факторлардың әрқайсысының жеке маңыздылығына қарай көші-
қон саясатанының мазмұны ашылды. Мәселен, тұрғылықты халқы аз елдердің
көші – қон саясаты халықты көбейтуге бағытталып, олар үшін осы
саясаттың мазмұны маңызды болса (Қазақстан Ресей тағы басқа мемлекеттер),
халқы көп мемлекеттер үшін (Қытай, Үндістан), керісінше, халықтың
жалпы санын қысқарту саясаты маңыздырақ болары анық. Сонымен қатар
территориялық фактор, яғни, мемлекеттің территориясының көлемі не
құрлым үлкен болсы да көші – қон саясатына деген қатынас маңыздырақ
болатынын айта кеткен жөн. Мысалы, мемлекет қанша жерден адам
ресурсы тапшылығын басынан кешірсе де, өз территориясына заңсыз
келімсектердің келгенін қаламайды. Ал Қазақсан, Ресей Федерациясы
және тағы басқа сияқты алып территориялы елдер үшін бұл өте
өзекті мәселе. Екінші жағынан, территория көлеміне қарай халықтың
пропорционалдық қатынасын құрып, оны сақтау көші – қон саясатының
бірден – бір міндеті болып табылады. Міне, көші – қон саясатандағы
осы сияқты басым бағыттарды іске асыру нәтижесі жалпы көші – қон
саясатының тиімділігін анықтайды.
Ал енді Қазақстан үшін көші – қон саясатын құрудағы тағы бір
ерекшелік – еліміздің көпұлттылығы болып табылады. Шын мәнінде көпұлтты
қоғам Қазақстан тарихы даму барысында пайда болса да, оны кезінде
Ресей және Кеңес империясының жүргізген орталық саясатының бір қыры
ретінде қарастыруға толық негіз бар. Әрине, қазақтың кел деген бар да
кет деген жоқ деген аталы сөзін ескерсек, еліміздің, әсіресе, бүгінгі
дербес көші – қон саясатында миграциялық процестің оң сальдосын арттыру
керектігі анық. Бірақ бұл елімізге шет жерден түрлі маргиналдарды тарту
деген сөз емес, керісінші білімді, озық ойлы адамдардың Қазақстанға
тұрақтануын қамтамасыз ететін жұйелі саясат болуы керек. Яғни,
бүгінгі Қазақстанның көші – қон саясатының алдында нақты мақсат түр,
ол — көші – қон процестерін реттеу, демографиялық дамуды қасмтамасыз
ету, мемлекеттік қәуіпсіздікті нығайту және миграттардың құқығына
жағдай жасау.
Міне, осы және басқа да мәселелер аталмыш тақырыптың бүгінгі
таңдағы өзектілігін арттыратыны анық. Демек, қазіргі заманғы әрбір
мемлекеттің, әсіресе Қазақстан сияқты жас елдердің, мемлекеттің
атрибуттарының біріне айналған көші – қон саясатын зерттеу, оның
теориялық және тәжірибелік атарын ашу, ғылыми талдау негізінде
нәтижелер мен ұсыныстарқарастыру отандық саяси ғылымның міндеттері
болып табылады.
Көші – қон адамдардың тұрақты мекенінен әр түрлі себептермен
басқа жерге қоныс аударуы, көшіп – қонуы, адамдардың белгілі бір
аумақтың шекарасын асып, тұрақты және уақытша тұрғылықты мекенге
қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халық әлеуметтік — экономикалық,
экономикалық, саяси діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан
түрде және ұйымдаспаған түрде көшіп – қонуы мүмкін.
Қазіргі кезде қөші – қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең
бастысы экономикалық себеп болып отыр. Халықтың көшіп – қонуы ежелгі
заманнан бері бар. Көші – қон алғашқы еңбек бөлінісімен (бақташылар
тайпасынан бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуы мен, қолөнердің
бөлінуі мен, халықтардың ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның
дамуымен, (19 ғасыр басы) байланысты болды. Көші – қон адамзаттың
дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор
рөл атқарды. Тұрақты тұрғылықпен мекенінің түпкілікті ауысуына
байланысты қайтіп оралмайтын көші – қон тым ұзақ мерзімге қоныс
аудару мен байланысты уақытша көші – қон жылдың белгілі бір
кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші – қон; басқа
жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрі – бері жүріп – тұратын
қатынымылы көші – қон; елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп кету
түріндегі сыртқы көші – қон; ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі
көші – қон түрлеріне бөлінеді. Ал ішкі көші – қон ауыл халқының көші
– қоны және қала халқының көші – қоны түрлері ажыратылады.

І — Тарау. Миграция түсінігіне теориялық — әдістемелік сипаттама.

1.1. Көші – қон түсінігі және түрлері.
Көші – қон ұғымының қазіргі ғылымда бар типологиясына назар
аударылып, шетелдік, ресейлік және орталық қоғамдық ғылымдағы түрлі
теориялық ізденістерге авторлық талдау жасалды.
Жалпы Көші – қон феноменін зерттеу ауқымын үлкен төрт топқа
бөлуге болады.
Бұл теориялық ізденістердің бірінші тобына Көші – қон процесі
халықтың өзіндік қозғалмалдығы ретінде қарастырылады, оның бір елдің
ішінде орын ауыстыруы салалық, территориялық, кәсіптік және
әлеуметтік қайта орнығуына байланысты болады.
Көші – қон феномені механикалық кәсіптік және салалық орын
ауыстыру жиынтығы ретінде және осыған байланысты индивиттердің
кеңістік жағдайының өзгеруінен халықтың бекітілген аймақтық
құрылымдарының пайда болуымен анықталады.
Үшінші топқа кіретін зерттеулердің авторлары Көші – қон
процесін сандық қатынасы жағынан бұқаралық және құрылымдық
парадигмалар тұрғысынан күрделі болатын әлеуметтік демографиялық
процесс ретінде анықтайды.
Зерттеулер жүйесінің соңғы тобында Көші – қон процесі
кеңістігінің кез – келген орын ауыстыру үрдісі ретінде және халықтың
тез өзгеріп отыратын әлеуметтік — экономикалық жағдайларға жаппай
бейімделуінің бірден – бір динамикалық тәсілі ретінде сипатталады1.
Енді осы теориялық ізденістерді жекелеген ғылыми тұжырымдар
мен көзқарастарға өз тарапымыздан талдау жасап көрейік. Шын мәнінде,
Көші – қон процесін екі және одан да көп елдер арасындағы, бір
елдің ішіндегі және жергілікті жердегі халықтың орнын ауыстыру
______________________
[1] Зайончековская Ж.А. Миграцонные процессы после распада СССР Вып.
5,М.,1994,с.3
ретінде қарастыруға болады. Бірақ, бұл жағдай орын ауыстыру
негізгі категория бола отырып, жалпы көші – қон процесіне қатысты
анықтаушы категория болуы мүмкін емес. Негізінде, салалық,
территориялық, кәсіптік және әлеуметтік қайта орнығу бір қаланың
немесе ауданның ішінде, сондай – ақ мемлекет ішіндегі аймақтарда
жүруі мүмкін.
Екінші топтағы зерттеушілерді қарастырсақ, демографтар арасында
өте танымал болған көші – қон процесін халықтың механикалық орны
ауыстыру деген тұжырымғы тән боламыз. Біздіңше, бұл теориялық ағым
көші – қон процесінің нақты адамдардың қөзқарастарына, шешімдеріне
және талаптарына деген өкілдерінің пайымдауынша, механикалық орын
ауыстыру тұтастай мемлекет бақылауында болады және халықтың көшіп –
қонуына байланысты шешімдерді тек қана мемлекет қабылдай алады.
Сонымен бірге, халықтың құрамына қатысты өзгерістер енгізуі ісі де
мемлекет құзырында.
Үшінші топқа жататын зерттеулердегі көші – қон процесіне
берілген анықтама, біздіңше, осы процеске дәл мағына береді,
Расында да, көші – қон процесі тек халықтың құрамын ғана емес,
сонымен қатар оның жекелеген элементтерінің арасындағы қатынастарды
да өзгертуге қабілетті. Нақ осы үшінші ағым көші – қон процесіне
қатысты ғылымға алғаш рет әлеуметті категориясын ендіргені тілгі
тиек ету керек сияқты. Бұл категория көші – қон феноменінің шынай
болып жатқан қоғамдық процестер жүйесінде зерттеуге мүмкіндік
береді.
Төртінші топқа енетін еңбектердің авторы халықтың кеңістіктегі
кез – келген орын ауыстыруын көші – қон процесі ретінде сипаттай
отырып, көші – қон феноменінің нақты тарихи, әлеуметтік – экономикалық,
саяси — әлеуметтік астарын қарастырмайды. Мәселен, С.И. Ожеговтың
көзқарасы бойынша, көші – қон процесі — бұл халықтың орын ауыстыруы,
(бір елдің ішінде, немесе басқа елге қоныс аудару…)[2].
Әрине, бұл анықтаманы әмбебап ретінде қабылдай отырып, онымен
келісуге болар еді. Бірақ, іс – жүзінде көші – қон феноменнің мазмұны
ана ғұрлым кең.

1.2. Қазақстандағы көші – қон процестерінің тарихи аспектілері
(1917-1991).
Қазақстан трихында халықтың жүріп өткен жолы мен тарихы әр
түрлі кезеңдердегі оқиғаларды қамтиды. Солардың бірі – кеңестік
замндағы көші – қондық үдерістер және оның зерттелу денгейі. Демек,
өткен ғасырдағы кеңестік жүйе басшылары ұстанған ұлт саясатының
халықтардың бір – бірімен өзара аралыс құралас күй кешкен тарихи
тағдыры бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша қарастырып, зерттеу мен
зерттелуді қажет етеді. Өйткені кеңестік қызылимперия тұсында тарихи
– демография тұрғысынан ұлттарды зерттеуге тиям салған. Сондай – ақ,
ол заманда әміршіл — әкімшіл басшыларға сын айтқандар мен зерттеу
жұмысын жүргізген адамдар болса, олар құғынғы ұшыраған. Сөйтсе де
сол тұста өзінің ашық пікірін білдіріп, ұлт мүддесін қорғау
мақсатында күрес жүргізген қазақ зиялылары да болды. Бірақ
тоталитарлық тәртіп басшылары оларды қуғындап , түрлі айыптаулар
тағудың нәтижесінде кейбіреуін өлімжазасына кесуге дейін барды. Одан
кейінгі уақытта қазақ халқының демографиялық жағдайына байланысты
басып сын айтып, еңбектер жазуға ғалымдардың жүрегі дауламады. Тек
тапсырыс, нұсқау арқылы халық санағы мен статистикаға байланысты
жазылды да, онда ары терең зерттеулерге бара қойған жоқ.
Өткен кеңестік заманда тарих ғылымы саласында бірқатар
тарихнамалық зерттеулер тек 70 — жылдары жарық көре бастады. Ол
кезеңде жарық көрген еңбектері мәселелерге таптық, партиялық
тұрғыдан қарау, марксистік – лениндік методология негізінде баға беру,
қайғылы да қасіретті оқиғалардан айналып өту тәрізді зерттеу
тәсілдері орын алды. Сол себепті, шынайы тарихи ұстанымдар ауқымы
да ғылыми еңбектерге сыни талдау жасаған тарихнамалақ туындыларды
жариялау кеңестік дәуірде мүмкін болмады.
Кеңестер Одағы ыдырағанға дейінгі кезеңде жарияланған
еңбектердің көпшілігінде қазақстан халқының демографиялық даму
ерекшеліктеріне емес, оның әлеуметтік мәселелеріне көбірек көңіл
бөлінген. Мұның себебін Қазақстанның тарихи демографиясына кеңестік
кезеңде баса назар аудара қоймаумен де байланыстыруға болады.
Осыған орай, Н.Е.Бекмаханова Вопросы истории журналында жазған
мақаласында: Қазақстанның тарихи демографиясы жеткілікті дәрежеде
зерттелмеуде. Өлке тұрғындарының санын, орналасуын, ұлттық құрамын
санақ мәліметтері бойынша зерттеп, аймақтардың шаруашылығындағы
ерекшеліктерді ашып көрсетудің қажеттілігі айқын сезіледі1 — деп
көрсеткен еді.
Мұндай пікір Қазақстанда ғана кеңестік дәуірде тарихи –
демографиялық зерттеулер жүргізу артта қалған деген ой тұдырмаса
керек. Жалпы мұндай жағдайдың барлық одақтас республикадағы тарих
ғыдымына тән құбылыс болғанын сол тарихи кезеңде – ақ тарихшы
В.К.Яцунский О некоторых отстающих ученых нашей исторической
науки2 — деп аталатын мақаласында атап көрсеткен болатын.
Қазақстан халқының демографиялық даму мәселелерінің зерттелу
денгейіне арналған алғашқы еңбектердің қатарына Н.Е.Бекмахановтың
мақаласын жатқызуға болады. Бірақ бұл мақала төңкеріске дейінгі
Қазақстан тұрғындарының демографиялық жағдайының тарихнамасына
арналған еді.
Қазақсандық тарихнамалық зерттеулердің қатары 1960-1970 жылдары
В.Ф.Шахматып, Г.Ф.Дахшлейгер, П.Г.Галузо, А.Н.Нұсіпов, Б.Сүлейменов
секілді ғалымдардың іргелі еңбектерімен және мақалаларымен толыға
түсті. Осы тарихнамалық еңбектерде Қазақстан халқының ХХ ғасырдағы
әлеуметтік – демографиялық даму мәселелерінің зерттелу денгейі арнайы
қарастырылмаса да, оған қатысты бірқатар еңбектерге талдау жасалып,
пікірлер білдірілді. Кеңестік дәуірде ұжымдастыру, шаруалар
мәселесіне және қалалардың өткен дәуірде ұжымдастыру, шаруалар
мәселесіне және қалалардың өткен дәуірлердегі дамуына арналған
тарихнамалық зерттеулерде де әлеуметтік – демографиялық үдерістердің
ғылыми әдебиеттерде көрініс табуына шамалы болса да тоқталып
өтілді.
Шынында аталған тарихнамалық еңбектердің авторлары кеңестік
кезеңде орныққан ұстанымды, теориялық қағидаларды басшылыққа
алғандықтан, әлеуметтік – демеографиялық мәселелердің зерттелуінде
пікірталас тұдыратын тұстарға кеңестік методологиялық тұрғысынан баға
берумен шектелген.
Көші – қондық үдерістің Қазақстан халқының ұлттық құрамына
әсері Е.Н. Гладышеваның О взаимовлиянии миграции и национального
состава населения (на материялах Казакстана)3 атты мақаласында
талданған.
Қазақстан хылқының кеңестік заманындағы демографиялық даму
мәселелері Я.Р. Винниковтың народы Союза еңбегінде көрініс тапқан.
Автор қазақ халықының санының Кеңес өкіметі орнағаннан бері өсу
динемикасын халық санақтарының материалдары барынша көрсетіп, күштеп
ұжымдастыру жылдарындағы қазақ халқының шығынын кеңестік идеологияға
сай бүркемелеп қалауды басты назарда ұстады. Ол 1926 жылғы халық
санағында қазақстардың саны артық көзсетілген, санақ кезінде
қазақтар мен шектес орналасқан жарлардегі өзбектер, қарғаздар,
қарақалпақтар және түркімендер қазақтар ретінде есептеліп кеткен дей
отырып, кеңес өкіметінің 1931 – 1933 жылдардағы күштеп ұжымдастыру
саясаты қазақ халқының демографиялық апатқа ұрындырғандығын жасырып
қалды. Я.Р.Винниковтың мұндай қадамын 13 жылдан кейін демограф
М.Тәтімов өз тұжырымдарымен былай деп баяндайды: винников келесі
болған 1939 жылға Бүкілодақтық халық санағында қазақтар санының
1926 жылғы халық санағы мен салыстырғанда азайып кетуін көршілес
өзбектер мен қырғыздар, түркімендер мен қарақалпақтар санының 1926-
1939 жылғы санақаралық кезеңде өте аз өсуін осы туысқан жақын
халықтардың санын дурыс алмаудан еді деп қате түсіндірмектші
болған. Винников осы пікір арқылы өзінің 1926 жылғы санақтың
метериялдарымен таныс еместігін және санақтың негізінен этно –
статистикалық бағытта жүргенін түсінбігіндігін көрсетті. Қазақ
халқының осы санақ — аралық кезеңде үзақ демографиялық даму тарихында
бұрын болып көрмеген шығыны мол ең қиын белестен өткенін оның
білмеуі де ықтимал. Егер ол шандықты білсе, автордың әдейі
бұрмалауы түсініксіз[3]. Осылайша М.Тәтімов Я.Р. Винниковтың жіберген
қәтелігін сынай отырып, кеңестік идеологияның үстемдік құрған
шағында халқымыздың 1931 – 1933 жылдардағы демографиялық дамуындағы
көлеңкелі тұстарын алғаш көрген ғалым болды. Сонымен қатар ғалым
сол тарихи кезеңдегі демографиялық дамудағы ерекшеліктердің ашық
айтылу керектігін талап ете отырып: Қазақ халқының демографиялық
дамуындағы отызыншы жылдарда болған қиыншылықтар нағыз партиялық
тұрғыдан демография ғылымы негізінде ашық айтылуы керек. Ол өткенге
өкіну емес, ол бүгінгі жарқын өмірімізді толық түсініп, көрсету
үшін, ертеңгі жас ұрпақтар үшін қажет, — деп жазды. Қазақстандағы
көші-қон үдерістері жайында зерттеу еңбегін жазған авторлардың бірі
Ә.Ғали еді. Оның зерттеу жұмысында 20 жылдардың екінші жартысындағы
демографиялық ахуал баяндалған. Автор кеңестік казақ жерінен
кеткендерден гөрі келгендер басым екендігін қарап, олар Украина,
Еділ жағалауы, Сібір, Батыс, РСФСР – дың Орталық аудандарынан және
белорус, Кавказ, Орталық Азия, Қиыр Шығыстан қоныс аударылыр
келгендер дейді. Сонымен қатар зерттеуші көші – қон қозғалысына
тартылғандардың 80%- ы ауылды жерлерге қоныстанғандығын атап
көрсеткен. Онда Қазақстан жерінде еуропалық бөліктен келген
мигранттардың Қостанайға 15 % — ы, Ақмола мен Ақтөбеге 40%-ы және
Семейге 24% -ы орналастырылған. Мұндағы мақсат көшіріліп
келгендерді табиғаты сәйкес келеді деген желеумен қоныстандырған.
Ал Оңтүстік және Жетісу аймағына қоныстандырылғандарға табиғат
жағдайы қолайлы болғанымен, жергілікті жердің халқы таныс емес еді.

Ә.Ғалидің Қазақстан этно – демографиялық сипаттамасы жайында жарық
көрген ғылыми мақаласында кеңестік кезеңдегі халықтың құрамы мен
ерекшеліктері, сондай – ақ, көпұлтты мемлекеттің ұлттық құрамы
жөнінде мұрағаттық деректер мен санақ материалдарына негізделген
мәліметтер келтірілген4. Автордың бұл зерттеу жұмысында кеңестік
әміршіл- әкімшіл жүйе басшылары жүргізген өзгерістердің салдарынан
демографиялық апатты жағдайларға дұшар болған қазақ жұртымен басқа
республикалардан қоныс аударып келген өзге ұлт өкілдерінің ұлттық
құрамға әкелген өзгерістерін атаған. Демек, ғалым кеңестік дәуірдің
тұсында қазақ халқының әлеуметтік – демографиялық мәселелерін батыл
қарастырғандығы байқалды.
Зерттеушінің түрлі тарихи деректерге сүйене отырып жазған
этнодемографиялық зерттеу мақаласында тұрғылықты халықтың құрамы мен
үлес салмағы да қарастырудан тыс қалмаған. Мәселен қазақстар –
57,1%, орыстар – 19,6%, Украиндар – 13,2%, белорустар – 0,39% -ды
құраса Орта Азиялық ұлттардың ішінде үлес салмағы жағынан 3,38%-ды
құрған өзбектер басым екендігін айқындаған. Сондай – ақ ол кезде
қарақалпақтар — 18,81%-ды құраса басқа халықтар ең аз мөлшерде 5% —
ды, Яғни, Қазақстанның сол кездегі жалпы сандық көрсеткіші 6502699
адамды құрағандығы белгілі болған (1972 жылдың 1- қантарындағы
көрсеткіш бойынша).
Ал М.Тәтімовтың жас мемлекет Қазақстан Республикасының әрбір
белсенді, әрі дербес демографиялық саясаты өзі үшін өмірі мен
ұлттық мүддемен аймақтың қажеттілікті еш уақытта көзден таса етуге
тиіс емес екендігін Дербестігіміз — дефографияда5 атты еңбегіне
толығы мен тоқталып кеткен. Автор сонғы 275 жалдардағы шытырман
оқиғаларға толы тарихи кезеңімізде қазақ халқы өз жерінде тұрып
төменгідей ғаламат адам шығындарын басынан өткеізген екендігін тізіп
берді:
1. Аты шулы Ақтабан шұбырындының қасіретті жылдары қырғынға ұшырағандар
(1723-1728) жылдар шамамен барлығы 1 млн. 100 мың адам, ұлттық
тарихымыздағы алғашқы жауапкершілікті, яғни қырық жыл қырғыннан болған
ең үлкен шығын, ал абсолюттік жалпы мөлшері жағынан қызылтабан
қырғыннан кейінгі екінші ұлттық апат-трагедия.
2. Өткендегі ұзаққа созылған жауынгершілікпен босқыншылық заманда ел-
жұрты мен жер- суын қорғап, бостандығымыз үшін қан майданда құрбан
болған ер азаматтарымыз (барлығы 250 мың адам, 1465 – 1915жылдары).
3. Байқатпай келген отаршылықтан сарытабан сүргіншілікке ұшырап,
бейтаныс келімсектердің көрсеткен қысым кезінде үркіншілікпен өз
елінен алыс жаққа біржола ауа көшіп кеткен қазақтар (саны 300 мың
адам, 1695 – 1915 жылдары). Қазақ диаспрасының әр елдерде алғаш пайда
болуы бола бастады.
4. Царизм өктемдігіне қарсы 1916ж ұлт – азаттық көтерілістің ұлы
дүрбелеңіндегі тікелей және жанама түрде болған жан саны шығындары
(150 мың адам, 1916 мен 1945 жылдардағы таталитаризм қамтыған отыз
жыл ойранның басталуы);
5. 1917 жылғы ақпан мен қазан төңкерісі кезеңіндегі болған қақтығыстарда
қаза тапқан жан саны 150 мың адам, қазақтың өзіне түсініксіз саяси
тәлкекпен жат метрополиядағы басқалардың кесірінен алғаш рет өлім –
жетімге ұшырауы.
6. Ақтар мен Қызылдар болып азамат соғысында және орсытардың жасанды
тап қақтығыстары кесірінен пайда болған шаруашылық күйреуінің тікелей
және жанама өлім – жетім шығындары мен күйзелістен пайда болған
ашаршылықта қырғынға алғаш ұшыраған бейкүнә алаш азаматтары (1918 –
1922 жылдары, ұзын саны 900 мың адам, көлемі жағынан үшінші тарихи
алапат – ұлттық трагедиямыз);
7. 1928 жылы ірі байларды зұлматтықпен кәмпескелеу, яғни олардың мал –
мүлкін кеңестердің зорлық тәркілеуі кезінде жыраққа отбасымен
жазықсыз жер аударғандар (15 мың адам);
8. Зорлық пен жаппай ұжымдастыру және түгелімен отырықшыландыру жылдары
зұлмат жасанды түрде пайда болған күшті ашаршылық және оның салдары –
ірі індеттен қырылып кеткен аяулы жылдар (Голощекиндік геноцит немесе
қызыл қырғын құрбандары — барлық саны 2 млн. 300 мың адам, ХХ
ғасырдағы басты ұлттық трагедиямыз, қазақ тарихындағы ең үлкен
қасіретті, ғаламат халық шығыны);
9. 1930 – 34 жылдары зобалаңмен ұжымдастыру және зорлықпен
отырықшыландыру кезінде асыра сілтеушілікпен алыс жаққа біржола ауа
көшіп, енді қайтіп Қазақстанға оралмандар (620 мың адам, қызылтабан
қуғыншылық көргендер сыртқа қарай күшті миграциялық, яғни көші –
қондық ағым, шеттегі қазақ ирредиенті мен диаспорасын – алыстағы
шоғырын бірден екі – үш есе көбейткен демографиядағы келеңсіз жаңа
жағдай);
10. Сталиндік саяси зобалаң (репрессия) жылдарында (1927 – 39 ж.) тікелей
атылғандар — 25 мың және ұзақ мерзімге сотталып, ГУЛАГ түрмелерінде
айдауда жүріп, жырақта өлгендер – 75 мың, барлығы 100 мың ер азамат
жазықсыздан – жазықсыз опат болған;
11. Ұлы Отан соғысының қан – қасап майданда ерлікпен қаза тапқан жауынгер
боздақтарымыз (1941 – 45 жылдар, 350 мың жас жігіттер);
12. Екінші дүниежүзілік соғыста (1939-45 ж.) амалсыздан жау қолына
тұтқында қалғандар, сөйтіп өз отбасына қайтіп орала алмағандар немесе
айдауда жүріп ұрпақ өсіре алмай, отбасы қызығын көре алмағандар (150
мың аяулы ер азаматтар);
13. Соғыстың ауыр жылдарында демографиялық депрессиядан пайда болған
табиғи шығын мөлшері (туудың төмендеп, өлімнің артуынан, халқымыздың
саны осылайша 100 мың адамға депопуляциялық жолымен тағы да кеми
түскен). Сөйтіп соңғы екінші дүниежүзілік соғыстың барлық ғаламдық
шығыны – онсыз да әбден әлсіреп, қатты қалжыраған сормаңдай
халқымыздан 600 мың адамды (11+12+13 себептердің жиынтық саны) алып
кетті;
14. 1979 – 1989 жылдардағы ресми жарияланбаған және біздерге керексіз
Ауғанстан соғысында қаза тапқан қазақ жастары – 1 мың адам;
15. Совет Армиясының қатарында жүріп әскери жаттығуда әр жылдары
жазатайым жасатайым жағдайда аяқ асты мерт болып, өліп кеткен
жас бозбала жігіттеріміз – 24 мың адам;
16. қазақстан жерінде 1949 жылдан бастап әр түпкірлерде жүргізілген
көптеген ядролық қару сынақтары кезінде атом радиациясынан жаңа
құрбандары — 25 мың адам (қырғи қабақ дүние жүзілік үшінше
соғыстың тікелей шығындары);
17. 1986-1989 жылдары колбиндік партократ (ұлтшыл) жылдары кері
миграция ағымына ұшырап, оқу іздеп және жұмыс істеп
Республикамыздан сырт кетіп қалған талапты қайсар жастарымыз.
Қорыта айтқанда, соңы 530 жылдардың ішіндегі ұлттық тарихымызды
ыдыратып, азып – тоздырудың, соттап-айыптаудың атып-асудың, соттап –
айыптаудың салдарынан жалпы саны 6 миллион 385 мың адамға шығын көрген.
Бұл қазақтың өз республикасындағы барлық санының шамамен 1989
санақтағы санына тең.

18. Бос жатқан көшпенді қазақ жерлеріне әскери казактарды
өктемдікпен алғаш рет қоныстандыру (1690жылдардын бастап, 200 мың
адам). Қазақстанның Ресейдің отарлау шеңгеріне алғашқы рет
ілігуі.
19. патша үкіметінің отаршыл және жазалаушы — әскерлерін салынып
жатқан бекіністерге (Жайық жағасында, Горькая линия (Ащы өзек),
Ертіс бойында, Сыр өзендерінде және Алтай мен Тарбағатай және
Атырау етектерінде), қазақ жерін осылай қоршай орналастыра
бастау(100 мың адам), 1714 жылдан бастап -1863 – 64 жылдары
Түркістанның алынуы және ташкенттің құлауымен Қазақсатнның
отарлық шеңберге сырттай толық қоршалу тоқтап, 150 жылға
созылған Ресейдің әскерй-отаршылдық комисиясы ісін толық аяқтады;
20. Орталық ішкі Ресейде діни құғын көріп, қазақ жеріне өздері көшіп
келген немесе көшірілген қашқандар мен келімсектер – кержақтар
мен баптистер және староверлер (150 мың адам, 1850 жылдан бері
қарай), қазақтарды шоқындыра бастаудағы сәтсіз аяқталған діни
көші-қон науқанымен бірге;
21. Ресейдің Еуропалық бөліктерінен қазақ даласының ең шұрайлы
жерлеріне орыс мұжықтары – басыбайлы шаруаларын жаппай ұйымдасқан
түрде, әкімшілік күшпен алып келіп, қара шекпенділерін әдейі
қоныстандыру (столыпиннің жер реформасынан бастап ХХ ғасырдың
басына дейін — млн. 150 мың адам), Қазақстанның ең жақсы жерлерін
демографиялық күшпен алғаш рет жаппай отарлай бастауы;
22. Тұңғыш тоталитарлық кәмкеске — кеңестік тәркілеу кезінде
зорлықшыл большевиктер жер аударған ауқатты орыс кулактары
(1918-1925 жылдар, 250 мың адам) – алғашқы әскери коммунизмде
азаматтың зобалаң;
23. Социолистік индустрияландыру жылдары әдейі құдаланып, тобымен
жер аударылған саяси сезімсіздер (1925-1940 жылдар арасы 1 млн.
300мың адам), Қазақстандағы жаңаша советтік жолмен аяусыз
отарлаудың қайта басталуы;
24. Депортацияға ұшырап, екінші дүние жүзілік соғыс жылдары әр
жерден Қазақстанға зорлықпен көшірілген, Москвалық орталыққа
сенімзіз болған бейкүнә батыс пен шығыс халықтары (1939-1944
жылдары, 1млн,500 мың адам), Қазақстанды осылайша халықтар
достығының лабороториясына айналдыра бастауы;
25. Соғыс кезіндегі амалсыздан эвакуацияланып, шығысқа қарай шегіне
көшірілгендер (1941-1943 жылдар, 350 мың адам), Қазақстан Ресейге
мақтаулы соғыс арсеналы;
26. Тың және тыңайған қазақжерлерін игеру үшін ұран сала аттанып
келгендер (1945-1959 жылдары 1 млн. 450 мың адам) – Қазақстандағы
ғаламат тың эпопиясы, метрополияның өзі бағыт берген
демографиялық жолмен күшті ұйымдасқан миграциялық экспонциясының
(көбіне сотталған еркектер) соңы;
27. Жалпы стихиялық лекпен өздігінен келіп, қазақтың жақсы жерлеріне
кіріп қоныстанушы славян келімсектер(1 млн. адам, 1968 жылға
дейін , яғни Қазақстанға қарай миграция сальдосы қонымды болып
тұрғаша), Республикамызға метрополиядан сәтті көшіп келіп,
үстеме қонушылардың соңғы легі;
28. Әскери жабық құпия жолдар тұрғындары (1991- жылға дейін 150
мың адам), Қазақстан әлемдік масштабындағы қырғи-қабақ ядролық
соғыстың сынақ полигоны;
29. Одақтық ведмство аралық өкіметтің ұйғаруымен көшіп келгендер (1
млн. 100мың адам, 1992 жылға дейін тиылмаған меторполиялық көші
қон), Республикамыз бұрынғы Кеңес одағының ауылшаруышылық және
шикізат базасы;
30. Вахталық ағыммен соңғы үстеме әскери қоныстанушылар (150 мың
адам), 1990 жылға дейін жүріп жатқан середнее машиностроение
деген құпия – ведмстволық үстемдіктің ақырғы зардаптары;
Қазақстан жеріндегі стратегиялық маңызы бар аса құнды жер
асты байлықтарын игеру үшін салынған жұмысшы поселка – қалашық
тұрғындары (шамамен 100мың адам, 1991 жылға дейін жиылмаған көші-қон) –
Республикамыз қымбыт қазба байлықтардың қоймасы ретінде осылайша
тонылып жатты.
Қорыта келгенде шамамен 1690-1990 жылдар арасында, яғни 300 жыл
мерзім ішінде Қазақстанды түпкілікті отарлау мақсатымен әдейі
ұйымдастырылған немесе өз бетімен стихиялық миграция ағымымен келген
көші-кон мөлшері — 8 млн. 900 мың адам, яғни бүгінгі күні саны
енді ғана азая бастаған европа тектес Республика тұрғындарының ең
толысқан 1990 жылғы санымен теңдей дерлік ерікті-еріксіз келімсектер
орныққан.
Жоғарыда қазақстан тарихында орын алған 30 дан астам ірі
демографиялық және миграциялық уақиғаларды атап өттік. Солардың 27-
сі қазақ жерін меторполия тұрғысынан тікелей отарлау үшін Ресей
жағынан көрсетілген демографиялық қысым екенін байқау қиың емес.
ІІ. Тарау. Қазақстан Республикасының көші – қондық процестерінің
ерекшеліктері.
XX ғ. екінші жартысынан бастап, жеке ғылыми пән ретінде дами бастаған,
тарихи демографияның зерттеу нысандарын құрайтын демог-рафиялық үдерістер
тарихи дамудың жиынтығында қарастырылады. Та-рих және демография
ғылымдарындағы зерттеудің методологиялық қағидалары мен әдістері тарихи
демография ғылымына да тән.
Тарихи демографияның зерттеу нысандарының бірі — халықтанудағы
демографиялық көрсеткіштердің өзгерістеріне тікелей әсері бар көші-қон
(миграциялық) үдерістері болып табылады.
Көші-қондық үдерістер XX ғ. екінші жартысынан бастап, әлемдегі барлық
континенттің, қоғамның барлық топтарын, қоғамдық өмірдің түрлі саласын
қамтып, ғаламдық мәселеге айналды. Көші-қон үрдісі әлемнің барлық
аймақтарындағы даму мен әлеуметтік өзгерістердің негізгі фак-торына айналды
деген тұжырыммен ешкім таласа алмайды.
Бұл фактының маңызын статистикамен дәлелдейік: халықаралық көші-
қоншылардың (өздерінің шыққан жерінен басқа жерде тұратындар-дың) саны 1965
ж. 75 млн-нан 1990 ж. 120 млн-ға өсіп, бүкіл әлемнің 2%-ын қүрады. Көші-
қоншылар санының өсу қарқыны жер шары халқы са-нының өсуіне қарағанда
жылдам (2,6% көшіп-қонушылардың 1,9%-ы ха-лық санының жылдық өсу қарқыны)1.
1990-2002 жж. аралығындағы халықаралық көші — қоншылар саны 135-140
млн. адам деп есептелуде. Адамдар мемлекетаралық көші — қонға қарағанда, әр
мемлекеттің өз ішінде жиірек орын ауыстырады. БҰҮ-ның мәліметі бойынша,
1980-ші жылдан бастап, мемлекеттердегі ішкі көші-қондық айналымға 750 млн-
нан 1 млрд-тай аралықта адам түскен.
Халықтың кейбір бөлігінің әр түрлі мәндегі орын ауыстыруларын ту-
ғызатын көші-қон үдерістерінің интенсивтілігі өсуде.
Көші-қоншылар өздерінің шыққан жерлері мен барған жерлеріндегі елдің
демографиялық, саяси, экономикалық дамуымен, т.б. жағдайларына әсер етеді.
Мысалы, иммигранттары көп елде еңбек ресурстарының жетіспеушілігі орын
алып, жастар мен еңбек жасындағы маманданданған адамдардың елден кетуі;
халықтың жастық — жыныстық құрылымының деформациялануына әкелуі мүмкін.
Сондықтан, көші – қондық үдерістерді зерттеудің ғылыми негізделген
демографиялық, көші — қондық және әлеуметтік саясат жүргізу үшін
қажеттілігі туындайды.
Қазақстанда көші-қон мәселелерінің тарихын зерттеу ақтаңдақ беттерін
ашу, объективтілік пен шынайылыққа, тарихи қалыптасқан қағидаларға
негізделген өзекті мәселелерін жариялау, маркстік-лениндік методологияның
келеуімен социалистік идеология шырмауында мәні жасырылып, жарияланбаған
көші — қон үдерістерінің фактілік бейнесін ашу бағытында жүргізілуде2.
Жалпы әлемдік тарих ғылымындағы секілді, қазақстандық тарих ғылымында
да көші — қон мәселесі классикалық теорияның прагматикалық үғымдарын таза
пәндік шекаралық шеңберінде анықтау бағытында зерттелуде.
Демографияның категориялы ұғымдарын зерттеудегі қол жеткен жетістіктер
деңгейі көші-қон мәселесіне де тән. Алынған үзік нәтижелерді тұтастай
теориялық түжырымдамаға айналдыру мәселесі шешілген жоқ. Ресейлік
зерттеушілер миграциология деп атаған көші — қон теориясын қалыптастырмақшы
болды. Алайда, оның қолдану аясы тар болып, ха-лықтың көші — қондық орын
ауыстыруларын түсіндіргенімен, көші -қонның қоғам өміріне, әлеуметтік
қатынастарға, үлттық, әлеуметтік құрылымдар өзгерісіне әсерін талдауға
қолайсыз болғандықтан, тұтастай тұжырымдама ретінде қолданылмады.
Сондай-ақ, батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жаңа таптық
(неоклассовый) макро және микротеория, жаңа экономикалық көші-қон және
екі жақты еңбектік — рыноктық теория, әлемдік жүйе теориясы және т.б.
көші — қон мәселесін зерттеуге арналған теориялар қалыптасуда. Алайда, бүл
теориялар көші — қонның сан — салалы сипатын түсіндіруде дәрменсіз. Яғни,
ол күнге дейін көші-қон үдерістерін зерттеудің нақтылы түжырымдамасын
қабылда-ған жоқ. Оның себебі көші-қон үдерістерінің алуан түрлілігі мен көп
факторлылығына байланысты жеке ғылыми теорияның ауқымымен түсіндірудің
қиындығында.
Қазақстандық тарихшы — демографтар тарихи демографияның барлық
мәселелері секілді XX ғ. өзгерістер әкелген көші-қондық үдерістерді жан-
жақтылық және гуманистік таным бағытында жүйелі, объективті түрде нақты
мәнін ашу бағытында зерттеуде.
Ғаламдандырылу кезеңіндегі көші — қон жаңа ғасырдың әлеуметтік
бейнесін қалыптастыратын негізгі қозғаушы күш. Көші — қон үдерісі жеке-
леген қауымдастықтар мен үлттық экономиканың ғаламдық қатынас-тарға
түсуінің нәтижесі. XIX-XX ғ.ғ. алдымен патша үкіметінің, сонан соң кеңес
үкіметінің жүргізген саясатының нәтижесінде көші — қон үдерістері мәжбүрлі
— ерікті, жоспарлы стихиялы халықаралық — ішкі және т.б. түрлерде
жүргенімен, Қазақстан халқының қүрылымын қалыптастырған көші — қон,
негізінен, үкіметтің саясатына сәйкес ұйымдастырылған, реттеулі, жоспарлы
әрі бағытталған сипатта болды. Жариялылық пен демократияландырудан бастап
КСРО — да ерікті көші — қондар байқала бас-тады. КСРО ыдырап, тәуелсіз
мемлекеттер құрылған кезден бастап ерекше белсендірілген ерікті көші
– қондық үдерістерден бүкіл әлемдегі ғаламдандырудың көріністері тән
бола бастады. Кулактық жер аударулардан басталып, репрессиялық
шаралармен, тұтастай халықтарды зорлап көшірулермен (депортациялармен)
жалғасқан саясаттың құрбандары, аштық пен жазалаудан қашқандардың,
репатрианттардың, жалпылықтық құрылыстар мен өндірістендіру, сондай-ақ,
тың игеру эпопеясы желеулерімен келгендердің кері көші-қоны олардың
тарихи отанына қайту қүқығын толық пайдалану мүмкіндігіне сәйкес
бөлсендірілді.
Бүл үдеріс XX ғ. 2-жартысынан бастап әлемдік тарихта иммигра-цилық
экспансия (жаулау) деген атпен белгілі. Дамуы әлсіз елден
күшті елге көші — қон дүниежүзілік тәжірибеде ғаламдандыру үдерісінің бір
көрінісі ретінде дамуда. Ал, XX ғ. 90-ж.ж. Қазақстанда кері көші-қондық
дүмпуді туғызған үдеріс гуманистік таным заңдылығына сәйкес болмай
қоймайтын, тарихи даму барысы дайыңдаған, бүкіләлемдік адам-зат
қауымдастығы әлдеқашан енген, информациялық қоғамнан туындаған ғаламдану
үдерісіндегі бостандықтың көрінісі, нақтырақ айтқанда — көшіп-қону, түратын
жерін таңдау, өмір сүру, т.б. құқықтарына негізделген адам бостандықтарының
көрінісі болып табылады.
Тарихи демогафияға тән категориялық үғымдарды зерттеудің жал-пыға ортақ
және жеке ерекше методологиялық қағидалары мен әдістері бар. Ең алдымен,
бүл зерттеуші еңбегінің қандай тарихи кезеңде жа-зылғандығына, ол кезеңдегі
саяси сананың, зерттеушінің таптық мүддесінің, идеологиялық ұстанымының
ерекшелігіне қатысы бар.
Тарихи демографияның өзекті мөселелерін концептуалды түрғы-дан қайта
қарау немесе жаңаша пайымдау дегеніміз, ең алдымен, тарихи демографияға тән
категориялық үғымдарды зерттеудің қазіргі кезеңдегі қолданылудағы
методологиялық қағидаларын нақтылау, өзіне дейінгі әдіс, көзқарастарынан
өзгешелігін анықтау деген сөз.
Көші — қон мәселесіне байланысты зерттеулер фактілік ұғымдарды
жинақтау, зерттеудің қағидаларын өз дәуіріндегі тұжырымға сай бейімдеу
бағытында жүрді.
XX ғасырдың басынан бастап Қазақстан белсенген, саяси сипатты көші —
қон үдерістерінің ықпалына түсті. Халық саны табиғи өсімнен гөрі
механикалық өсім арқылы көбеюі, немесе, керісінше ғасыр соңындағыдай кемуі
белең алды.
Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулердің дені көші-қон үдерісін зерт-
теуге байланысты қалыптасқан патшалық шенеуніктік тұжырымдамаға сай
шеткері отар аймақтарды игерудің тиімді жолы ретінде, патша өкіметінің
отаршылдық саясатының көрінісі — аграрлық көші — қонды қолдаумен
ерекшеленді. Бұл тұжырымдама бойынша жарияланған еңбектерде қоныстандыру
саясатының нәтижесінде қазақ халқының жерден айрылуы, жағдайының төмендеуі,
мүшкіл халі айтылмады, керісінше, қоныс аударған орыс шаруаларының үлгілі
ықпалы болғандығын дәлелдемекші болды.
Бүл тұжырымдаманы жақтаушылар осы күні де кездеседі деуге болады:
кейбір зерттеушілердің әзіргі Қазақстандық басшылар осыдан бірнеше
онжылдықтар ғана бурын республика халқының 34-і көшпелі, жартылай көшпелі
болғандығын, нақ орыстардың бүл өлкеге ғылымды, мәдениөтті енгізіп, шексіз
өндіргіш күштерді қалыптастырғандығын үмытып отыр, деп тұжырымдауы бұған
дәлел. Зерттеушілер ішінде қоныстанушылардың шынайы мән — мақсатын ашуға
тырысқандар, сондай-ақ, қазақ зиялыларының мәселеге ұлттық тұрғыдан қарап,
өз зерттеулерінде келімсектердің келуі қазақ жері мен халқы үшін трагедияға
айналғандығын бүкпесіз жазғандары да болды. Алайда, мұндай зерттеулер патша
өкіметі мен одан кейінгі большевиктік диктатура мүддесіне қайшы келеді.
Кеңес дәуіріндегі идеологиялық тыйым XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының
еңбектеріндегі демографиялық үдерістердің зерттелуі мәселесіне де қатысты
болды.
Тарихи демографияның мәселелерін жаңаша пайымдау XX ғ. басында
қалыптасқан, қоғамдық сананы деформациялау кезеңінде мақсатты түрде жазалау
нысанына айналған, еңбектерін оқымақ түрмақ, аттарын ұмыттырмақ болған
қазақ интеллигенциясы өкілдерінің зерттеулерінің тарихи айналымға түсуіне
мүмкіндік берді. М.Тынышбаевтың, А.Бөкейхановтың, М.Шоқайдың, Т.Рысқүловтың
және т.б. еңбектері қазақтардың орналасуы, олардың көші — қондарының
бағыттары, сандары
мен қүрамы туралы объективті талдау жүргізудегі деректер болып табылады.3
Алайда, XX ғ. соңғы онжылдығындағы талдау бұл зерттеушілердің
қоныстанушылар мәселесіне баса көңіл аударып, ішкі көші-қонның
ерекшеліктерін және қазақтардың сол кезеңдегі отарлық озбырлықтың әсерінен
сыртқа ауа көшуін қарастырмағанын анықтады.
Кеңес дәуіріндегі үстем идеология маркстік — лениндік методологияға
негізделген социалистік идеология болды. Ол бойынша зерттеулерде артта
қалған елдердің капитализмге соқпай, социализмге өтуі, түрі ұлттық,
мазмұны кеңестік мәдениеттің, кеңес халқының қалыптасуы, Қазақстан —
ингернационализмнің, халықтар достығының лабораториясы тезистері көрініс
тапты. Кеңестік дәуірде әкімшіл-әміршіл жүйенің орнығуына, тар шеңбердегі
таптық идеологияның үстемдік етуіне байланысты шынайы тарихи демографиялық
зерттеулер жүргізу мүмкін болмады. Кеңестік биліктің жүргізген саяси және
әлеуметтік-экономикалық реформапарының қазақ халқын демографиялық апатқа
соқтырғандығы барынша бүркемелеңді. Халық санына қатысты көптеген
статистикалық материалдар мен мүрағат қүжаттары зерттеушілер үшін жабық
болды. Осыған орай, 1960 жылдарға дейін халықтың қоныстануы мәселелері
тарихи әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде көтерілмеді.
Кейінгі жылдары ғана демографиялық дамудың кейбір астарлары
Қазақстанның әлеуметтік тарихына қатысты еңбектерінде айтыла бас-тады.
Жұмысшы табының, шаруалардың, интеллигенцияның дамуын қарастырған
зерттеушілердің еңбектерінде статистикалық материалдар, мүрағат құжаттары
кең көлемде ғылыми айналымға тартыла отырып, демографиялық дамудың кейбір
ерекшеліктері талданды.
Көші-қон мәселесін жаңаша пайымдауға келсек, ең бірінші, кеңестік
дәуірдегі қалыптасқан тарихи жағдайларға сипаттама берсек, модернизацияны
сырттан адам ресурсының көптеп әкелінуі арқасында табиғи потенциалды қанау
мақсатында жүрді деп бағалауымыз керек. Диктаторлық әдіспен
интернационалдандыру саясаты жүргізілді. Қазақстанды халықтар
лабораториясына айналдырып, полиэтникалық қоғамдағы әр түрлі топтардың
демографиялық мінез — қүлқын жақындастырмақшы болған әрекеттерге
қарамастан, кеңестік дәуірдегі республикалардың, этникалық топтардың
әлеуметтік-экономикалық деңгейлерін теңестіру, өткеннің қалдықтарын жою,
мінез-қүлықтың кеңестік стереотиптерін қалыптастыру бағытында ілгерілеу
байқалмады. Осы мақсатта жүргізілген көші — қондық үдерістер XX ғ. соңғы
онжылдығында кері сальдолық мәнде көрінді.
Көші — қондық үдерістер қарастырылған Қазан төңкерісіне дейінгі және
кеңес дәуіріндегі еңбектерде Қазақстанға келіп қоныстанушылар
(иммигранттар) ғана қарастырылып, кеткендер (эмигранттар) қарастырылмайтын.
1970-1980 жылдары тарихи — демография саласында көрнекті ғалым-дар
Н.Е.Бекмаханова мен Н.В.Алексеенконың революцияға дейінгі Қазақстан
халқының демографиялық даму мәселелерін қарастырған еңбектері жарық көрді.4
И.П.Орлянский мен Г.К.Кронгардтың мақалалары жарияланды. Көші — қондық
үдерістердің Қазақстан тұрғындары-ның ұлттық қүрамына әсерін зерттеген
ғалым Ф.Н.Базанова болды. Дегенмен, оның еңбегінде қалыптасқан идеологиялық
талаптарға сай қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарды күштеп қоныс аудару жайлы
ай-тылмады. Ол еңбекте мұндай жәйттерге көп көңіл бөлмеу, оны бүрке-мелеу
белең алғандығы аңғарылады. Мәселен, автор корей халқының Қазақстанға қоныс
аудару себебін елге күріш өсіретін совхоздар мен колхоздарды үйымдастырудың
қажеттігімен байланыстырады. Сол тарихи кезеңнің идеологиялық талаптарына
сай халықтарды күштеп қоныс аударуды бүркемелеп көрсетуге социалистік
құрылыстың қайдағы бір артықшылықтарын баса көрсетуге ерекше мән берілді.
1980 жылдардың соңына қарай қоғамда жүрген демократияландыру мен
жариялық үдерістері Қазақстанның демографиялық даму мәселелерін объективті
тұрғыда зерттеуге өзіндік серпін берді. Қазақстандық ғалым-дардың
еңбектерінде осы кезде саяси факторлардың халық тағдырына тигізген
зардаптары ашықайтыла бастады. М.Қ.Қозыбаев, М.Т.Тәтімов, Қ.С.Алдажүманов,
Ж.Б.Әбілғожин секілді ғалымдардың еңбектерінде 1920-1940 жылдары кеңестік
билік күштеп жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың хапықты
демографиялық апатқа ұрыңдырғандығы ашылып көрсетіліп, тарихтың ақтаңдақ
беттерін жоюға сүрлеу қаланды.
М.Х.Асылбеков, Ә.Б.Ғали, В.В.Козина еңбектеріңде 1897-1999 ж.ж.
аралығындағы халық санының өсімі мен құрамындағы өзгерістерге жаңа
методологиялық тұрғыдан қарап, демографиялық дамудың келешегіне ғылыми
болжам ұсынады.
М.Тәтімовтың еңбектерінде халқымыздың Қазақ хандығы құрылған кезден
бастап, күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуының жай-жапсары баяндалады.
Оның еңбегінде қазақ халқының өсіп өркендеуіне орасан зор зардаптарын
тигізген жоңғар шапқыншылығы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат
соғысы, голощекиндік геноцид, сталиндік репрессия, Кеңес герман соғысы,
сонымен қатар тың игеру кезеңдерінің және желтоқсан оқиғаларының шындығы
нақтылы деректермен ашылған.
Сондай-ақ, онда демографиялық дербестікке, яғни ұлтымыздың егеменді өз
мемлекетімізде сан жағынан басымдылыққа жетіп, үрім-бұтағының кең
жайылуының бағыттары көрсетіледі, қазақ халқының де-мографиялық болашағы
жайлы болжам жасалады.
1989-1999 ж.ж. аралығында халық саны 1 млн. 246 мың адамға (7,7%)
кеміді. Халық санының күрт кемуі табиғи өсім қарқынының үш еседен астам
деңгейге төмендеуінен (оның көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 1985 ж. 17.7,
ал 1997 ж. 5.5 адамнан кеміді) туудың азайып, өлім — жітімнің көбеюінен,
сондай — ақ, орыс, украин, неміс, тағы басқа ұлт өкілдерінің тарихи
отандарына оралуының арта түсуінен туындады. Ерекше көші — қон есебінен.
Бұрынғы кеңестік кеңістіктен Ресейге қоныс аударушылардың тол-қынын
туғызған себептердің маңыздысы қатарына орыс тарихшылары сол елдердегі
ұлтаралық қатынастардың жай — күйін және олардың орыстар мен орыс
тілділерге қатысты жүргізудегі саясатын, дағдарысты әлеуметтік —
экономикалық жағдайды, оның халықтың әр түрлі әлеуметтік және этникалық
топтарына әсері мен көрінісінің ерекшеліктерін, сондай-ақ, Ресейдің
мемлекеттік көші — қондық саясатын жүзеге асыруын жатқызады.
Қазақстаннан Ресейге қоныс аударудың еріктілігін жоққа шы-ғарушылар да
бар. Оның себебі әлеуметтік — экономикалық және саяси себептердің өзара
сабақтастығында жатыр. Экономикалық дағдарыс тұрғындардың негізгі
көпшілігін кедейлік жағдайға түсіріп жіберді (ресми есеп бойынша, кедейлік
жағдайында халықтың 44% бөлігі дегенімен, шын мәнінде бүл көрсеткіш 70-80%
шамасында), жүмыссыздық, жасырын түрін қоса есептегенде, эксперттердің
талдауы бойынша 10%, кәсіпорындары жұмыс істемей тұрған аймақтарда 16-18%
мөлшерде. Сондай-ақ, көші — қоншылардың жаңа толқынын Зейнеткерлік
туралы заң белсендіреді, себебі зейнет жасына дейінгі жастағылардың 63-ке
дейін мандымсыз зейнетақыны күтіп Қазақстанда тұрғысы келмеуі қазірдің
өзінде 53-55 жастағылардың Қазақстаннан кетуіне әкеліп, Ресей есебінен сол
адамдарға берілетін ақылардың үнемделуіне әкеледі дейді. Бұндай саясат әрі
қарай жалғасатын болса, онда республикадағы қазақтар саны 2015 жылға қарай
80%-ға жетеді дейді.
Ресейлік кейбір демографтардың тілдеріне тиек болып отырған
Қазақстаннан орыстардың кетуінің себебі, экономикалық емес, ұлтара-лық
қарым-қатынастың шиеленісуінде деген тұжырым жасауларына се-беп болған
жағдайдың астарын Ресей Федерациясының 20.12.1995 ж. шыққан Мәжбүрлі көші
— қоншылар туралы заңының 6 — бабынан іздейік. Ол бойынша бұл категорияға
жатпайтындарға, яғни көшіп кел-геннен соң жеңілдікке ие болмайтындарға
түрақты орнын экономикалық себептерге немесе аштық, эпидемия және табиғи
әрі техногендік сипат-тағы кездейсоқ жағдайларға байланысты тастап
кеткендер жатпайды. Осы бапта көрсетілген себептерге жатқызбау үшін,
мәжбүрлі қоныс аударушы статусына ие болу үшін көші — қонның … жалғасы