Қазақстаннан Ресейге бара жатқан автобус аударылды

0
Қазақстаннан Ресейге бара жатқан автобус аударылды


Автобус жыраға түсіп кетіп, аударылып қалған.

Зардап шеккендер бар. Қазақстаннан Екатерибургке қарай бет алған автобус жыраға түсіп, аударылып қалған. Бір жолаушы зардап шекті. Жол-көлік оқиғасы Мәскеу уақыты бойынша 06:30 шамасында Екатеринбург – Шадринск – Қорған тас жолында орын алды.

«Алдын ала мәлімет бойынша «Қазақстан – Екатеринбург» бағыты бойынша келе жатқан автобус жүргізушісі көлікті игере алмай қалып, соның салдарынан автобус жыраға түсіп кеткен. Көлік құралы бүйір жағына қарай аударылған. Салонда барлығы 17 адам болған», — деп жазылған хабарламада.

Жол апаты салдарынан 1985 жылы туған жолаушы зардап шеккен. Ол бас миының шайқалуы, басы мен қолының түрлі жарақатымен Белояр ауруханасына жеткізілді

Дереккөз: Baq.kz