мектепалды даярлық тобы, қыз сыны

0

Ертеңгілік
«Қыз сыны» сайысы
Топ: даярлық

Жүр — ші Мейрамбек
Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Барша қонақтарға 8 — наурыз мерекесі құтты болсын!
Жүр — ші Абушахман
Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Жүр — ші Ерасыл
Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы – ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Естай:
Нұрымхан, білесің бе? Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.
Нұрымхан: Неге, сиқыршы келе ме?
Естай: — Жоқ, таппадың.
Нұрымхан:- Ә, таптым, таптым. Қайрат Нұртас келетін шығар?
Естай: — Жоқ « Қыз сыны» сайысы, Бүгін біз бала бақшамыздың ең сұлу, ашық жүзді аруын таңдамақпыз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Ия, дұрыс айтасыңдар, Құрметті қонақтар бүгін сіздер біздің қыздарымызды, асыға күткен «Қыз сыны» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар! Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу маржан шашылсын!
Абушахман Арулар асыл жандар,
Шуақ боп шашылғандар — деп отырып, ақ маңдай, ашық жүзді, бота көз қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз»
Данияр Бірінші қыз Данеля білімді

Нұрымхан. Меңгерген бар ілімді
Екінші қыз Айдана елгезек
Алады тез тілінді.

Ералы. Үшінші қыз Аяжан толған — ай
Айдай көркем болған — ай.

Алтынбек. Төртінші қыз Қаусар үлбіреген
Қос жанары мөлдіреген.

Әділхан. Бесінші қыз Айназ
Бойға өнер жиған қыз.

С. Нурсултан Алтыншы қыз Анеля
Өн бойында бап талап.

Т. Нурсултан Жетінші қыз Азалия инабатты
Алады тез тілінді.

Ділнар Сегізінші қыз Жаннұр
Папасының еркесі.

Нұрдаулет. Тоғызыншы қыз Адия
Қазақтың сары қызы.
Жүргізуші: — Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылырдың біз сайлайық
Ақ аруды таңдап бүгін алуға —
Деп, бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасын сайлайық.

Жүргізуші: Бүгінгі бүлдіршін аруларымыз мына бөлім бойынша сынға түседі:
1 — бөлім: «Өзін таныстыру»- деп аталады.
Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін — өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
2 — бөлім: «Өз өнері»деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(Ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б өнерлерін көрсетуге болады)
3 — бөлім:»Үй тапсырмасы»
4 — бөлім сән үлгісі
Жүргізуші «Жеті атасын білмеген жетесіз» дейді халқымыз, сол себепті де өздерін таныстыру сайыстың алғашқы шарты болып саналады.
1 қыз. Армысыздар халайық,
Амандасып алайық.
Менің атым Данеля
Мақтануға лайық.
Руым _____________ ішінде
___________ ата боламын немересі
Әкем аты _________
Анам аты ____________
Қыз сынына келіп тұрмын
Данеля атты мен бір гүл.
2 қыз.
Салмақтап сөз бастайын,
Өнерден мен аспайын.
Айдана атты мен қызымын,
Білім қуған жастайы.
_________ деген руым бар
Қазақ деген жұртым бар.
Асқар тау әкем _________
Мені өсіріп баптаған.
Мейірімін маған сақтаған.
____________ атты анам бар,
Соны айтып мақтанам.
Қазағымның дәстүрі жоғалмасын,
Жалғастыру менің ізгі арманым.
Осы отырған көрермен халқым менің,
Иіліп сәлем берем инабатпен.
3 қыз. Аяжан Рыспекқызы
Атым Аяжан сұрасаңыз.
____________ екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Рыспек асқар тауы
Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
Анашым ___________________қызы
Жүзінен төгілетін күннің нұры
Атыңызға кір келтірмей өтсем сіздің
Мойныңнан сүйер ме екен перзентшігің.
4 қыз. Қатысам мен бақшадан жарыстарға
Өзімді көпшілікке таныстырам.
Атым — Қаусар, қызымын Мұраттын
Руым ___________, бөлімі бар ________ деген
Құттықтап аналарды мерекемен
Билейміз дөңгеленіп, айтып өлең.
Шыңдаймыз өнер менен білімді біз
Иіліп өздеріңе сәлем берем.
5 қыз. Армысыздар аналар, ақ жаулықты әжелер!
Бәріңізге жар салайын,
Бүгінгі ертеңгілік төрінде.
Аналар мерекесі күнінде, Таныстырайын өзімді.
Мұратқызы Айназ
_______жылы туғанмын
Ару болған анамнан,
Ат қорғауды үйренгем.
Сұлушаш, Нағима апайлардан,
Үлгі өнеге алғанмын.
Мен балдырған елімнің,
Көркі болып өсемін.
6 қыз. Елдің көркі қыз деген
Қыз дегенің гүлмен тең
Раушан гүл теңдес — Анелямын
Мен бүгін сондай әдемімін!
Аналармен, әжелер күні бүгін,
Құтықтаймын мен бүгін мейрамымен.
7 қыз. Жайнаған қызғалдақтай қыр гүлімін,
Руым________, Ішінде___________
Созбалап айта беріп не керекпін,
Халқымның еркін өскен бір қызымын.
Ұлтым қазақ сұрасаныз Азалия мен боламын.
8 қыз. Сәлем беріп, бас иемін көрерменге,
Алдыңызға жыр шашу төгемін мен.
Атасы мен папасының еркесімін.
Өнерін тамашалайсыздар Жаннұрдың.
Қыз сыны сайысына келіп тұрмын.
9 қыз. Құтықтаймын әжелерді, аналарды,
Менің жасым биыл __________ асты.
Дүниеге апта бұрын келдің деп,
Есімімді нәзіктікке балапты.
Ал атымды атам өзі таңдапты,
Әке, шешем үнсіз ғана қолдапты.
Міне солай Адия деп аялап.
Ғұмыр тілеп дұғаларын жолдапты.
Арғы тегім Толымбек
Туған жерім Ақсу өзен жағажай.
Ән. Мама
Жүргізуші: «Өз өнері»деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(Ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б өнерлерін көрсетуге болады)
Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер.
Ән Аналар мерекесі
3 — бөлім:»Үй тапсырмасы
Би Шляпалар ұлдар
Ән Көктем
Жүргізуші. – Асқар тау, биігіміз сенсің — әже
Жүрегің теңіздей кеңсің — әже
Ұл қызың армансыз болар еді
Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең — әже
Мейрамбек О, балалар, алақай! Әжеміз келе жатыр. Жоғары шығыңыз отырыңыз.
Сізге арнап, бүлдіршіндер өлең шумақтарын айтып береді.
Мансұр. Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне
(Қолын аяғын уқалайды).
Асылхан. Жұмсайды әжем мені де,
Тауыққа жем беруге
Ауырады кей кезде,
Аяғы да белі де
(одеял жабады)
Мансур. Біз дәрісін табамыз
Қамқорлыққа аламыз
Әжемізді өзіміз
Демде емдеп аламыз.
(Дәрі беріп, су береді)
Жүргізуші: Өнеріміз сайыста
Жетелейді алысқа
Бүгінгі күннің жеңісі
Достық болып қалуда — дей келе қорытынды сөзді әділқазыларға береміз(Әділқазылар қыздарға номинация бойынша марапаттайды.(Көркем ару, әдемі ару, білімді ару.)

Жүргізуші. Жарайсыңдар бүлдіршіндер! « Әжем менің қандай» әнін әжелеріне арнап орындап береді. Келесі өнеріміз Көрініс «Дүниеде не қымбат?» Нұралы әжесімен
Немересі: — Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: — Адам қымбат, қалқам.
Немересі: — Адамға не қымбат?
Әжесі: — Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: — Ана қымбат, қалқам.
Немересі: — Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: — Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: — Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: — Дүниеде не қатты?
Әжесі: — Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылшы болса — апайың жақын.
Бауырмал болса — інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт берекең — атаң қымбат.
Аймалайтын — анаң қымбат.
Мейірімді — әжең қымбат.
Асқар тауың — әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
Жүргізуші. — Аяулы да алтын нұрлы анашым
Жүрегімнен мәңгі бірге боласың
Сен арқарсың, сен аспансың, биіксің
Сен дархансың сен жомартсың данасың
Көрініс «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды. Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз
Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Қызы Айназ
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі

Анасы: Данеля
Әйгерімжан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі: Айдана
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөмкемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу! Барлық балалар айтады
Ерасыл: Мейрамбек сен домбырамен ән айтасың ба?, күй тартасың ба?
Мейрамбек:- Мен ән айтсам сені қашып кете ме деп қорқып тұрмын. Одан да бізге «Балдәурен» ансамблі «Зеңгір көктем» әнін орындап берсін! Ортада «Балдәурен» ансамблі.
Абушахман: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Сүйікті аналар сіздерге ұлдар арнап би билейді.
Жүргізуші: Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі
Үйдегі бар шаруаға
Үлгіреді бір өзі.
Балалар аналарына сыйлықтарын таратады. Ата — аналар комитеті балаларға сыйлық таратады.
Жүр — ші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыз көріскенше
Осымен сайысымыз аяқталды.
Жүргізуші. Қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі көктем мерекесіне аман жетейік, көріскенше күн жақсы болсын ағайын

Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
«№ 2 орта мектеп, мектепке дейінгі шағын
орталығымен» мемлекеттік мекемесінің
тәрбиешісі Ахметова Сұлушаш Заркешқызы