Мәңгілік тоң | Скачать Материал

6

Мәңгілік тоң

Мәңгілік тоң – жаһандық құбылыс, ол жер шарының шамамен 25% құрайды, яғни 35 млн шаршы шақырым алады.
Тараған аймақтары – Аляска, Канада, Еуропа, Азияның солтүстігі, Арктикалық мұхит аралдары, Антарктика. Мәңгілік тоң мүлдем кездеспейтін жалғыз материк – Австралия. Африкада мәңгілік тоң тек таулы жерлерде кездеседі.
Ресейде оның аумағының 60-65% -ы (11 млн. км2) үзіліс алаңы болып табылады. Бұл Шығыс Сібір мен Забайкальяда кеңінен таратылады. Ресейдегі мәңгілік тоң қабаттары соңғы мұздық дәуірден бері сақталған, ал енді ол қабаттар баяу еруде.
Жалпы атауы – мәңгілік тоң, көпжылдық тоң терминін негізінен Санкт-Петербург географиялық ғылыми мектебі пайдаланылады.

Мәңгі тоң – көпжылдық тоң; үш түрлі шартты түсінікпен анықталатын термин:
1) жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі таужыныстардың 0°С-тан төмен температурадағы тоңға айналу құбылысы;
2) таужыныстардың ұзақ уақыттар бойы ерімейтін (жібімейтін) қабаты;
3) бойындағы ылғалы тоңға айналып, берік шегенделген тау жыныстар.
Мәңгілік тоң қалындығы бірнеше метрден 600 — 700 м-ге дейін жетеді. М.т. бүкіл Сібірді қамтумен бірге, биік тау бастарында (Тянь-Шань, Памир және т.б.) да таралған. Ол табиғаттың барлық құрамдарының сипатына ықпалын тигізеді, яғни мәңгілік тоң таралған аумақтарда ерекше жер бедері түзіледі (шұқанақтар, батпақты ойыстар, өзегі мұздаң тұратын төбешіктер жене т.б.); топырақ түзілу процесі баяу жүреді; ағаш, өсімдік түрлері тамырын тереңге жая алмайтындықтан, орман-тоғай сирек өседі және т.б. Мәңгі тоңның тигізетін әсері түрлі құрылыстарда, жол салуда, пайдалы қазбалар өндіруде, егін егуде есепке алынып отырады.
Мәңгілік тоң терминін ғылымға 1927 жылы тоң зерттеуші Ресей ғалымы М.И. Сумгин (1873 – 1942) енгізген. М.И. Сумгин анықтамасы бойынша мәңгілік тоң деп, күндізгі бетте кейбір тереңдікте орналасқан, үзіліссіз ұзақ уақытқа (екі жылдан оңдаған мыңжылдыққа) дейін созылатын грунт горизонтын атайды. Бұл анықтама грунттың температуралық жағдайына ғана негізделген, онда су бар ма, әлде жоқ па, мұзбен тығыз цементтелген бе және т.б. тәуелсіз. Мұндай анықтама мәңгілік тоңның міндетті түрде бұрыс тепмератураға ие болатын қандай да бір қалыңдықты көрсетеді, бірақ бірдей физикалық жағдай мен морфологиялық белгілер міндетті емес. Шынында да қазіргі кезде, мысалы мәңгілік тоң арасынан құрғақ тоң деп аталатын (грунт бұрыс температураға ие болғанда, борпылдақ не тығыз массамен түсіндіріледі) жағдайлар да табылған және қатпарлы (қатпарлар грунт қатпарларымен кезектесіп отырады). Грунттың жазық тоң қалыңдығында мұздың қалың тақтасын немесе грунттың бір текті тоң массасында ұсақ мұзды кристалдарды және т.б. көруге болады.
Мәңгілік тоң тараған климат облыстары біресе кеңейеді, жылыдан суыққа және керісінше климаттың өзгеруіне байланысты біресе тарылып отырды. Барлық жағдайларда мәңгілік тоңның құрылуы материктік мұздықтардың қалыптасуына себебін … жалғасы