Мектеп асханасының қызметкерінен туберкулездің ашық түрі анықталды

0
Мектеп асханасының қызметкерінен туберкулездің ашық түрі анықталды


Шығыс Қазақстан облысы Бобровка ауылындағы мектеп асханасының қызметкерінен туберкулездің ашық түрі табылды.

Ол бір жарым ай бойы білім беру мекемесінің 300 оқушысы мен 80 қызметкерін қауіпке қалдырған.Мектеп оқушыларының ата-аналары бір нәрсе болғанын сезген. Дәрігерлер жоспардан тыс оқушыларға флюорография мен манту жасай бастаған. Сонда ғана мектеп асханасының техникалық қызметкерлерінің бірінен туберкулездің ашық түрі табылғаны белгілі болған. Мектеп басшылығы ақталған жоқ, бірақ болған оқиғаға жауапкершілікті мойындарына алмады. Директордың сөзінше, бар жауапкершілік асхананы жалға алушылардың мойнында. Олар қызметкерлерінің медициналық тексерістен өткенін қадағалаулары керек. Науқастанған әйел 3 қыркүйекте медициналық тексерістен өткен. 

Ол көрші Винное ауылындағы ауруханаға барған. Онда жөтеліп, қызуы аздап көтеріліп тұрғанын айтқан. Науқасты тексерген дәрігерлер «өткір бронхит» диагнозын қойған. Ол осыдан емделіп жүрген, бірақ бір аптадан соң денсаулығы нашарлап, облыстық орталықтың пульмонология бөліміне түскен. Сол жерден туберкулездің ашық түріне шалдыққаны анықталды. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері осыдан кейін флюорографиядан білім бөлімінің 80 қызметкері мен 283 оқушы және науқаспен контактіде болған алты алты адам өткенін хабарлады. 

«Ешкімнен қауіпті ауру анықталмады», – деді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменов. 

Дезинфекциялық бригаданың күшімен мектеп асханасы мен білім бөлімінің басқа да ғимараттары тазартылды. Әйел адам облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жіберілді.  Асхананы жалға алғандар төтенше жағдайға жол бергендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Дереккөз: today.kz