Конституциялық құқық — құқықтың жетекші саласы

0

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … 2

I — тарау Құқықтық жүйе: ұғымы, мәні және Қазақстан Республикасының
құқықтық жүйесін одан әрі
дамыту … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… 5
1.1 Құқықтың ұғымы,
мэні … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … 5
1.2 Қазақстан Республикасының құқықтық саясат
тұжырымдамасы … … … … .. 7

II тарау.Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін одан әрі дамыту, адам
мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың
мемлекеттік кепілдіктерін
нығайту … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… 10
2.1 Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
сақтаудың мемлекеттік кепілдіктерін
нығайту … … … … … … … … … … … … … … 10
2.2 Қазақстан Республикасы сот жүйесінің
дамуы … … … … … … … .. … … … … . 21

Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … .. 25

Қолданылған
әдебиеттер … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … 26

КІРІСПЕ

Курстық жұмысының өзектілігі: Көптеген құқық нормалары әр түрлі
қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста
болады. Құқық жүйесі объективтік сипатта болады, себебі шын мәнісіндегі бар
қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді және адамдардың субъективтік
көзқарастарымен құрылмайды. Құқық жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік
және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдің тарихи даму барысымен, оның
ұлттық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық
жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін
белгілейді. Құқық жүйесі тұтас бірлікте құралады, ондағы құқық нормалары
бір — бірінен келісімді және жеке қимыл жасамайды. Құқық нормаларының
бірлігі және құқық жүйесінің бойындағы келісімділігі құқықтық принциптердің
бірлігімен қамтамасыз етіледі және атқаратын функцияларымен құқықтық
мақсаттарға сай болады. Құқық жүйесінің өзі, шын мәніндегі қоғамдық
қатынастардың сипатына қарай, оларға мақсатты ықпал жасайды. Оның тиімді
болуының өзі, қоғамдық дамудың қажеттілігін қалай көрсетуіне, белгіленген
мақсаттарға жетуге қосқан үлесіне байланысты. Құқықтық реттеуде, кейбір
құқық нормаларының бір-біріне қайшылығы көп зиян келтіреді. Заң шығарушының
мақсаты — құқық жүйесінің жағдайына қарау, оны жетілдіру, дер кезінде
жетімсіздікті, қайшылықтарды жою болып табылады. Құқық жүйесі құқық
ережелерінің тұрақтылығына байланысты және сонымен қатар, өзінің жөнді
динамизмінен айырылмауы қажет, дәлелденген өзгерістер және құқық жүйесін
әрдайым толықтыру қажет, себебі коғамдық тәжірибе әр уақытта бір орында
тұрмайтыны анық. Құқық жүйесі, өте қиын құбылыс, өзінің белгілі құрамы бар,
өзін құрайтын шартты бөліктерден тұрады — құқық салалары және институттары,
олар коғамдық қатынастардың жекелеген топтарын реттейді. Жекелеген құқық
нормалары, басқа біржақты, нормалармен бірігіп, соған не болмаса басқа
құқық институттарына жатады. Сондай қызметтеріне байланысты құқық
нормаларының реттеу рөлі көрінеді, олардың әлеуметтік орны белгіленеді.
Құқықтық институттар бірігіп, сол қоғамның құқық жүйесін құрайтын құқық
саласына айналады.
Құқық жүйесі — құқықтың ішкі құрылымы, барлық құқық нормаларының
бірлігімен, келісімділігімен, олардың сапарларға қосымша салаға, құқықтық
институттарға бөлінуіндегі қисынымен көрінеді. Қоғамдағы құрылған құқық
жүйесі осы елдің тарихи дамуындағы заңдылық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол
көптеген қоғамдық қатынастардың ықпалымен және қажеттілікпен құрылады,
қоғамның көпжақты мүдделерін және даму болашағын қамтиды. Жүйе,
философиялық түсінік ретіңде — бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас
құбылыс, бір-бірімен қарым-қатынаста және әрекеттестік жағдайда болады.
Біртұтастығына байланысты өзін құрайтындарынсыз болмайды, сол сияқты оны
құрайтын жеке бөліктері де, жүйесінсіз өз еріктерімен жеке функцияларды
орындай алмайды. Құқық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар негізінде
құрылады және қызмет істейді. Ол өте күрделі және даму жағдайындағы
әлеуметтік құбылыс, нормативтік нысанда қоғам өмірінің заңдылықтарын
көрсетеді және бекітеді. Құқық — жүйе ретінде мынадай белгілермен
сипатталады:
біріншіден, құқық — жиынтығы емес органикалық тұтас, құқықтық құбылыс.
Құқық нормалары, объективтілігімен сипатталады. Ол адамдардың субъективтік
пікіріне сай құрылмайды, себебі сол ортадағы бар жүйенің қоғамдық
қатынастарымен қамтамасыз етіледі. Құқық бір жағынан, арнайы нысанда сол
жүйенің қатынастарын көрсетеді, екінші жағынан, оларға реттеушілік ықпалын
тигізеді. Егер, құқық өзінің нормаларында қоғам өмірінің қажетін дұрыс
көрсетпесе, қоғам дамуына кедергі болады. Былайша айтқанда, заңдар немесе
нормалар, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білмесе, ол — өз
мәнінде жүргізілмеген құқықтың шығармашылық нәтижесі.
Құқықтық жүйе — біртұтас және өзін құрайтын нормалар қарым
қатынастығымен сипатталады. Олардың реттеу күші, жалпылама алға қойған
мақсаттарына жетуге арналған бір-бірімен келісушілігінде. Құрамның әрбір
бөлігі құқық жүйесінен алынбаса, жүйелік қызмет әрекетінен және әлеуметтік
маңыздылығынан айырылады. Екіншіден, құқық жүйесі — көп салалы өзіне
мазмұндары бірдей емес және көлемі жағынан да өзгеше, құрамдық бөліктерін
қосып алады. Біртұтас құрылым болғандықтан, құқық жүйесі құқық нормаларына,
құқық институтына, әр түрлі салаларға және сапа бөліктеріне бөлінеді. Ондай
бөліну, құқық жүйесінің көрсететін және реттейтін коғамдық қатынастардың
жан-жақтығына байланысты. Курстық жұмысының мақсаты. Құқықтық және
мемлекеттік құрылыстарды олар тарихи дамуында және Құқықтық тенденциялар
Ежелгі Грецияда және Римде сонымен қатар Ежелгі Тарихи қалыптасқан нәрсе
Қазақстанның құқықтық мәдениетінің құрылымына шығыстық дәстүрлер құқықтық
жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер
Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәнін қоғамның құқықтық жүйесі бойынша
Курстық жұмысының міндет: құқықтық жүйе құқықты қолдануға байланысты
барлық тәсілдерді толықтай біріктіреді. Екіншіден, құқықтық жүйе барлық
құқықтық құбылыстардың жаңа деңгейде бірігуін білдіреді. Құқықтық жүйе
құқықтық мемлекеттің бір белгісі болып табылады. Профессор Н.И.Матузовтың
пікірі бойынша: құқықтық жүйе ұғымының құндылығы қоғамның құқықтық жүйесін
талдаумен байланысты болады. Сондықтан кез-келген заң құқықтық жүйенің
иерархиялық құрылымына қайшы келмеуі керек. Құқықтық жүйенің қалыптасуы
салыстырмалы ұзақ кезенді алатын қиын іс болып табылады. Заңи әдебиеттерде
құқықтық жүйе категориясын салыстырмалы түрде жаңартып отырады. Ол 80 —
жылдардың аяғынан бастап енді. Бірақ та Батыс заңгерлері бұл ұғыммен
бұрынғы кезден айналысуда. Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын
байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады.
Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі
өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды
және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық
құбылыстардың бірлігін білдіреді.
Зерттеу нысаны: Барлық қоғамның құқықтық жүйелерінің пайда болуы,
қалыптасуы және дамуына байланысты туындаған әдеттік құқықтық қатынастар,
олардың табиғаты, мәні мен мазмұны, негізгі өрбу кезеңдері мен
ерекшеліктері құрайды.
Курстық жұмысының құрылысы: Кіріспеден,екі күрделі тараудан,оның
ішінде тақырыпшадан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттен құрылады.

I — тарау. Құқықтық жүйе: ұғымы, мәні және Қазақстан Республикасының
құқықтық жүйесін одан әрі дамыту

1.1 Құқықтың ұғымы, мәні

«Жүйе» ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген
неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901—1972). Ол бұл терминді клетканың
сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара
байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің
бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы
дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару
арқасында дамиды. Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла
бастады. Социологияда коғамды жүйелік түрде талдаған — Т. Парсонс. Ол
қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси,
әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктін әрқайсысы белгілі бір
қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап
қайтарады. Олар қосылып жалпы коғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Саяси
жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50
жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси
жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен
кіріс, шығыс принциптері арқылы байланысады. «Кірістің» 2 түрі бар:
талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы
құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе
әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге
болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін
білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін
қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру,
азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау және т.б.
Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси
жүйе әлсірейді. Егер де қоғамда маңызды экономикалық және саяси өзгерістер
болып ж атса, оның құқықтық жүйесі де өзгеріссіз қалмайды. Өйткені қоғамның
экономика лық және саяси жүйесі құқықтың қатысынсыз өмір сүруі мүмкін емес.
Кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның дамуының заңдылықтарын,
оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін көсетеді. Әрбір мемлекет басқа
мемлекеттің құқықтық жүйелерімен ұқсастықтары және өзіндік ерекшеліктері
бар жеке құқықтық жүйесі болады. Құқықтық жүйе дегеніміз — белгілі бір
елдегі, қоғамдық қатынастарды реттейтін бір бірімен тығыз байланысқан
құқықтық құрылымдардың және сол елдің құқығының дамуының деңгейін
сипаттайтын элементтердің жиынтығы. Құқықтық жүйе келесі элементтерден
құрылады:
1. позитивті құқық, яғни заңдарда немесе басқа да нормативтік
актілерде бекітілген мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті нормалар
жүйесі;
2. құқықтық идеология қоғамдағы құқықтық көзқарастар, идеялар,
түсініктер жиынтығы.
3. құқықтық сана жеке адамдардың және әлеуметтік бірлестіктердің
мемлекетте әрекет ететін және қоғам қалайтын құқыққа қатынасы;
4. сот тәжірибесі.Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 ;4 статьяларының негізінде
құрылады. Бұл статьяларда заң шығарудың, құқықтық тәжірибенің және үстемдік
ететін құқықтық сананың демократиялық, гуманистік сипаты, яғни Қазақстан
Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің құрылымының ерекшеліктері
көрсетіледі.Егемендік алғаннан кейін ҚР әр түрлі факторларды ескере отырып
өзінің жаңа ұлттық құқықтық жүйесін құрайды. Жалпы Қазақстан
Республикасының құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін көрсете отырып, оның
роман — германдық құқықтық жүйеге жатқызуға болады.
Ең алдымен, Республикамызда құқықтың негізгі қайнар көзі — нормативтік
— құқықтық акт.Конституцияның 4 — статьясында Қазақстан Республикасында
қолданылатын құқық Конституциясының,оған сәйкес келетін заңдар, өзге де
нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және
өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің
және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады
делінген.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі құқықты қоғамдық
қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез — құлық ережелерінің жиынтығы
ретінде түсінуге негізделеді.
Адамның табиғи құқығы мен бостандығын мойындау, конституция деңгейінде
бекіту және ерекше мән беру – Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің
тағы бір ерекшелігі болып табылады.
Сот органдарының заң шығаруға құқығы жоқ. Олар тек заңды қолданады
және құқықтық нормаларға түсінік береді.Қазақстан Республикасының құқықтық
жүйесінің тағы бір ерекшелігі — Конституцияның жоғарлылығы. Бұл принцип
мемлекеттің Конституцияға бағыныштылығын білдіреді, яғни, барлық
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың
жұмысы Конституцияға негізделуі керек. КР-ң негізгі заңы, барлық
нормативтік құқық тық актілердің негізі.
Республикада қабылданған заңдар мен өзге актілердің Конституцияға
сәйкестігін Конституциялық Кеңес қабылдайды.
KP-да құқықтың жеке салаларына жататын мемлекет заңдары бірыңғай
жүйеге келтірілген.
Қорытындылай келе, ҚР-Ң ұлттық құқықтық жүйесінің роман-германдық
құқықтық жүйеге сәйкес келетін көптеген белгілері бар. Олар:
1. құқықтың негізгі қайнар көзі — нормативтік-құқықтық акт;
2. заңдардың жүйеленуі;
3. Конституцияның тікелей қолданылуы;
4. құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық
ережелерінің жиынтығы ретінде түсіну және тағы басқалары.

1.2 Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы

Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық құбылыс ретінде түсінілетін
философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек.
Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның
мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету,
демалу, өмір сүру, қорғану құқығы секілді тікелей субъектімен байланысты
құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық — нормативтік құқықтық актілерде
белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек
— субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және
тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері «объективтік құқықтын11
негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін
жүруге деген «субъективтік құқықтары» тоқтатылып, жеңілдіктер алынып
тасталған. Құқық бұл көрсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі
(әкімшілік құқық, Азаматтық, құқық, Еңбек құқығы және т.б.) Құқықтық
объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де
жоққа шығарылмайды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін
білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз — мемлекет белгілеп,
мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың)
жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің
мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп,
тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады.
Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің
дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм,
интернационализм, гуманизм.Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл
ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы —
халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік
билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі—
мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке
меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық
субъектілерінің заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен
заңды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.
Демократизм азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен ұштаса
отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құқығын қамтамасыз ететін
оның құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді.
Демократизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша
орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуы міндеттерін
орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы
қоғамдық, бірлестіктердің Конституция мен заңдар шеңберінде мемлекеттік
істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен қабылдауға, мемлекеттік және
жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік
береді.
Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси,
шаруашылық және мәдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті
тану және оны құқықпен қамтамасыз ету болып түсініледі. Республикамызда
нәсіліне, ұлтына, тіліне және т.б. жағдаяттарға қарамастан құқық пен
бостандық тендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халықтары
Ассамблеясы интернационалдық ұйым.
Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдық, адамгершілік) — адамның
жеке тұлға ретіндегі кұндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін
көрсету құқығын тану. Адамның қадір — қасиеті мен құқықтарын қадірлеуді
қамтамасыз етуден тұратын басты құқықтық принциптердің бірі — оның
игіліктеріне қамқорлық, жасау.Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша
аталған. Онда әркімнің өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің ез бетінше
адам өмірін қиюға хақысы жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматтың ар-ожданы
мен абыройына қол сұғуға болмайтыны жөнінде баяндалған. Сонымен қатар
адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім заңды күшіне
енбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы жөніндегі қағида
орнықтырылған. Осылайша, кез келген күдік дәлелденгенге дейін айыпталушы
тұлғаның пайдасына шешіледі. Құқық пен моралдың, өзара байланысы және өзара
шарттастығының арақатынасы қандай? Біздің құқыққа моралдың жоғары
принциптері тән. Мораль да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде
бір мақсатқа: әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі — мызғымас Қазақ
мемлекеттілігінің құрылысына қызмет етеді. Қазіргі заманда Қазақстан
Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты
экономиканы қалыптастыру, либерал — демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі —
функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау,
орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және
сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер
дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін — мемлекеттік
аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган
құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты
қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең — сатылары: функция — орган
аппарат — мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған
мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге
болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
— қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және
қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
— функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
— мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет
функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
— мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-
тәсілінен айыра білуге болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, еріксіз
түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің
құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз
түрде орындау қамтамасыз етіледі.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың
мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы
өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты
аспектілері құқықта бейнеленіп көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің
материалдық жағдайы өзгерген сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты заңдардың да тиісінше
өзгеріске ұшырап, толықтырылып отыруы заңды құбылыс. Қоғамдық қатынастардың
бұдан кейінгі дамуында да құқықтың рөлі арта түсуі керек. Конституциялық
құқық дегеніміз — Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық
құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық қатынастарды, мемлекет пен жеке
адамның қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау жүйесінің негіздерін халықтың
қолындағы мемлекеттік билікті іске асыру тетіктерін реттейтін және
белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Конституциялық құқық — құқықтың жетекші саласы. Себебі оның басты
қайнар көзі Конституцияның өзі болып табылады. Ол мемлекеттік билікті
жүзеге асыру аясында қалыптасқан маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.
Оның нормалары басқа құқық салалары үшін бастапқы негіз қызметін атқарады.
«Қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне
отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» деген жолдармен Конституциямыздың
қабылдануы ұлттық мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең болды әрі
республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың бай тәжірибесін
нығайта түсті.
Мемлекет және жеке адам Ата заңымызда Қазақстан Республикасында адам
құқықтары мен бостандықтары танылып, оларға кепілдік берілетіні жөнінде
айтылған. Мемлекет өз қызметін азамат пен қоғамның мүддесінде жүзеге
асырады. Біздің қоғамымыз — шынайы ізгілікті қоғам. Осыған байланысты бізде
қоғам мен жеке адам арасындағы қарым-қатынас мәселесіне елеулі мән
беріледі. Конституцияда жеке адамның құқықтық жағдайы, оның қоғамда алатын
орны, яғни құқықтық мәртебесі баянды етілген. Құқықтық мәртебе (латынша
status — орын, жағдай) — Республика азаматының құқықтық жағдайы (құқықтар
мен міндеттерінің жиынтығы). Республикадағы әрбір адам азаматтық алуға, оны
өзгертуге құқылы.
Азаматтық деген ұғым адамның белгілі бір мемлекетке құқықтық
тиістілігін түсіндіреді. Азаматтыққа қарай адамға мемлекеттің заңдары,
белгіленген азаматтық құқықтар мен міндеттер тарайды.

II тарау.Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін одан әрі дамыту,
адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың
мемлекеттік кепілдіктерін нығайту

2.1 Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
сақтаудың мемлекеттік кепілдіктерін нығайту

Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етілген, адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, құқықтың үстемдігі,
біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуі және олардың тежемелік
әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы келісе қызмет істеуі принциптеріне
негізделген демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру
бағытының заңнамада дәйекті түрде іске асырылуын қамтамасыз ету керек.
Бұл орайда адам құқықтарының басымдығын қоғам мен мемлекеттің
мүдделерімен үйлесімді сәйкестендірген жөн.
Құқықтық жүйені бұл бағытта дамыту, оны халықаралық құқықтың жалпыға
бірдей танылған принциптері мен нормаларына, халықаралық стандарттарға
дәйекті түрде сәйкес келтіру қажеттілігі Мыңжылдық басқосуында (2000 ж.)
қабылданған БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясында бекітілген. Декларация
мемлекеттердің, әлемдік қоғамдастықтың «демократияны қолдау және құқықтық
тәртіпті нығайту» үшін күш-жігер жұмсау қажеттігін ерекше атап көрсетеді.
Бұл тұрғыда Құқықтық саясат тұжырымдамасы тек құқықтық жүйе дамуының
бағытын айқындап қоймай, сонымен бірге құқықтық саясаттың әлеуметтік-
экономикалық және саяси салалардағы реформалармен үйлесімділігін қамтамасыз
етуі тиіс.
Құқықтық даму мақсаттарының бірі саяси жүйені жетілдіру болып
табылады.
Халықтың саяси белсенділігінің заңдық нысандарының алуан түрлілігі мен
мәдениетін шынайы қамтамасыз ету қажет.
Үкімет туралы заңнама оның қызметінің тиімділігін және қабылдаған
шешімдері үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында жетілдіруді қажет етеді.
Сайлау заңдарын, сайлау процесін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру,
бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау іс-шараларын әділ де толық
көрсетудегі рөлін нығайту және жауапкершілігін арттыру қажет.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында біртұтастық пен
басқарушылық талаптарының бұлжымай орындалуы жағдайында мемлекеттік
биліктің түрлі деңгейлері арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен
жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан эрі
жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс
істеуі үшін жағдайлар туғызу мақсатқа сай болмақ.
Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын кезең-кезеңмен қалыптастыру
азаматтық қоғам институттарын нығайтуға ықпал етпек.
Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын
(омбу демен) құру қажеттілігі туындап отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары нарығын дамыту, оның экономикалық
дербестігін, сондай-ақ оларға қоғамдық және мемлекеттік бақылау жасау
тетігін қамтамасыз ету саласындағы заңдарды одан әрі жетілдіру қажет.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін заңдар жетілдіру талап
етеді.
Нарықтық экономикаға өту, мемлекеттің меншік иесі, монополист, елде
шығарылатын өнімнің негізгі өндірушісі және ұсынушысы рөлінен бас тартуы
азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар саласын сапалық тұрғыдан
кеңейтті.
Азаматтық құқық еңбек, отбасылық және өзге де қоғамдық қатынастарға
барған сайын дендеп ене түсті. Мұның бәрі мемлекеттің құқықтық жүйесінің
мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғайтын бұқаралық құқық пен жеке
мүдделерге қызмет етіп, оны қорғауды қамтамасыз ететін жеке құқыққа ауқымды
бөліну процесі аясында жүріп жатыр.
Осымен байланысты жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді байыпты
үйлестірудің шұғыл қажеттілігі сақталып отыр. Бұдан келіп, заң шығарушының
азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудегі негізгі міндеті мұндай құқықтық
қатынастарға қатысушылардың барлығының мүдделерін қорғайтын нақты құқықтық
тетігі бар еркін нарыққа барынша кең өріс ашу болмақ.
Осыған орай, бұлжымай орындалар болса, азаматтық заңдардың одан әрі
дамуы жүзеге асуы тиіс азаматтық заңдар принциптері ерекше өзектілікке ие
болады. Негізгі принциптер қатарына мыналарды жатқызуға болады:
Мемлекеттің немесе оның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің азаматтық
құқық қатынастарына енерде өз азаматтық-құқықтық серіктестері алдында
қандай да бір артықшылықтары немесе жеңілдіктері болмайтынын, ал кез келген
ұйымдық нысандағы заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынастары субъектілері
ретінде жеке тұлғаларға теңестірілетінін, және де шетелдік азаматтар мен
шетелдік заңды тұлғалар, Республика заңдарында белгіленген шегіністер
болмаса, қазақстандық азаматтар мен заңды тұлғалар секілді құқықтар мен
міндеттерді, әрі нақ сол тәртіппен иемденетінін білдіретін азаматтық-
құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі;
Ең алдымен, меншік иесінің өз мүлкін өзінің жеке ұйғарымы бойынша
пайдалану мүмкіндігін тануды білдіретін меншікке қол сұқпаушылық; бұл
орайда меншік иесінің өз құқық өкілеттігін жүзеге асыруы өзге адамдардың
және мемлекеттің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс;
Кез келген тұлғаның өз қалауы бойынша және мәжбүрлеусіз шешім қабылдау
— өзінің қандай да бір шартқа кіру — кірмеу өзі шартқа отыруды қалаған
серіктесін таңдау және шарт талаптарын айқындау құқығы барлығын білдіретін
азаматтық-құқықтық шарт жасасу еркіндігі;
Әрекетке қабілетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өз мүлкіне
иелік етуіне, пайда табуына, кірістерін жаратуына мемлекеттік органдар мен
басқа да тұлғалардың ықпал етуіне жол берілмеуін білдіретін, мемлекеттің
және үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы;
Азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілері ретінде
кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау.
Жалпы алғанда, азаматтық заңдар меншікке қол сұқпаушылықты және тауар-
ақша қатынастарына қатысушылар қызметінің еркіндігін қорғауы тиіс. Бұл үшін
бірінші кезекте меншік құқығын, мүліктік және міндеттілік құқық
институттарын одан әрі де дамыту, жеке адам мен қоғам мүдделерінің барынша
үйлесуінің, құқықты оның әлеуметтік мақсатына сай пайдаланудың негізінде
жеке — құқықтық қатынастардың заңнамалық базасын жетілдіру қажет. Нарықтық
қатынастардың одан әрі дамуы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке
меншік институтын енгізуді қажет етеді.
Азаматтық құқықты дамытудың басымдық бағыттарының бірі зияттық меншік
объектілеріне құқықты реттейтін заңдарды одан әрі жетілдіру болуы тиіс. Ол
авторлар мүдделерін, сол секілді Қазақстанның экономикалық, технологиялық
және ақпараттық қауіпсіздігі мүдделерін сақтауға негізделуі тиіс. Ғылыми-
техникалық жетістіктерді құруға және пайдалануға қатысты бірқатар заң және
заңға тәуелді актілерді қабылдау қажет, олар өз кезегінде азаматтардың —
санаткерлік меншік объектілеріне айрықша құқы барлардың әрі осы объектілер
иелерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-
шаралар кешенін практикада іске асыруға мүмкіндік береді.
Жұмыс берушілердің өз жұмысшыларын міндетті медициналық сақтандыруын
енгізу туралы мәселе шешімін талап етеді, бұл халыққа медициналық көмек
көрсету көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді, сол секілді әлеуметтік
тәуекелдер түрлері мен төлемдер негіздері бойынша заңдарды кезең деп
жүйелеу көзделуде.
Еңбек қабілетін жойған, асыраушысынан айрылған немесе жұмысын
жоғалтқан жағдайда халықты қосымша әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету
мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру үшін
құқықтық база құру қажет.
Нарықтық экономикада орын алған еңбек қатынастары нысандарының әр
алуандылығы мен күрделілігі еңбек заңдарын одан әрі жетілдіруді қажет
етеді. Бұл орайда еңбек құқық қатынастарын реттеу қазақстандықтар
мүдделерінің басымдығы тұрғысында өрбуі тиіс.
Мұнымен бірге Қазақстанда азаматтық қызмет институтын құру және дамыту
үшін заңдық негіз құру қажеттілігі туып отыр.
Әлеуметтік қарама-қайшылықтарды құқықтық әдістермен шешу тетігін
құрудың, әлеуметтік шиеленістің саяси өріс алуын болдырмаудың маңызы зор.
Мұнда кәсіптік одақтардың қызметі шешуші фактор болып табылады. Осыған
байланысты олардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында кәсіподақтар
туралы заңдар жетілдіруді талап етеді.
Мемлекеттік қызмет туралы заңдарға мемлекеттік қызметтің кәсібилігі
мен тұрақтылығын арттыруға, мансаптық өсуді ынталандыруға, ықпалды кадрлық
резерв қалыптастыруға, кадрларды оқытудың жалпы мемлекеттік жүйесін құруға,
мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау шараларын
күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізу қажеттілігі болып отыр.
Бұл орайда мемлекеттік қызмет туралы заңдарды жетілдіру процесінің
басты бағыттарының бірі қызметтік баспалдақ бойынша өсудің мансаптық
жүйесіне ауысу болмақ.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы күрестің құқықтық
тетіктерінің тиімділігін арттыру проблемасы үнемі назарда ұстауды талап
етеді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін деп адамдарды негізсіз
жауапқа тартуды болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының
шеңберін заңдық тұрғыдан белгілеп алған жөн.
Сол сияқты, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны
үшін жауапкершіліктен жалтартуға жол бермеу мақсатында қолданыстағы
заңдарға мұндай құқық бұзушылықтарды орау мерзімін ұлғайту тұрғысында
тиісті өзгерістер енгізу маңызды болмақ.
Шетелдік азаматтар асырап алатын кәмелетке толмаған балалардың
құқықтарын қорғау мәселелерін заңмен реттеу, сондай-ақ мүгедектердің
құқықтарын қорғау туралы заң қабылдау қажеттілігі туып отыр.
Экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы заңдар экономиканы
мемлекеттік реттеудің оңтайлы тетігін жасау және оның қызмет істеуіне
қолайлы жағдайлар туғызу саласындағы қатынастарды реттеуге, нарықтық
қатынастарға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму процесіндегі өзара
іс-қимыл тәртібін реттеуге тиіс.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі, соның ішінде жеке меншік
иесінің инфрақұрылымдық дамыту, өнеркәсіптің бірқатар салаларын айта құру,
табиғи монополиялар қызметіне оңтайлы тарифтер белгілеу, көптеген
эксперименттік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардағы іргелі ғылыми
зерттеулерді жалпы мемлекеттік ауқымда қаржыландыру және ұйымдастыру
мәселелерін шешуге мүдделі еместігінен туындайды. Бұл міндеттерді шешуді
мемлекет инвестициялық, тарифтік, салық және сауда саясатын жүргізу арқылы
өзіне алуға мәжбүр болып отыр.
Әлемдік тәжірибені зерделеу көптеген дамыған елдер орнықты даму
сатысына экономиканың белгілі бір салаларындағы мемлекеттің белсенді
рөлінің нәтижесінде қол жеткізгенін, оның мемлекеттік экономикалық реттеу
жүйесі арқылы іске асырылғанын көрсетеді.
Сондықтан экономиканың одан әрі дамуы рынокқа қатысушылар қызметін
осыған барабар мемлекеттік реттеу арқылы, бірақ олардың кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне деген конституциялық құқығын сақтау және теріс пиғылды бәсекеге
жол бермеу жағдайында жүзеге асырылуы тиіс. Және де бірінші кезекте шағын
және орта бизнесте, сол секілді аграрлық секторда жұмыс істейтін отандық
тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауға бағытталуы тиіс. Сол секілді
экономикалық қызметтің импорт алмастыру, өндірістің негізгі құралдарын
жаңғырту, сонымен бірге инновациялық қызметті дамыту секілді бағыттарын
үйлестіре дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер мен
тетіктер әзірлеуді қарастыру керек.
Уақытша қиындық көріп отырған, бірақ экономика үшін маңызды
кәсіпорындардың немесе тіпті тұтас салалардың банкротқа ұшырауына жол
бермеуге бағытталуы тиіс «өнеркәсіптік саясат» дегенге ерекше назар аудару
қажет. Өнеркәсіптік саясат міндеттеріне бәсекелестіктің өсуін қолдауды, оны
ынталандыруды және кеден заңдарын одан әрі жетілдіру есебінен экспорттық
және импорттық ағындарды реттеуді жатқызуға болады.
Мұнымен қатар ұлттық компаниялардың, өкілетті органның және
мемлекеттің жауапкершілік салаларын ажырата отырып, ұлттық компаниялар
мәртебесін нақты белгілеген жөн.
Қаржы, банк заңдары экономиканың жаңа нарық қатынастарында жұмыс
істеуі үшін оңтайлы құқықтық ортаны одан әрі де қамтамасыз етуі, қаржылық
құралдардың дамуына ықпал жасауы және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдауға жәрдемдесуі тиіс.
Елдегі қаржы саясаты мен ақша айналымы саласында Тұжырымдама
басымдықтары мемлекеттің, азаматтардың және заңды тұлғалардың мүдделерін
қорғаудың нақты құралы ретіндегі қазіргі заманғы тұрақты ұлттық қаржы
нарығын нығайтумен, мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігінің бірі ретіндегі
тиімді қаржы жүйесінің жұмыс істеуімен байланысты. Бұл мақсат: ұлттық … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz