Шетелдік суретші Димаштың таңғажайып суреттерін жариялады (фото)

0

 Қазақстандық әншінің жанкүйері Димаш туралы ерекше сурет жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол өзінің инстаграм парақшасына Димаш пен Майкл Джексонның суретін жария етті.

Димаш

Жанкүйерлер бұл суретті «екі аңыз адамның кездесуі» деп атап, жоғары бағасын берді. Бұл сурет әлеуметтік желіге таралып, қызу талқылануда.

Димаш

Элла де Грайс суретші бұл туындылары туралы былай деп пікір қалдырды:»Жарайды. Димаш пен Майкл Джексонның үш картинасын жасадым. Маған аса ұнай қоймады. Бірақ жариялауды жөн көрдім. Себебі Димаш танымал әртіс Майкл Джексонның жанкүйері».

Димаш

Иә ерекше суреттер. Соңғы кезде Димашты жанкүйерлері аңызға айналған Майкл Джексонмен салыстырып жатыр. Димаш қазірдің өзінде бүкіл әлемді аузына қаратқан аңыз адамға айналды. Шетелдік суретшінің бұл туындысын «екі аңыз адамның кездесуі» деп атау әбестік емес шығар.

«Қамшы» сілтейді