Сценарийді жүзеге асыру. – Информатика – Bilim

0
141

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер:


Scratch программасы-программа Scratch-Scratch program,


жоба-проект-project, спрайт-спрайт-sprite, сахна-сцена-scene,


скрипт-скрипт-script, кітапхана-библиотека-library.


Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Scratch ойын ортасында …… болады?


Scratch ойын ортасында …… жүзеге асыруға болады?


Ойын ортасында кітапхана ресурстарынан …… қолданамыз?

8 мин













Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған білімдерін еске түсіру


(Т) «Үш қадамдық сұхбат» әдісі


Әр топта тілші, хатшы және қалған оқушылар интервью берушілер болады. Тілші қима қағаздар арқылы «Scratch ойын программалау ортасында нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру» тақырыбы аясында сұрақ қояды, ал, интервью берушілер жауап берулері керек, хатшы жауапты жазып алады. Екі топ хатшысы жауаптарды оқып, сынып болып барлығы талқылайды.


  • ойын ортасында нысандар мен оқиғалардың анимациясын құруды еске түсіреді.

ҚБ: «Сен маған – мен саған» әдісі бойынша екі топ бір-біріне баға береді.

Қима қағаздар















Сабақтың ортасы


7 мин






















15 мин
























(Ж) «Жұптас–ойлан–бөліс» әдісі.


Тапсырманы бірлесе талқылайды, топ болып сценарий дайындап, топ ішінде талқылау жүреді, ойларын ортаға салып, жұмыстарын постерде қорғайды.


Тапсырма:


  1. Кітапхана қорынан доптың суретін таңдап алып, сахнаға орналастырыңдар.
  2. Скрипті блоктарымен қажетті программа енгізіңдер.
  3. Допты шеңбер бойымен қозғалтатын сценарий құрыңыз.

Дескриптор:


  • кітапхана қорын қолданады;
  • скрипт блогынан қажетті программаны енгізеді.

ҚБ: «Сэндвич» әдісі бойынша топтарды мұғалім бағалайды.


1. Сәтті жақтары


2. Сындарлы сын


3. Болашаққа ұсыныс



(Д) «Кім жылдам» әдісі.


А-деңгейі


«Аш балық» сценарийін құру.


Алдымен сахнаға балық суретін  орналастыр. Балық тышқан соңынан еріп жүру сценарийін құру керек.


В-деңгейі


«Түс өзгерту» сценарийін құру.


Алдымен, редакторда гүлдің суретін салып, сахнаға орналастыр. Енді осы сурет үшін мынадай программаны құрастырыңдар:


Программаны түсіндіріп өтетін болсақ, жасыл жалаушаны басқанда (когда шелкнуть по), мынадай әрекеттер орындалады: әрбір 1 секунд сайын (ждать 1 секунд) гүлдің түсі өзгеріп отырады (изменить цвет эффект на 30).  Бұл үрдіс 20 рет қайталанады (повторить 20), яғни 20 түрлі түске боялады. 20 рет түс өзгерісі аяқталысымен, бүкіл әрекеттер қайтадан қайталана бастайды (всегда). Сонымен, қолданушы қызыл батырманы баспайынша, гүлдің түсі әрдайым өзгерісте болады.


С-деңгейі


«Артынан ілес» сценарийін құру.


Сахнада екі объект болсын: бірі – кез-келген бір жануар, мысалы: көбелек, екіншісі –доп. Доп тышқанды қозғалтқанда, соның артынан ілесіп жүретін болсын, яғни тышқанды қалай қозғалтсақ, ол да тышқанның бағытымен жылжуы тиіс. Ал көбелек доп қалай қарай қозғалса, соған бұрылып тұруы керек, яғни қозғалмайды, тек қана басының бағытын өзгертеді:


Дескриптор:


  • ойын ортасында скриптармен дұрыс жұмыс жасайды;
  • ойын ортасында программалау сценарийін әзірлейді;
  • әзірленген дайын сценарийін жүзеге асырады.

ҚБ: «Галереяны шарлау» әдісі. Ең бірінші жұмысты аяқтаған оқушының жұмысына баға беріп, сол оқушыға келесі оқушы жұмысына т.с.с. барлық оқушылардың жұмысын барлығы бірге қарап шығып, ойларын білдіру керек.

Ноутбук,


Scratch программасы,


постер, маркер,


презентация






















Компьютер, оқулық, интернет желісі,


қима қағаздар



Саралау – Сіз қандай


тəсілмен көбірек қолдау


көрсетпексіз? Сіз басқаларға


қарағанда қабілетті


оқушыларға қандай


тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз


оқушылардың


материалды игеру


деңгейін қалай тексеруді


жоспарлап отырсыз?


Денсаулық жəне


қауіпсіздік техникасын


сақтау


«Атом, молекула» әдісі арқылы ширату және топтастыру жұмысын жүргізу.


 «Үш қадамдық сұхбат» әдісін таңдағандағы мақсатым идеялар мен ойларды  дамыту, алдыңғы білімді топпен тиянақтау.


 Диалог және қолдау көрсету үшін жұптық және жеке жұмыс орындату үшін «Жұптас–ойлан–бөліс» әдісін қолданамын. «Кім  жылдам» әдісін қолданғанда  шапшаңдық танытып, деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Қалыптастырушы бағалау бойынша


«Сен маған – мен саған», «Сэндвич» және


«Галереяны шарлау» әдістерін қолданамын.




Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер».

Оқушылардың техникалық құралдармен  жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтауды  қадағалау.


Дереккөз: http://bilim-all.kz/