Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

0
Сабақтың тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Сабақтың мақсаты: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру.
Міндеттері: Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.
Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сұрақ – жауап, ойын, кесте толтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер, слайд.І. Психологиялық дайындық
Туып өскен даламыз
Біздің мәңгі панамыз.
Туған жерге құрметпен,
Қамқорлықпен қараңыз.

Өткен сабақты еске түсіру
Пайдалы қазбалар
Фосфорит
Мәрмәр
Асбест
Әк тас, бор
Тас көмір
Мұнай, газ
Металл
Тұз
Есте сақта!
«Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады».

Пайдалы қазбалар үшке бөлінеді:
Пайдалы қазбалар
Жанғыш — Тас көмір, мұнай, газ
Кенді — Темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс
Кенге жатпайтын — Тұз, әктас, мәрмәр, гранит, бор, ұлутас, асбест

Қазақтың тұңғыш геологы Қаныш Сәтбаев
Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.
Академик Қ. Сәтбаев ғылыми ізденістерін көпшілігін Қазақстанның кен орындары мен минералдық ресурстарының геологиясын зерттеу мәселелеріне арнады. Қарағандыдағы, Балқаштағы металлургия зауыттары, Маңғыстау табиғи байлықтарын зерттеу жұмыстары, Кенді Алатау, Қаратау фосфорит кен орындары Сәтбаев есімімен байланысты.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. слайдты жүктеу