«Оған көмектесіңдер»: Назарбаев Сағынтаевпен әзілдесті (видео)

0

«Астана ХаБ» IT-жобалары инновациялық паркінің ашылу салтанатында жастармен тілдескен Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен әзілдесті. Бұл туралы Ақорданың Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

«Астана ХаБ» ашылуына барған Елбасы қазақстандық стартап-компаниялардың жобаларымен танысып, жас кәсіпкерлермен тілдесті.

Олардың бірі мемлекет басшысына шет тіліне үйрететін жаңа оқу технологиясын таныстырды.

«Премьер-министр қазір белсенді түрде ағылшын тілін оқуда. Оған көмектесіңдер»,- деді Елбасы Бақытжан Сағынтаевты алға шығарып.

«Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы, орындаймыз»,- деп жауап берді жас стартапшы.