Эмоция және сезім. Сезімді вербалдау

0

Мазмұны

Кіріспе
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … 2 – 6

І. Бөлім . Жеке адам қуаттарының бірі – эмоция.
1.1. Эмоция және сезім
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… 7- 16
1.2. Жеке адам – қасиеті
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
.. 17 – 20
1.3. Жеке адамның эмоциялық шеңбері
… … … … … … … … … … … … … . 21 – 32
1.4. Оқушылардың шамадан артық психоэмоционалды зорлануы … … . 33 – 38
ІІ. Бөлім. Жағымсыз эмоциялардың адам денсаулығына әсері және оны түзету
жолдары .
2.1.Жеке адамның деңсаулығы және невроз науқастықтын пайда болу себептері
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … 39 – 46
2.2. Жағымсыз эмоцияларды түзету жолдары
… … … … … … … … … … .. 47 – 58
2.3. Жағымсыз эмоцияның психотерапиясы
… … … … … … … … … … … 59- 73 Тәжірибелік бөлім
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … . 74 – 86
Қорытынды
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … 87 – 92
Қолданылған әдебиеттер
… … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
93 – 94
Қосымша

Кіріспе
Адамның іс-әрекетінде, мінез-құлқында психоэмоционалды тепе-теңдіктің
бұзылуы – қызғаншақтық, тез ренжіп қалу, өктемдік көрсету, дау-жанжалға
берілгіштік бүгінгі қоғамдық жағдайға тән құбылыс болып отыр.Сондықтан
психолог маман осы эмоциялардың адам бойында жағымдыларын қалыптастыру
саласында еңбек етеді және түрлі себептерге байланысты туындаған немесе
байқалған жағымсыз эмоциялардың денсаулыққа зияндығын анықтап ,оны жою
жолдарын қарастырып зерттеу бүгінгі психолог маманының негізгі
міндеттерінің бірі.
Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да
бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардын бірі ұнап – қуантса,
екіншісі – қапаландырып, жек көрушілік тудырады Сезім түрі сан – алуан.
Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамнын
белгілі эмлциясына себепші болады. өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары
күрделірек болуы эмоцияның тууына себепші келеді. Эмоция аукымы өте кең:
өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, тандану мен жеркену – мұндай
сезім турлерін шексіз келтіруге болады. Сезім – бұл адамнын қоршаған болмыс
заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада
көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті
де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір-өшкен өмір ұлы ғұлама А. Науаи
Сезімсіз адам-кесек, махаббатсыз адам-есек- деген екен. Көп сезімдерге
адамнын өзі құштар. Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса,
адам эмоциялык ашырқауға келіп, онын орнын толтыру үшін ән күй тыңдайды,
әсерлі фильмдер көріп не қым-қигаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Психолагтар көп заманнаң бері осы сезім мәселесін
төркінін ашумен айналысуда. XYIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ, төнірегінде
ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кен
оріс алды. Бұл бағыт мәні-адамдағы барша органикалық көріністердін негізі
психикалық құбылыстардан деген тужырымнан шығарылды. Неміс психологі
Гербарттын ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенін ірге тасы елестер деп
саналды. Бұл теорияға орай сезім-елестер арасындағы байланыстарға сай
қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жузеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен
адамнын бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. өз негізінде
бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет-
қылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы В. Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ
онын тұжырымдары эклектикті, яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы
көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның
пікірінше эмоция-бұл алдымен сезімінің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен
сипатталатын адамнын ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердін
сезімге әсері, ал органикалық процестер- эмоциянын салдары ғана.
Эмоцияның казіргі заман тарихы У. Джемстін 1884ж. жарияланған Эмоция
деген не атты мақаласынан басталды. У. Джемс және бұған байланыссыз Г.
Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі-сыртқы ырықты
коғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын
адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінін
бәрі – эмоциялық күйді танытады. Біздің кайғыруымыз – жылағанымыздан;
корқуымыз – калтырауымыздан; қуанғанымыз – күлгенімізден У.Джемс.
Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі перифириялык органикалық
өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың
ырықты реттелуінін қара дүрсін түсініктемесі беріледі мысалы, ұнамды
эмоцияга тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған касірет сезімін
басуға болады- мыс.
Джемс –Ланге тұжырымы бірқатар көзқарастардың пайда болуына әсер
етті. Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып,
дененін әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн
көрді. Мұндай түсінік Ч.Дарвин енбектерінде де берілген. Эмоциялық
әрекеттердін көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар каһары
жауын корқыту үшін керек, немесе олардын кейбірі өткен эволюциялық дамудын
бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан
қалдығы рудимент.Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары
біздің маймыл тектес бабаларымызға кауіп қатер төнгенде ағаш бұтақшаларын
берік ұстауға жәрдемін тигізген. Кейін бұл теорияны Э.Клапаред жалғастырды.
Ол кандай да бір сезімнін туындауы – адамнын кезіккен жағдайға икемделе
алмауынан адаптация. Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай
қорқыныш сезіміне түспейді – деп жазады.
Ендігі бір окшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл-ой
когнитив мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердін сана
үйлесімсіздігі когнитивті диссонанс теориясы өз алдына. Бұл көзқарастын
мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым
ортасында тандау ете алмай, кұйзеліс эмоциясына тұседі, яғни санадағы
білімдер үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әррекеттін
нақты нәтижесі мен көзделген ниет озара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім
туады.
Ақыл-ой үйлесімсіздігінен құтылудын екі жолы бар :
1) өз ниетінді шындыққа сәйкес өзгерту;
2) ниетке сәй болатындай әрекеттін жана жолдарын іздестіру. Сонымен
когнитивтік теория адамнын сезімдік кейпін онын әрекет, қылықтарынын
негізгі себепшісі ретінде қарастырады.
Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталган В.К.Вилюнас
эмоциялық құбылыстар тобына – жетекші ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы
іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердін
орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға үміт, ыза, жетіскен
нәтижелерге қуаныш, өкініш немесе қалыптасқан не мүмкін болар
ситуацияларға катерлену, сенімді болу субъектін қатынасын сипаттайды.
Мұндай сезімдік толғаныстар жетекші ниеттерге негізделгенінен әдейі немесе
ырықты деп аталады. Осыдан, көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі
бір тұрлі сезім туындатса,енді сол кедергі жаудан қутылуда пайдалы болуымен
екінші бір сезім пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайда, сол
сәттегі өмірлік маныздылыққа орай байқалады.
Адам не үшін күрессе, соны жан тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе,
соны өлердей жек көріп отыруы керек.Эмоциялардың адамның дүниетанудағы
алатын орнын В.И.Ленин орыс библиографы Н.А.Рубакиннің (1862 – 1946 )
Кітаптар әлемінде кітабына берген пікірінде адамның шындықты іздеуі
адам эмоциясынысз еш уақытта болмағанын және болуы мүмкін емес деп өте
жақсы көрсеткен.
Осы жағдайларға байланысты оны одан әрі тереңірек түсініп, зерттеу
мақсатында дипломдық жұмысымның тақырыбын Жағымсыз эмоциялардың
денсаулыққа кері әсері – деп алдым.

Ғылыми аппарат

Тақырыбы: Жағымсыз эмоциялардың денсаулыққа кері әсері

Мақсаты: адамның эмоциялық ерекшеліктерін анықтау арқылы, оларға
түзелу жолдарын көрсету.

Міндеттері: 1. Жағымсыз эмоциялардың туу себептерін ашу.
2. Оны болдырмаудың жолдарын көрсету.
3. Жағымсыз эмоцияларды анықтау үшін сауалнамалар,
әдістемелер, тесттерді қолданып, ұсыныс жасау.
4. Эмоция ерекшелігін түсіну және пайда болған жағымсыз
эмоцияларды түзету жұмыстары.

Зерттеу объектісі: Жағымсыз эмоциялардың психологиялық
ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Жағымсыз эмоциялардың пайда болу себептерін , типтерін
анықтау.
Ғылыми болжам: Егер адамда жағымсыз эмоциялардың пайда болу
себептері дұрыс анықталса, оларды түзеп қайта
тәрбиелеуде көмек беруге болады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау , адамның
эмоциялық даму ерекшеліктерін үнемі бақылап,
диагностикалық зерттеу жүргізу.

І. Бөлім . Жеке адам қуаттарының бірі – эмоция.
1.1. Эмоция және сезім.
Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да
білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші
біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай
айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес
келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін
сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі
адамда, көптеген ұнамды жөне ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік,
шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен
эмоциялардың сан алуан түрлері.
Сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның
тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда
көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның
өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай
болса, адамның сезімдері де коғамдық сипатта болып, сөзімнің мазмүнын
қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дүрыс айыра білмеушілік, бүл екеуінің мәнін
бірдей деп үғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай
түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды
бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялык сипаттағы
қүбылыс, бүл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі
шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың
сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы, полярлық
сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу,
шаттық, уайым т. б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-
бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы) және пассив
(солгын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп,әрекетке ұмтылдыратын,
көтеріңкі сөзімдер мен эмоцияларды стеникалық , ал бүлардың баяу, солғын
түрлерін астеникалык деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық,
достық, айбатшлық т. б. жатса, екшшісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.
б. сезімдер жатады. Бүл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нактылы
жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуаггы, бірде
әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мөселен, қорқыныш сөзімі кейде бір адамньщ
буынын босатып, пәрменсіз етсе, еіщі бірде қауіп-қатерге қарсы түрғызатын
айбатгылыққа (күппі сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің ушінші бір ерекшелігі — жігерлену және кернеуден босану
немесе шешілу. Бүл да сезімдердің қарама-карсы сапаларының бірі. Мәселен,
студенттердің емшханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі
шешупіі кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін
жүмылдырады. Осы кезең откен соң басқа бір күйге түседі. Мүны кернеуден
босану (шешілу) сезімі дейді.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар
туғызады. Кісі үдайы қинала беретін болса, оның діңкесі қүрьш, берекесі
кетеді. Адамның осьшайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс83деген
термиғімен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның
алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті
тітіркендіргіштермен айқасқа тусуін куш салу, немесе зорлану кезеңі деп
атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда
титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мүндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің
жүмысына да, дене күшіне де нүқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы
ортамен байланысын үнемі кадағалап, ретгеп отыруы қажет.
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет
үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады.
Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз
байланысш. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу
ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-күлқы мен білім
көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.Стен —
грек сөзі, қазақша күшті деген мағынада.Астения — бұл да грек сөзі, қазақша
әлсіз деген мағынада.Стресс — ағылшын сөзі, қазақша шамадан тыс зорлану
деген мағынаны білдіреді.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны
зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, емір үшін күресте күшті сезімдерсіз
табысқа жету қиынға соғады.
Сезімнің қораш, солгын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не
үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны
өлердей жек көріп отыруы керек.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жагымды не
ұнамды эмоциялар деп аталады. Бүлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның
ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады.
Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, кеңіл қоштық т. б. осындай эмоциялардың
енді бір тобы жагымсыз не унамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар — белсенді
әрекетке азды-көпті нүқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға
қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т. б. жатады. Осы
айтылғандармен қатар, қарапайым және курделі эмоциялар болып та бөлінеді.
Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне
байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық
эмоциялары кіреді.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік: оларда
сан алуан монерлі қозгалыстардың болып отыратындыгы. Ч. Дарвин осы күнгі
адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-
бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін
айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жүдырығын түйіп тістенеді,
қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-
тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы
бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы андармен) айқасқа
түсейін деп түрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауға болады.
Ертедегі адамдар жабайы андармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған
бейімдеп алып, сонан кейін айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мүндай
көріністер дөрекі, ебедейсіз қимылдар болып табылады. Мүндай ебедейсіз
қимылдар мәдениетті адамның қылығына ешбір сыйымсыз сипат. Бүған көбінесе
сотқар, ызақор, кекшіл адамдар біртабан жақын түрады. Адамдардың сана-
сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседі.
Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер
түсіретінін, бет әлпеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика),
сөздің интонациясы мен тембріне,дикциясы мен паузасына да өзгерістер
енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар көи. Қорқу эмоциясы кезінде адамда
байқалатын мәнерлі қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып,
түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі дір-ілдеп
қалшылдайды, піашы үрпиіи, көзі шарасынан шығып, даусы қарлығып, үні
кібіртіктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, бүкіл
денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан қозғала, сөйлей
алмай, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі
тынышсыздану, ауыры — үрейі үшу т. б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның
денесінен байқалатын әр түрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп
кездестіруге болады.
Күрделі эмоциялар
Курделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат,
жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не кеңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.
б. деп ажыратады. Адамның кеңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп
отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, үжымы ынтымақты болса, отбасы
жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның
денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-
тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із
қалдырады. Мөселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір
нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т.б.), шат-
шадыман күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке үшырай берсе,
көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады.
Мүндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да Көңілсізден
күлкі шықпас, Адам көңілден азады деген мақалдар тегіннен-тегін
айтылмаған. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмүны бай адамдар, тіпті
ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену,
қиыншылыққа мойымау ерік-жігері күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті.
Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі
тиіс. Осы айтылғандардан өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына
жібермеуге болатындығы, көңілдің түрақты болуы жүмыс қабілетін арпыруға,
адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады.
Өз көңілін меңгере білу — мүғалім үшін аса қажетгі сипат. Төменгі сынып
оқушыларының мүғалімінің кдсы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер
мүғалім көңілсіз, 224
кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз
әсер етеді. Эмоцияның бір турі — аффекттер^’. Аффекттер дегеніміз қысқа
уақытқа созылса да, бурқ етіп қатты көрінетін эмоцияның турі. Аффектгер
кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бүзып, мәнерлі қозғалыетарға толы,
ерік күшінің әлсіреу жағдайында өтеді (Мөселен, зәре үшу, қорку, долылық,
жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т. б.). М. Ю. Лермонтов бір адамның
басынан байқалған аффектіні былайша суреттейді:
Орынсыз жан таласып кейде бекер, Жүламын итмүрынды қолым жетер…
Сонан соң әлім кетіп жерге қүлап, Еңіреп егіл-тегіл, жаттым сүлап. Кеміріп
жердің дымқыл топырағын, Шықтай қып жерге төктім жасты-ай бүлақ.
Аффекг кезінде адамның есі шығып кешейді. Дені сау адамдарда болатын
аффектгерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бүл — адамның
өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті адам
мүндай үшқалақтықка, лепірмелшсе бармайды. Ондай адам не істесе де ойланып
істейді. Ар-ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле көрмек,
деп Абай дүрыс айтқан.
Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың
аффеклтерін (патологиялық аффекгтер) ажырату қажет. Мүндай аффекттер ми
қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бүзылғандықтан, екінші
сигаал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффектгерді
тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
Қумарлық — адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын
күшті, терең, түрақты эмоция. Қүмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады.
Егер гылым мен өнерге, еңбекке қумарлықты унамды десек, дуние қумарлық, бақ
қумарлық, ойын қумарлықты унамсыз қумарлық дейміз. Қүмарлық кісіге жүк
артады, міндеттілік туғызады, міңцет борышты етеді, бүлар еңбекке жүктейді,
еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол,85— деп Абай адамға қажетті қүмарлықтың
психологиялық табиғатын көрсеткен. А. С. Пушкин. Аффект — латынша аффектус
деген сөз, қазақша жан ушыру, куйіп-пісу деген мағынаны білдіреді.
А. Құнанбаев. Шығармалар бір томдық толық жинағы. Алматы,
Сараң сері драмасында Альбертгің образы арқылы, құлқынын ақша тескен
адамның қүмарлығын былайша суреттейді:
Е, менің өкем үшін ақша малай да емес,
дос та емес,
Бас иетін қожасы, өзі қызмет етеді, Еткенде қандай десеңші! Алжирдің
нағыз қүлындай, Шынжырлаулы төбеттей! Иттің суық жатағында түрады. Қорегі
оның қара су мен кепкен нан, Көз ілмейді түн бойы, жүгіреді арсылдап, Ал
алтыны жатыр сандықтарда мызғымай..
Жоғары сезімдер
Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық,
интеллектік деп аталатын сөзімдер кіреді.
Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-қүлқынан жиі көрінетін
сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмүны да, қүрылымы да
күрделі келеді. Бүлар ең алдымен қоғамдық мәнді жөне жеке көңіл күйге
байланысты моральдық сөзімдер болып бөлінеді. Бүл екеуі бір-біріне қайшы
келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, дүниетанымы мен сенімі
қалыптасқан адамда мүның біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің
тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, үят т.
б. жатады. Ар-намысты қорғау — адамға аса жарасымды сипат. Сезімнің осы
түрі, көбінесе, қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей
тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз мініне іштей күйіну, өзін жазғырып,
жазалау — адамның тек өз басын қадір түтқаннан туындамайды. Ар-намысты
қорғау дегеніміз, сонымен бірге, айналадағы адамдарды да сыйлай білу деген
сөз. Ар-үятты қастерлеу, намысқа тырысушылық — екінің бірінен кездесе
бермейтін қасиет. Мүның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең із
қалдыратындығы сонша — кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай
алмай… үйқыдан, тамақтан қалатыны да болады. К. Маркс үятты адамның
іштей ашулануы, өзінше ашу шығаруы деген екен. Ал Абай үяттың екі түрі бар
дейді: оның бірі — надандықтан туатын, екіншісі — жагымсыз іске, теріс
қылыққа үялу. Оның үғымынша, үялмас нәрседен үялу бүл надандық, ынжықтық,
жігер-қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы. Шын үят ақыл-
парасаттың ісі. Өлімнен үяткүшті деп халқымыз тегін айтпаған. Білімі,
тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай адамның үялу дәрежесі түрліше
болады. Мәселен, надан адам әдепсіз қылығына айьшын жимаса, мәдениетті,
ақылды кісі мүндайда қатты үялып, жерге кіріп кете жаздайды. Адамның ары
мен үяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып
отырса, мүндай адам үятты болады дейді Абай. Үялу сезімі мектепке дейінгі
сәбилік, бөбектік шақта, ылғи да үлкендердің, ата-ананың жақсы сөзі мен іс-
әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге түту арқылы біртіндеп қалыптасып
отырады. Адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс-
әрекеті бүл секілді сезімдердің мазмүнына күшті әсер етеді. Қоғамдық
тәрбиенің ықпалымен ар-намысты қорғау адамның түрақты сезімдеріне айналады,
егер адам қоғамдық ережелерді бүзса, оны ожданы көтермей, қатты қиналады
да, бүларды орындай ал,са, оған жақсы рақаттанып, масаттанатын болады.
Қоғамдағы моральдық принциптер сол қоғамның экономикалық жағдайларына
сәйкес келеді.
Жогары сезімдердің екінші бір турі — эстетикалық сезімдер.
Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір
сүлулықты сөзінуі. Бүл текті сөзімдер сүлу, сымбатты, өмірге үйлесімді,
әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркем-енердегі, әсіресе,
өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. Сүлулық
сезімдері адамның дүрыс, сүлу, лөззат іздеуіне, сүлу нәрсеге сүйініп,
керексіз нәрседен жиренуіне… жақсылыққа үмтылып, жауыздықтан тыйылуына
көп көмек көрсетеді (М. Жүмабаев). Эстетикалык, сезімдер, сондай-ақ, сурет
полотноларынан, скульптуралық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық
шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға байланысты да туып отырады.
Адамзатқа тән ерекше бір қасиет,— дейді әл-Фараби, өзін қоршаған дүниенің
әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нөр алу, өзінің нәзік сезімін
образдар арқылы паш ету. Мәселен, жақсы ән мен тәтті күй, яғни жақсы
музыкалы әуеннің адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуында ерекше
маңыз алатындығын С. Торайғыров былайша сипаттайды: Халықтың арғы-бергісін
қозғап, естеріне түсіріп, мүң-мүқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп,
әдемі даусымен қүйқылжытып түрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімеген
еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары
кдйнап, тіпті арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар
моншақтап, бойлары балқығандай, шарт ташүрт қол шапалақтасып…
тарқайды88.
Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәтгі күйдің қандай тас көңілді болса
да жібітіп жіберетіні, қанды қайнататыны, көзден жас ағызатыны, бойды
балқытатыны т. б. адам психологиясын нүрландырып, байытатындығын, адамды
ләззатқа бөлейтінін айтып отыр.
Эстетикалық сезімдердің мазмүнын да қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар
билейді. Н. Г. Чернышевский мүны төмендегідей әсерлі сөздермен жақсы
түсіндірген: орыс шаруасы езінің жүмыстан пайда болған күсті қолын, жуан
білегін, мығым денесін, кең жауырынын мақтан етсе, дворян бикештері
өздерінің сыңқылдап наздануын, ақ саусағы мен бүраң белін, қиылған қасы мен
оймақтай аузын, ерекше нәзіктігін, еңбекті сүймейтіндігін мақтан етеді. Н.
Г. Чернышев-скийдің айтып отырған сүлулык, жөніыдегі пікірлері қарама-қарсы
екі таптың өмірге көзқарасы. Сөйтіп, өмірдегі сүлулықты, көркемдікті барлық
адам бірқалыпты сезінбей, әркім өзінің таптық тегіне, тарихи дәуірге,
нақтылы тарихи жағдайға сәйкес сезінеді.
Жоғары сезімдердің бүдан басқа бір түрі – интеллектік сезімдер.
Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз
байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне таңсықтау, білуге
қүмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция ықтималдық, жаңашылдық, болжау т.
б. сезімдер жатады.
Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жүмыстарында,
адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады.
Мүғалімнің басты міндетінің бірі — оқушылар санасында интеллектік
сөзімдерді қалыптастыру болып табылады. Ол үшін көп оку кажетгігін, оқусыз
ешбір мақсатқа жете алмайтынымызды оқушыларға түсіндіру керек. Оқу инемен
қүдық қазғандай, ол оңайлықпен қолға түспейді. Оған жан-тәніңмен
берілмесең, тиянақты еңбек етіп, қатты зейін қоймасаң болмайды. Оны үнемі
толықтырып отыру да қажет. Адамның көңілі шын мейірленсе,— дейді Абай,-
білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Жүрдім-
бардым үйренетін адамдарға ғылым түрақтамайды. Өйткені ғылым өзіне түгелдей
берілуді кджет етеді. Интеллектік сезімдер адамның сана-сезімінен орын
алса, кісінің шындықты аша түсуге қүмары арта түседі, мүндайда ол асыл
мүрат үшін күреске белді бекем байлайды.
Адамдардың сезім саласындағы айырмашылықтары түрліше болып келеді.
Семья тәрбиесіне, түрмыс жағдайына, денсаулығына, Жүйке жүйесінің типтік
ерекшелігіне, білім корына, өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне, жас өзгешелігіне
т. б. қарай адамдарда эмоциялар мен сезімдердің сан алуан түрлерін
кездестіруге болады. Өмірде көңілі көтеріңкі, жайдары, шат адамдармен
қатар, сәл нәрсеге уайымдағыш, қабағы қатулы, немесе өзін үстай алмайтын,
тиянақсыз, болар-болмас бірдеңеден асып-сасып, жүрттың үрейін алатын
адамдар да кездеседі.
Психология сезім саласындағы мүндай щексіз жеке ерекшеліктерді тере
бермей, адамдарда типтік ерекшелік ретінде қалыптаса бастаған сезім
түрлерін зерттеуді қарастырады. Адамдардың сезімдері, езінің бағыты,
теренділігі, түрақтылығы, әсерлілігі тәрізді жағымды сапаларымен күнды
болмақ.

1.2. Жеке адам қасиеті
Психологияда барлық мәселелер ортасында – адам факторы, адам тулға
ретінде, барлык әлеуметтік қатынас жиынтығы ,т.а. психиқалық дамуы
анықталған денгейге жеткен адам. Әлеуметтік қатынастар субъектісі әрі
әлеуметтік мәнді қасиеттердін иегері ретінде әрбір адам- жеке адам болып
сипатталады.
Жеке адам тусінігімен қатар біздің қолданымымызда адам , дара
адам индивид, даралық индивидуальность терминдері бірге жүр. Бұл
тусініктердін әрқайсысы өз ерекшкліктерімен ажыралады, бірақ бір-бірімен
тығыз байланысты. Осылардын ішінде ең жалпыланған , көп
қасиеттердін бірігімін – адам тусінігі қамтиды . Адам-өмір дамуынын
ең жоғарғы денгейінің көрінісі, коғамдык енбек барысының жемісі әрі
табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын андататын тіршілік иесі. Алайда,
адам әлеуметтік-тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы
ретінде – дара адамдық индивид сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен
бөлектенбейді.Дара адам – homo sapiens тектілердін өкілі, адамдық даму
нышандарының иесі- нақты адам. Даралық- нақты адамның табиғи және
әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.
Жеке адам тусінігіне байланысты ең алдымен адамнын қоғамдық
мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында
қалыптасады да көрініс береді.Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа
өлшемдері эталон әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның
психологиялық типін анықтап отырады.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдаң жеке адам психологиялық
құрылымының ең жоғары да жетекші денгейі-қажеттік-себеп аймағы- жеке
адамның бағыт- бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне
қатынасынан және коғамдык әрі еңбектік міндеттерінен туындайды.
Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған
бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру
кабілеті де үлкен маңызга ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс
-әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көніл-
күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.
Адам өмірге дайын кабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі
белгілі табиғи негізінде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінін
негізі, яғни генотипі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке
жүйесінің қозғалысың динамика белгілейді. Биологиялық құрылым иесі-адам
өткен әлеуметтердің білім, салт,заттай және рухани мадениеті күйінде
топталған өмір тәжірибесің игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі.
Жеке адам дамуы- өз мүмкіндіктерің үздіксіз кенітіп
қажеттіліктерін арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға
тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз
түлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбенінен
аспайды. Ал даму денгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелігімен,
қоғамдық мәнді қүндылыктарымен ерекшеленеді.
Әрбір дара адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін
реттеумен кунделікті тіршілік проблемаларын шешіп барады. Бірдей қиыншылық,
кедергілердін шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан,
жеке адамды танып, білу ушін сол адамның алдында тұрған өмірлік
міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған
принциптерін жете білу қажет.
Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық
сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең
биік көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі,
болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі
– бұл жоғары дәрежедегі саналық жеткілу, ізгі мураттарды басшылыкқа алу,
сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділік
пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет,
сапаларды өз бойына дарыту көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму
дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей тенестіру принципі
өріс алады да, ондай қоғам мүшелерінінң көбі құлдық бағыну күйінен арыла
алмайды.
Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін түлғалық
дамыту ниетінен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар
өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу кабілетіне
байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шенберінде
қалып қоймай, өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс
жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымнын, тіпті бүкіл қоғамның
болашақ өркениеті көрінеді, ол өз дәуірінін сапалық денгейінен кош ілгері
журеді.
Жеке адамнын өз дербестігіне ие болуы, онын тұйық әлеуметтік топқа
бағынышты еместігін көрсетуімен бірге сол адамнын жоғарғы денгейде
кемелденгенінін дәлелі.Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік үнамды
қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді
керек етеді. Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі ушін манызды
факторлар: идентификация , яғни дара адамның өзін басқа адамдармен
теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі;
персонализация – дара адамның өз басының баска адамдар өміріңде кадірі
барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінін кісілік
мұмкіндіктерін іске асыра алуы.
Баска әлеумет мүшелерімен жеке адам өз Мені негізінде
қатынасқа түседі. Ғылымда жеке адамдык рефлексия деп аталған бұл Мен
ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымың, өз мүмкіндіктерін және өз
кадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген
бағасының астам не төмен болуынан сол адамнын ішкі жан арпалыстары келіп
шығады.
Адам өмірі нақты тарихи – әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дуниелік
жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тутыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамнын
тұрмыс салтын анықтап, онын тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді. Әркандай
жеке адам өзнін өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына орай
тіршілік жағдайларын өзгертудін жалпыланған, тұрақты тәсілдер
жүйесін тізіп барады.
Осындан адамнын тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру,
қоғамдағы өз орнын иелеудін бағдарына айналады. Әлеуметтік кұнды
салт-бағыттан адамнын жоғары инабатты,жасампаздық өмірі, рухани-
этикалық, рухани-эстетикалық дуниетанымы туындайды. Адам өмірі,
осындаң, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі зандалық
ниет-себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметік мәнді, мағыналы
мүраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігің алады. Тұрмыс
– салт бағыты түрақтанбаған адам кұнделікті куйбеннен аса алмайды, осыдан
мұмкіндіктердін толық жүзеге асыра алмай, өміршендігі кемиді рухани –
адамгершілік талаптары тарылады.
Жеке адамдағы барша өмірлік күйзеліс – ауыткулар оның өзіндік
Менің танымаудан, объективті мәнді жеке басынын құнды тараптарын
сезіне алмаудан келіп шығады. Жеке адам болмысынын ен айқын көрсеткіші –
онын өз психикалық жағдайын басқара алу және әрекет – қылыктарын қоғам
қалыптастырған өлшемдерге икемдестіре білу дәрежесі.
Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, түлғанын барша
ерекшеліктері онын тума, нәсілдік және әлеуметтік – мәдени сапаларын
бірлігінен калыптасады.

1.2. Жеке адамның эмоциялық шеңбері
Қоршаған ортада кезіккендердін бәрі адамда оларға деген қандай да
бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардын бірі ұнап – қуантса,
екіншісі – қапаландырып, жеккөрушілік тудырады Сезім түрі сан – алуан.
Төніректегі нысандардын жеке қасиеттері мен сапаларынын өзі де адамнын
белгілі сезіміне себепші болады. ¤мір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары
күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім аукымы өте кен: ө
кіініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, тандану мен
жеркену – мұндай сезім турлерін шексіз келтіруге болады. Сезім – бұл
адамнын қоршаған болмыс заттары және қубылыстарымен қатынас жасауынан
туындаған әркилы формада корініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам
сезімі тіршілік ұшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір-өшкен
өмір. ¦лы ғулама А. Науаи Сезімсіз адам-кесек, махаббатсыз адам-есек-
деген екен. Көп сезімдерге адамнын өзі куштар. Егер сол сезімдер қандай да
себептермен болмай қалса, адам эмоциялык ашырқауға келіп, онын орнын
толтыру үшін әнкүй тындайды, әсерлі фильмдер коріп не қым-қигаш оқиғалы
кітаптар оқиды.
Психолагтар көп заманнаң бері осы сезім мәселесін
төркінін ашумен айналысуда. XYIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ, төнірегінде
ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кен
оріс алды. Бұл бағыт мәні-адамдағы барша органикалық көріністердін негізі
психикалық құбылыстардан деген тужырымнан шығарылды. Неміс психологі
Гербарттын ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенін ірге тасы елестер деп
саналды. Бұл теорияға орай сезім-елестер арасындағы байланыстарға сай
қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жузеге келеді. Мысалы, дуниеден откен
адамнын бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. өз негізінде
бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет-
қылыққа себепші болады.
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып,
дененін әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн
корді. Мұндай түсінік Ч.Дарвин енбектерінде де берілген. Эмоциялық
әрекеттердін көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар кахары
жауын корқыту үшін керек, немесе олардын кейбірі откен эволюциялық дамудын
бір кезенінде қажет болған әрекеттердін нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан
қалдығы рудимент.Мысалы, алақаннын қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары
біздін маймыл тектес бабаларымызға кауіп қатер тонгенде ағаш бутақшаларын
берік ұстауға жәрдемін тигізген. Кейін бұл теорияны Э.Клапаред жалғастырды.
Ол кандай да бір сезімнін туындауы – адамнын кезіккен жағдайға икемделе
алмауынан адаптация. Егер адам қашып, қутыла алатын болса, ешқандай
қорқыныш сезіміне туспейді – деп жазады.
Ендігі бір окшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамнын ақыл-
ой когнитив мұмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердін
сана ұйлесімсіздігі когнитивті диссонанс теориясы өз алдына. Бұл
көзқарастын мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы
екі пайым ортасында тандау ете алмай, кұйзеліс эмоциясына тұседі, яғни
санадағы білімдер үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-
әррекеттін нақты нәтижесі мен көзделген ниет озара сәйкес келсе, адамда
жағымды сезім туады.
Ақыл-ой үйлесімсіздігінен құтылудын екі жолы бар :
1) өз ниетінді шындыққа сәйкес өзгерту;
2) ниетке сәй болатындай әрекеттін жана жолдарын іздестіру. Сонымен
когнитивтік теория адамнын сезімдік кейпін онын әрекет, қылықтарынын
негізгі себепшісі ретінде қарастырады.
Адам сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр
адам нақты жағдайда бір зат не күбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір,
екінші адамдағы үқсамайтын көніл кейпіне беріледі.
Сезімдер адамнын қоршаған дуниеге қатынасын
ғана білдіріп қоймастан, ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Бұл
турғыдан нысан бейнесі эмоциянын танымдық тарапы болады да, ал сол
мезеттегі адам кейпі сезімнін субъектив элементін танытады.
Сезімдер адамнын қасиеттерімен тығыз байланысты. Субъект қажеттігі
және сол қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай
сезімдер екі ірі топқа болінеді. Біріншісі – қажет заттардын объектив
мазмұнына жана, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыруға бағытталған
әрекетінін сеп-түрткісіне мотив айналдырушы сезімдер. Мұндай
толғаныстардын пайда болуы үшінаса қажетсіну және оған сай заттар қолда
болуы керек. Көніл-күй серпінісі қажеттікпен уйлесе келе, іс-әрекеттін
бастауын береді, оған ынталандырады және бағыт-бағдарлы жетекшісіне
айналады. Осылайша, мұндай сезімдер іс-әрекетпен сәйкесиікке туседі
релевантны.Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталган
В.К.Вилюнас.
Екінші эмоциялық құбылыстар тобына – жетекші ниет, яғни басталған
ішкі не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол
әрекеттердін орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға ұміт, ыза,
жетіскен нәтижелерге қуаныш, окініш немесе қалыптасқан не мұмкін болар
ситуацияларғғ катерлену, сенімді болу субъектін қатынасын сипаттайды.
Мұндай сезімдік толғаныстар жетекші ниеттерге негізделгенінен әдейі немесе
ырықты деп аталады. Осыдан, козделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі
бір тұрлі сезім туындатса,енді сол кедергі жаудан қутылуда пайдалы болуымен
екінші бір сезім пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайда, сол
саттегі омірлік маныздылыққа орай ман алады.
Сонымен, сезім екі себептен пайда болады, біріншісі-адамнын объектке
қатынасын айқындайтын қажеттіктер; екіншісі-адамнын осы нысаннын тиісті
қасиеттерін тұсініп, оны санада бейнелеу кабілеті. Объектив және субъектив
жағдайлардын өзара байланысынан адамнын қоршаган дуниеге саналы баға
беруімен қатар жеке эмоционал көзқарасынан себебтері ашылады.
Сезімдердін озіндік ерекшелігі олардын қарамақарсылықты (полярлы)
сипатынан көрінеді. Мұндай сипат қарапайым әсерленуге де (рахаттану-
қысылу), сондай-ақ күрделі толғаныстарғда (унату-жеккору, қуаныш-мүн,
көнілді-қайғылы, т. б.) тән.
Сезімдерге ғана тән аса манызды сипат-олардын бірігімді (интегралды)
келуі. Сезім букіл денені билеп, адам кейпін ерекше әсерге болейді. Барша
дене қызметтерін басын бір сәтте біріктірумен (интегрировать) сезім
өздігінен пайдалы не зиян әсердін хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік
сигнал әсер орны мен дененін жауап әрекеті айқындалмай жатып та санаға
жетуі мұмкін.
Сезімдердін және бір манызды ерекшелігі- олардын денедегі тіршілік
әрекеттермен тікелей байланыста болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән
қызметі өзгеріске түседі: қан айналымы, дем алыс, ас қорыту, ішкі және
сыртқы секреция бездері. Шектен тыс үзак уақыт және қарқынды болған көніл-
күй толғаныстары организмді сырқатқа шалдықтырады: корқыныш-жүрек
ауруларына соқтырып, ашу-бауырды, жабырқау мен мұн- асқазанды бұзады (М.И.
Аствацатуров).
Сезімдер тарихи-әлеуметтік негізге ие. Олар әртурлі халықтарда,
кезендерде мән-мағынасы мен көріну формасын ауыстырып отырған. Қоғам
дамуымен сезімдер де өзгеріп барады. Түрлі дәуірде өмір сұрген адамдардың
ұксас, тіпті бір текті заттын өзіне жасаған қатынасы бірін бірі
қайталамайды. Сезім үдайы қозғалыста болып, турақты және ауыспалы
элементтердін түтастай бірлігінен қуралады. Бұл сезім желісінде, бір
жағынан- бір ізді -қысқа мерзімді толғаныстар қурылымын: пайда болу- орбу-
шынына жету-сону, екінші жағынан-әртурлі толғаныстар түйдегінен тұзілген
ұзақ мерзімді сезімдер қурылымын айыруға болады. Барша сезімдер жүйесінін
өлшемі бірі біріне қайшы келген екі бағытта беріледі ( В. Вундт ); сүйсіну-
жеркену, қозу-тыншу, көнілдену-мүнаю, т.б.
Егер сүйсіну не жеккөру сезімі көп жағдайда заттын өзіндік
ерекшеліктеріне, олардың адам өміріндегі манызыңа немесе нақты бір ситуация
мәніне орай туындаса, одан болатын көзудын дәрежесі сол сезімнін өзімен
шарттас түрлілігі мен курделі болуынан сезімдерді жете танып, қалтқысыз
басқару мүмкін емес. Бұл жағдай өз сезімінді сүреттеп, айтып беру үшін сөз
жеткізе алмауда келеді. Мысалы, каћар-дулей қызбалық формасында көрініс
берсе, керсінше, қанағаттану -адамның сабырлы, байсалды күйнен білінеді.
Көп байқалады: қолданған сөздердін мәні бұлынғыр, көніл-күй қалпына
сәйкес болмай шығады
Сезімдер организмде жүріп жататын ерекше процестермен байланысқан.
. Бұл процестердін көзі негізінен сыртқы дүние өзгерістерінде,
дегенмен, олар бүкіл дене әрекет қимылына әсер етеді. Осыдан, мысалы, көніл-
күй қандай да күйзеліске келсе, қан айналымы өзгереді, жүрек соғуы
шапшандайды не бәсендейді, қан қысымы ауысады, қан тамырларының кұш-куаты
тонус артады не кемиді ж.т.б. Нәтижеде, бір жан толғанысынаң адам
қызарады, екіншісінен бозарады. Сезімдік өмірдін барша өзгерістеріне өте
нәзік – адамның жүрек ағзасы. Халық аузында көп жағдайға байланысты
жүрегім қатты соғып тұр, жүрек шыдамайды, журегім орнына түсті ж.т.б.
сөз тіркестерінің жиі қолданылатыңы осыдан. Дене мүшелерінің қай-
қайсысындағы болмашы өзгеріс жүрекке әсерін тигізбей отпейді ас қорыту,
тыныс алу, бездер жүйесіндегі т.б..
Алайда, адам организмінің қурылымы симпатиқалык жүйке жүйесінін
қызметіне тәуелді. Осы жүйенін қозуынан бүйректен адреналин суйықтығы
бөлінеді. Адреналин дене ағзалары әрекетіне өзгеріс ендіріп, оларды шектен
тыс тән қуатын жұмсауға дайындайды: қауіп-қатер төнгенде бұлшык еттерге қан
жеткізу күшееді, ас қорыту ағзаларының жумысы бәсендейді, ішкі органдардан
қансыртқа тебеді. Бұлшық еттерге қарқынды әрекетке келуі үшін көп мөлшерде
қант жеткізіледі, себебі қант-булшык ет қуатынын негізі.
Сезімдердін пайда болуы мен қалыптасуында үлкен ми жарымшалар қабығы
манызды қызмет атқарады. Ми қабығы эмоция желісі мен көрінісін реттеп,
денедегі барлық қубылыстарды өз бақылауына алады, қабық асты орталықтарын
тежеумен, оларға басшылық етеді.
Егер ми қабығында шектен тыс козу туса шаршағанда, ішкіліктен,
ж.т.б. қабықтан төмен жайғасқаң ми бөліктері ырықсыз әрекетке келіп, адам
өзінің әдеттегі ұстамдылығынаң айырлады. Үлкен ми жарымшалары алынған
жануар болмашы себептен күшті әрі тұрақты эмоциялық күйзелісте болады. Ал
кен жайылған тежелүге тап келсе, мұндай жануар сылбыр калғе түседі, оның
әрекет-қылығы әлсірейді, жұрек, қан тамыр жумыстары мен тыныс алуы
бәсендейді.
Сезімнің негізі болған физиологиялық … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз