Халық банк 615 жобаны қаржыландырды
Халық банкі мемлекеттік «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлескен жұмысы 2018 жылдың үшінші тоқсанында да жалғасты.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қорытындысы бойынша банк бағдарламаға қатысушы банктердің арасында несиелік портфель көлемі және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуы мақұлданған қарыз алушылар саны бойынша бірінші орынды иеленіп отыр. Қазірде банк қарыз алушыларының «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында субсидияланған несие көлемі 1 қазандағы есеп бойынша 507,4 миллиард теңгеге жетті, бұл аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша субсидияланған ЕДБ клиенттері несиелерінің жалпы көлемінің 25%-ын құрайды.
«Даму» қорымен бірлескен жұмыстың тағы бір маңызды бағыты – Халық банкінің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін қарыздар бойынша кепілдік беру бағдарламасы. Банк клиенттерімен бұл бағдарлама іске қосылғаннан бері 1111 кепілдік шартына қол қойылды. Ол бағдарлама аясында жасалған кепілдіктердің жалпы санының 25%-ын (4 465) құрайды. «Даму» қоры кепілдіктерінің сомасы банк үшін 18,5 миллиард теңге, бұл ЕДБ клиенттері кепілдіктерінің жалпы сомасының (66,9 миллиард теңге) 28 %-на тең. Осы көрсеткіштердің әрбірінде Халық банкі кепілдік беру бағдарламасына қатысу шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арасында тұрақты түрде 1 орынға ие болып келеді.
Халық банк шағын және орта кәсіпкерлерді (ШОКС) қаржыландырудың түрлі мемлекеттік жобаларын іске асыруға белсенді араласады. 2018 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін ШОКС қолдау бағдарламасының шеңберінде осы бағдарламаны іске асыруға мемлекет бөлген 32 миллиард теңгеден Халық банк 163 миллиард теңге сомасына 615 жобаны қаржыландырды (екінші қайтара игеруді ескере отырып). Бюджеттен бөлінген және игерілген қаржы көлемі бойынша Халық банк ЕДБ арасында 1 орында тұр.
2006 жылы мамырда Банк «Даму» қоры мен жергілікті атқарушы органдардың қаржысы есебінен ШОКС өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске асыра бастады. 2018 жылғы 1 қазанға сәйкес «Даму» қоры мен Банк арасында республикамыздың барлық аймағын қамтитын бағдарлама аясында жалпы сомасы 17 миллиард теңге құрайтын 50 келісім жасалды.
2017 жылдың тамыз айынан бері Халық банк нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысып жатыр. 2018 жылғы 1 қазандағы есеп бойынша Банк Алматы және Астана қалаларында, 13 облыста (Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола) қызмет етіп отыр. Банктің бағадарламаға қатысу кезеңінде 394 қарыз алушы 3,6 миллиард теңге көлемінде қыржалындырылды. Орналастырылған қаражат көлемі бойынша банк республикалық ЕДБ арасында 2 орынға ие болып отыр.
2017 жылғы желтоқсанда Халық банк жеке құрылысшылардың тұрғын үй салуын ынталандыру шеңберінде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына кірісе бастады. Қазірде бағдарлама шеңберінде банк 31 субсидиялау шартын бекітілді.