Учаскеде әйелді шешіндірген милиционерге сот үкімі шықты

0
270
Учаскеде әйелді шешіндірген милиционерге сот үкімі шықты


Самарқанд облыстық соты 21 қарашада Каттакурган қаласы ішкі істер бөлімінің бұрынғы қызметкері Санат Умаровты алты жарым жылға соттау туралы үкім шығарды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабаралуынша, сот 30 жастағы Санат Умаровты қызмет бабын асыра пайдаланып, кісіге зорлық-змобылық көрсетіп, қылмысты қасақана тіркемегені үшін кінәлі деп таныды, — деп жазады centralasian.org.

Умаров жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Бұған қоса ол үш жыл басқарушы қызметте істеу құқығынан айрылды.

Еске салайық, 3 маусымда Санат Умаров пен Каттакурган каласы ішкі істер қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған әйелді шешінуге мәжбүрлеп, оны видеоға түсіріп алған. Видео 5 маусымда жарияланған. Онда шамамен 35 жастағы әйелді шешінуге мәжбүрлегені бейнеленген. Сонымен бірге ұсталған тағы бір әйелді ер кісінің балағаттап жатқаны естіліп тұр.

Бұл әйелдерден ұрланған ақшаны таппаған милиция қызметкерлері оларды босатып жіберген, бірақ күдіктілерді ұстағаны туралы ешқандай құжат толтырылмаған.

Санат Умаров әйелдердің ар-намысына тиетін әрекетке барғанын жоққа шығармады. «Мен олардан кешірім сұрадым», — деп ақталды ол.