Әңгіме: Аккожа Мажит | Байырғы қазақ метрологиясы
Жылқыға байланысты:
Жылқы байлам
Ат шаптырым жер
Бие сауым уақыт
Ұзындық, уақытқа байланысты:
Бір қыдыру жер
Түстік жер
Айлық жол
Күндік жер
Арпа өлшемі:
Шығыс елдері бойынша ең кіші салмақ және ұзындық өлшемі ретінде қолданған.
1 арпа = 45мг
6 арпа = 1 бармақ өлшеміне тең
Табан өлшемі — орташа ұзындық өлшемі. Адымның бестен бір бөлігіне және адам бойының алтыдан бір бөлігіне тең болған. Ағылшындар «футы»- деп атайды.
Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Аршын – ежелден бері қолданып келе жатқан, адамның шынтағы мен саусақ ұшының арақашықтығына негізделген өлшем бірлік. Вавилонда локоть атаумен пайда болған.
1 шынтақ = 45см тең
Бармақ өлшемі
Адам саусағының ортаншы буынының еніне негізделген. Ағылшындар тілдерде «дюйм» деп атайды. Аударғанда «бас бармақ» дегенді білдіреді.
1 бармақ=25 мм
Ұзындық өлшемдері
Тұтам – бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық.
Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық.
Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі.
Қарыс сүйем-бармақ пен ортаңғы саусақ аралығын қамтиды.
«Бір қарыс» – шамамен ересек адамның қолын жазғанда бас бармағының ұшынан шынашағының ұшына дейінгі ұзындыққа тең бірлік. Шамамен 15-18 см.
Салмақ өлшемдері
Қадақ – 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр.).литр
Бір шелек (су, сүт) – 10 литр.
Бір торсық (айран) – 6-7 литр.
Бір көнек -6-7 литр
Бір саба (қымыз) – 10-15 литр.
Бір қап (ұн, қант) – 50-60 кг.
Бір арқа (жүк) – 45-50 кг.
Найза қап, қанар – 70-80 кг.
Пұт – 16 кг, жуық.
Бір құлақ су – 3- 4- текше метр.
Батпан — әр елдің өлшемі әр түрлі. Балуан Шолақ көтерген 51 пұттық таразының тасы да бір батпан.
Көлем өлшемдері
Уыс – қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұңқырайған алақан аясының іші, алақанға сиярлық мөлшер.
Құшақ – қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні, қойын.
Ұлтарақтай – адам табанының көлемі.
Тулақтай – мал терісінің көлемі.
Үй орнындай – киіз үйдің ішкі көлеміндей.
Бір танап жер – гектардың алтыдан бір бөлігі.
Бір мойын жер – жарты гектар.
Бір айдам жер – бір гектар.
Көлдей – өте көлемді, кең.