Түркістанда 14 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады

0

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Turkistan invest» инвестициялық компаниясының басшысы Әлібек Несіпбеков мәлімдеді.  «Ірі жобалардың қатарында жалпы құны 13 240 млн. теңгелік «ЭкоПроТех-Астана» ЖШС-інің күн электростанциясы – 20 адамды, құны 95 000 млн. теңгені құрайтын «Standard Petroleum & Co» ЖШС-інің мұнай өңдеу зауыты – 1 000 адамды жұмыспен қамтымақ», – деді Әлібек Несіпбеков.

«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының кеңсесі жанынан бүгінде «Turkistan invest», «Цифрландыру орталығы» және «Тұрақтандыру қоры» филиалдары құрылған. «Түркістан» ӘКК» АҚ төрағасы Айтмұхаммед Алдажаровтың айтуынша, қазіргі таңда корпорация құрылыс, әлеуметтік маңызды жобалар, туризм, инвестиция тарту, цифрландыру, тұрақтандыру қоры сынды бағыттар бойынша жұмыс атқарады. Сондай-ақ инвесторларға қолдау көрсету мақсатында әзірленген «InvestInTurkistan.org» инвестициялық порталы ақпаратты қазақ, ағылшын, француз, қытай, түрік, араб және орыс тілдерінде таратады. Бұл порталдың көмегімен инвестор кез-келген уақытта өзіне қажетті ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз