Әдебиетті оқытудың әдістері | Скачать Курстық жұмыс

0

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … …3
І. Қазақ әдебиетін оқытудың өзекті
мәселелері … … … … … … . … … … … … .5
1.1.Әдебиетті оқытудың
әдістері … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… …7
1.2. Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдау
жолдары … … … … … … … .9
ІІ. Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы
оқыту … … … … … … ..11
2.1. Көркем шығармаларды оқып-үйренудің әдіс-
тәсілдері … … … … … … .. …15
ІІІ. Қазақ әдебиетті сабағында әдеби талдау жүргізудің
негізгі
бағыттары … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … .17
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … ..24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
..26

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз
табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, сондай-ақ көркем туынданы
талдаудың ғылыми әдістемелері мен технологиясын жетік меңгеруі міндет.
Әдеби шығармаларды талдау кезінде мұғалім мен оқушы арасында бірлескен
еңбек, оқушыны субьект тұрғысында қарым-қатынас жасау қазіргі оқытудың
басты талаптарының бірі.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті
болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс –
тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады.
Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен
оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады.
Сонымен әдіс – тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне
байланысты әртүрлі болып келеді. Оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге
асады. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс,
түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық
( ішінара іздендіруші ) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, мәтінді
көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше. Курстық жұмысында осы сұрақтарға
жауап берді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден және үш тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін
анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы
орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын
пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды. 
Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән.
Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті
оқыту сабақтары  кезінде мұғалім мен оқушылардың  өзара қарым-қыатынасы
болып табылады,  ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне
сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие
мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену
негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз
шеңберінде алып баяндайды, – деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев.
Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара
байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін
және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын
көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан.
Әдеби туындылар негізінде жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-
теориялық негіздері атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге
байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер мен
көзқарастарға талдау жасалып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып,
теориялық негізі анықталды. Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие
берудің құралы ретінде көркем шығарманың мазмұны, мәні қарастырылды. Көркем
шығармаларға теориялық сипаттама беріліп, оның педагогикалық мүмкіндіктері
қарастырылды.
2Әдеби туындылар негізінде жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің
педагогикалық мүмкіндіктері атты екінші бөлімінде көркем шығарманы оқу-
тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, жолдары
көрсетілді. Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық
тәрбие беру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының
қорытындысы көрсетілді.

І. Қазақ әдебиетті оқытудың өзекті мәселелері

Кемеңгерлікті танудың үш жолы бар:
Бірінші жолы – ойға салып пайымдау.
Бұл – ең ізгі жол…
Үшіншісі – тәжірибе
жолы. Бұл –
ең қиыны.
Конфуций
Әдебиет – сөз өнері. Ол – өнердің бір саласы. Әдебиет пәні де өнер
пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар адамтану құралы десе, әдебиет пәнін
адам тәрбиелеу құралы дер едік. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз
маржандарының қыр-сырын игеруден жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастысы,
өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді.
Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқар арман, әдемі сенім, әсемдік
пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер
туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың
рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге
дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы жасөспірімдер алдында
еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады,
солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі
көрінеді.
Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды сөз өнерінің қыр-
сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа
деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы – әдебиетін жан-жақты игерту,
сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа т.б
тәрбиелеу. Әдебиет пәнінің ауқымы да, мүмкіндігі де, маңызы да ерекше болып
келеді. Мектепте оқытылатын қай пән болмасын, олардың білім мен дағды,
тәрбие беруде өзіндік орны, атқарар маңызы да бар. Дегенмен де әдебиет пәні
барлық пәннің анасындай қызмет атқарады. Математиканы меңгеру үшін де
сауатты оқи білу керек, оқығанын түсіну, ұғу, айта білу қажет (тарих,
география пәндерін былай қойғанда). Әдебиет пәні барлық пәндермен тығыз
байланыста болып келеді. Соның ішінде, өзі де өнер пәні болып саналатын
себепті, ол бейнелеу өнері, музыка пәндерімен ерекше гармониялық үндестікте
жүріп отыруы керек. Сондай-ақ тарих пәні әдебиеттің ең туыстас, бауырлас
пәні болып табылады. Бағдарлама мен оқулыққа назар аударған адам бірден осы
туыстықты аңғарар еді. Себебі, ақын-жазушы шығармашылығына тоқталмас бұрын,
ол өмір сүрген тарихи кезеңнің сипаттамасы, келбеті беріледі. Қай суреткер
болмасын, өз заманының жемісі. Ол, ең алдымен, өз заманын жыр етеді, соның
келбетін кескіндейді, бейнелейді, шығармашылығы заманына байланысты туады.
Оның шығармасы сол өз заманының айнасы болып келеді. Қазақ тілі пәнімен
ерекше бауырластығы дәлелдеуді қажет етпейді. Егер әдебиетті көркем бір
ғимарат, ғажайып мүсін десек, соны құрайтын заттар – тіл, тіл байлығы;
сондықтан бұл екі пәнді бір-бірінен бөліп алып қарастыру дұрыс емес (Әрине,
екеуінің өзіндік мақсат, міндеттері туралы бұл жерде сөз жоқ).
Әдебиет пәнінің тағы бір ерекшелігі – оның ойлы, ізденімпаз, өзіндік
эстетикалық көзқарасы бар оқырман дайындауында (бұл жерде барлық оқушыны
осылай бір бағытта дайындайды деген ұғым тумауы керек). Бұл –- үлкен,
қасиетті міндет. Мәдениетті, білімді адамның қай-қайсысы болмасын, оқырман.
Атақты физик, математик, геолог, медик, тіпті ғарышкер болмасын, барлығы да
оқырман. Оған дәлел – олардың ғылым төріне, биігіне шыға білуі, яғни оқу
арқылы, кітап арқылы оқырман бола білуі. Осындай ұлы адамдар естелігін оқып
отырғандағы көз жететін бір нәрсе – олардың көпшілігінің білім, ғылымға аяқ
басуына әдеби кітап, соған деген ынта әсер еткен. Бұл жерде оқырман деген
ұғымды кең көлемде түсінген жөн. Әдеби шығармаларды оқушыларды,
әдебиетшілерді ғана оқырман деудің аясы тар. Бірақ сол оқырмандықтың
алғашқы баспалдағы мектептен, әдебиет сабағынан басталатындығы түсінікті.
Әдебиет пәні – өнер пәні, адамтану пәні дедік. Сонымен қатар, әдебиет
пәні – жан-жақты ойлантудың, терең ойлаудың пәні. Ең бастысы, әдебиеттің
басқа пәннен айырмашылығы – онда дәлелденген ешқандай заң жүйесінің,
формаларының, элементтердің, бұлжымас, айнымас, ережелерінің жоқтығы. Орыс
әдебиетінде бір ғана Пушкиннің Евгений Онегиніне қаншама сын-зерттеулер,
монографиялар жазылды. Әр зерттеуші оны әр қырынан қарастырады, өзіндік
пікір айтады, себебі зерттеуші ғылыми еңбек жазып отырса да, онда сөз жоқ,
өзінің оқырман ретіндегі қабылдауына, сезіміне де орын береді. Қазақ
әдебиетіндегі Абай шығармашылығына байланысты Мағжан Жұмабаев, Мұхтар
Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиевтер еңбектерін былай қойғанда, бүгінгі
әдебиетшілер де зерттеулер жазуда. Бұдан шығатын қорытынды әдебиеттің
өзіндік ерекшелігінде жатыр. Ол – өнер туындысы. Ол – ұлттық рухани қазына,
ол – әлемдік әдебиет пен мәдениеттің бір бөлшегі. Әдебиетті құзырлылық
тұрғысында оқыта отырып, жан-жақты дамыған құзырлы тұлға қалыптастырудың
бірден-бір жолы.
Ой, ойлану, ойланту барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін
емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе – өзіндік ойлау,
өзіндік пікірде жатыр. Әдебиетті оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды
туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауды, не соны қаз-қалпында
мазмұндатуды мақсат етпеуі керек, ең бастысы, сол көркем туынды туралы
оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді
оқытудан өзгешелігі де күрделілігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда
сезім, эмоция, әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі
психологиялық рең осы пәнде ерекше көрінеді.
Әдебиет – жан-дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей
жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі –
адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызықтығы да,
күрделілігі де осында жатыр.

1.1.Әдебиетті оқытудың әдістері

Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне,
шеберлігіне де байланысты. Әдіс-тәсілдер деген не? Оқыту процесінде
мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы,
екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр
түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің
әңгімелесуі – әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізілетін жұмыс түрлері –
кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп
аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне
байланысты әр түрлі болып келеді.
Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы,
әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы беосенділігін танытып, арттыратын
тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік
жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс,
көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі – иллюстриативтік әдіс
немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс (ішінара іздендіруші) әдіс,
зерттеу әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Академик Ю.Н.Бабанский өзінің Оқу-тәрбие процесін оңтайландыру деген
еңбегінде (1982 ж., Просвещение,177-бет) әдістерді мынадай үлкен үш топқа
жинақтайды.

1) Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы
организации учебно-позновательной деятельности).
2) Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеуәдістері (методы
стимулирования учебно-позновательной деятельности).
3) Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за
эффективностью учебно-позновательной деятельности).
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту
әдістеріне: сөздіу (әңгіме, дәріс, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация,
портрет, суреттеу, мүсіндеу), практикалық (поэтикалық талдау, көркем
мәтінмен жұмыстар) әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивтік әдіс,
эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтып
кеткеніміздей әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі ерекшелігі болады.
Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады,
соған тоқталайық.

Сөздік Көрнекілік Практикалық әдіс Зерттеу
әдіс әдіс әдісі
Берілетін білім Берілетін білім Оқушылардың Берілетін білімнің
ақпараттық мазмұны теориялық білімін ғылымилығын
сипаттау болғанда,көрнекілікті тілеппрактикада арттыру, қосымша
білімді тұрғанда, уақыт пайдалана білу материалдармен
қалыптастыру, үнемдеуде, дәрежелерін байыту оқушыларды
соның ішінде әсіресе, оқушы жетілдіреді. Бұл іздендіру, өз
теориялық білім психологиясына әдіс кітаппен беттерімен
беру, жаңа әсер ету жұмыс түрлері проблема шештіру
ұғымдарды оқушығамақсаттарында өте кезінде жазушы мә-селелерінде
жеткізуде бұл әдістиімді болады. тілі, сти-лін тиімді.
өте тиімді. СөздікСондай-ақ оқушыны анықтауда өте Оқушылардың
әдіс, әсіресе, сабаққа қызықтыру,тиімді өздігінен ойлануы
әдебиет пәнінің ынталандыру мен іскерлігін, өз
күретамыры деуге мәселелерінде де беттерінше
де болатындай – маңызы зор қорытынды шығару
дағдыларын
жетілдіруде өте
пайдалы

Әдебиет сабағындағы оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер
алуы, бүкіл бітім-болмысымен түсіне білуі үшін мұғалім осы мақсатта іздене
отырып, оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптап
пайдалануы керек. Көркемдеп оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады.
Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін
дамытуда өте тиімді. Әдебиетті өнер деп танытуда, көркем туындыны өнер
туындысы деп қабылдатуда, сөз қасиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық
нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни көркем шығарманы
оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде ежелден – ақ тиімді
әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда. Бұл әдістің негізгі
тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күй
табақты, үнтаспаны тыңдауы, т.с.с. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлеп, әрі
түсінік бере оқуы сөйтіп, оқушыларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық
әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау, т.б.
шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем
мәтінді оқу барысында иллюстриация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай
өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер
бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды, т.б.) тиімді тәсіл
ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне жатады. Мұғалім осы
жұмыстың басы-қасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып
қызмет атқарады.

1.2.Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдау жолдары

Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде
айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-
тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оұыту
әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер
пайдалануы керек. Бұл – аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті,
жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің
өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда
мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Мұндай
мұғаімдер қай тақырып болсын, оны қай сыныпта өткізсін, сабақтың негізгі
мақсатын да еске алмастан, дағдыға айналған әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе
береді. Мұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім
бере алады деп айту қиын-ақ. Оқу тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі
шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді
жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, соны
да ерекше ойлануы керек. Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда
тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде
тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себебі не? Оқушылардың таным
белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше
қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше.
Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят
(ситуация) тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу
әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен
де, осы проблемалық оқыту әдіс-тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес.
Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап
етпейді. Сондай-ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен
сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге
болмайды. Бұл әдіс-тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін
тақырып аса күрделі емес, әрі оқушы дербес, өздері шеш алмайтындай
тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу
тиімді.

Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі,
мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс-тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа
мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып, береді. Оқу материалын
ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да
өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдай алады. Бірақ репродукдивтік-
түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс
түрлері әлсіз болып келеді. Сондай-ақ әдебиетті оқытуда тиімділігі ерекше,
көрнекілік әдісінің де мүмкіндіктері әр түрлі. Көрнекілік – оқушылардың
пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі
пайдалану оқушылардың дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің
дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік идеялары да сабақта
мұғалімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін, немесе өзі білетін
барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады, әрі бір сүрлеу, бір
ізбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту
әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып
ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке-даралық, жағдайларын ескере
отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы жағдайға
байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер екінші
жағдайда тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі
бірлікте, үйлестіре пайдаланған дұрыс болады.
Өзіндік әдісін көрнекілікпен, практикалық жұмыстармен астастырып
немесе зерттеу әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы
зор болмақ (әрине, қандай әдістерді қалай пайдалану сабақ мақсатына
байланысты туындайды). Ал, кейде практикалық, танымдық-іздендіруші
әдістерді көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға болады. Әдістәсілдерді
үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың
маңызды бір саласы. Мұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген
қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа
зер сала отырып, оны қандай әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға
берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі
таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің қаншалықты
дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер
мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе
немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны
практикалық әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине
онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелілігі туралы сөз
қозғаудың да қажеті жоқ.

ІІ. Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқыту

Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да
оқушылардың жас ерекшелігі, психолгиясына байланысты ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз
өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту –
білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі. Бұл мәселелерде
де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы
ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап-даралап оқыту, оқушылардың бүкіл ой
еңбегін, оған ерекше күш түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі
бір уақыттарды нәтижелі, жемісті болатындай етіп ұйымдастыру, жүргізу
туралы сөз етеді. Көптеген ғалымдар, психологтер, мұғалімдер зерттеулері,
пікірлері бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман
ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.
1. Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жас өспірімдер.
2. Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-тегі жас өспірімдер.
3. Үлкен жастағыларға 9-11 сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды.
Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті,
дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір
жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.
Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан
балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар – қимыл-
қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын
шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер.
Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял-ғажайып
оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан
кетпейтіндер де осылар. Қиялдары ұшқыр, қабылдаудары алғыр. Дегенмен,
алаңғасарлық, тез қабылдап, тез ұмытуда осыларда жиі кездеседі. Мектепте
көп шулайтындар да, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар да 10-12
жастағылар. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек,
поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қара сөзбен жазған
шығармаларды оқуға ынталы. Әсіресе, оларды соғыс, шпиондар ерекше
қызықтырады. Оқыған шығармаларының мазмұнына қарай әр түрлі эмоциялық көңіл
күйдә бастарынан кешіріп, соны ұмыта алмай, дел-салдыққа түсушілік,
алаңдаушылық оларда өте жиі кездеседі. Жалпы осы үш топтағы оқушылар ішінен
кітапты көп оқитындар да, ондағы бас кейіпкерлерге, әсіресе, барлаушыларға,
батырларға еліктеушілер де осы жастағылар. Олар оқып отырған кітаптарына,
ондағы оқиғаларға толық сенеді, дегенмен, шіркін, ол неге былай істеледі
екен, әттең, олай істегенде деген сияқты өз қиял-ойларына да ерік беріп,
толғанып жүреді, бірақ ол толғаныстары уақытша болады, тез ұмытады,себебі
келесі кітапты оқығанда, ол басқаша талпынысқа тап болады. Әрине, 10-12
жастағылар оқығандарының барлығын, одан алған әсерлерінің барлығын тез
ұмытып кетеді деуден аулақпыз. Оқыған дүниелерін, әсерлерін 2-3 айдан кейін
қайта сұрағанда, олар басыңқы дауыспен, байыпты баяндай бастайды.
Кейіпкерлер тағдырына да мойынсұнушылықпен қарауды сезуге болады. Мұның
барлығы, яғни, сондай тұрақсыздық – баланың жас ерекшелігі,
психологиясынан туып отырған дүниелер М.Мағауиннің Бір атаның балалары
деген шығармасынан 6-сыныпта үзінді беріледі. Осы әңгімеде, әсіресе,
оқушылардың эмоциясына әсер ететін екі үлкен жағдаят бар.
Бірінші, Ертай мен Нартайдың бір-бірін жібермей, бөлек кеткісі
келмегендері (балаларды үй-үйге бөліп жатқанда), сонан соң ата-аналарын
іздеп, үсіп өлулері. Ертай мен Нартайды бірге асырап алу керек еді, бөлмеу
керек еді, солай болғанда, олар өлмес еді деп, балалар бір ауыздан осындай
пікір айтып, шулап жатады. Балалар өліміне келіскісі келмейді. Жазушы
болсаң, әңгімені өзің қалай аяқтар едің деген сұраққ олар түгелдей
қатысып, бір-ақ шешімге келеді. Яғни тірі қалдыру. Біреуі өз қиялына ерік
беріп, оларды ауыл адамдары құтқарып қалады десе, екіншілері үлкендер сезіп
қап, оларды жолға шығармай қояды дегендей, өз аңсауларынан туған солай
болса екен деген пікірлерін айтып жатады. Олар осы кезде сезімге беріліп,
балалар өліміне шынында да кім кінәлі екенін ажырата алмайды, әңгіме
негізіндегі идеяны да, авторлық шешімді де аңғара алмайды.
Оқушылардың осы шығарманы қабылдауларын, шығарма әсерін,
оқырмандық дүниетанымын байқау мақсатында оларға шағын шығарма – толғаныс
жаздырылды.Жұмысты тексеру барысында барлығы да Ертай мен Нартай өліміне
қайғырғандарын жазады, қыздар жылағымыз келді, не жыладық дейді. Ал
олардың қайғылы тағдырларына кім кінәлі екенін ашып жаза алмаған.
Көпшілігі, жоғарыда айтып кеттік, балалардың өздерін кінәлайды, асырап
алған адамдарды кінәлайды т.с.с. Бұдан шығатын қорытынды не? Қорытынды: 10-
12 жастағы балалар көркем туынды негізінде белгілі бір идея жататынын, ол
авторға байланысты болатынын ойлана бермейді. Тіпті, оның көркем туынды
екенінде де шаруасы жоқ. Олар оқып отырған дүниесін өмірдің өзі деп
қабылдайды. Сонымен осы жастағы балаларды кітап оқуға баулуда, оқырмандық
мәдениетін қалыптастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:
✓ Кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни
оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-
кеңес беру. Төмендегі үлгіде көмекші нұсқау жазып, оны кабинетке іліп
қою (үлестірме қағаз түрінде де қолдарына беруге болады).
Мына мәселелерге көңіл бөл:
✓ Кітапты ұқыпты, асықпай-саспай, жыртпай, кірлетпей оқы, бүктеме,
белгілеме.
✓ Басты кейіпкерлерін, оқиғаларын ұмытпау үшін дәптерің жазып ал.
✓ Оқып отырғаның көркем шығарма екенін, оны белгілі бір адам жазғанын
ұмытпа.
✓ Шығарма не айтпақшы, нені үлгі етпекші, жазушы оны жазуда нені
мақсат еткен, соны үнемі ойла. Өзің қандай үлгі алдың? Жолдастарың
қандай үлгі алады деп ойлайсың?
✓ Әр оқыған кітабыңның тек қызықты оқиғасын, қуанышты, қайғылы
жерлерін, не кейіпкердің басынан өткендерін ғана еске сақтамай, ең
бастысы, кітап саған ұнады ма, ұнанмады ма, соған ой жүгірт. Неге
ұнады, неге ұнамады, дәлелдеуге тырыс. Жазушы осы кітапта оқырмандарға
не айтпақшы болған, соған үңіл.
Ескерту:Кабинетке Оқырмандар мүйісі деген бөлім ұйымдастырып, сонда жазып
қоюға болады. Сондай-ақ әр туынды бойынша (сыныпта оқып жатқан немесе
сыныптан тыс оқып жатқан) нақты көмек-нұсқау жазылған үлестірме қағаз
таратуға болады.
Ересек, 13-14 жастағы жасөспірімдердің психологиясы, физиологиялық
даму барысында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар айналаға, соның ішінде өнер
туындыларына өз көзқарастарымен қарай бастады. Балалық шалалық немесе
ұшып-қонып тұрған көңіл, мінезден, байқағандарын, оқығандарын тек сезім
жетегінде, байыбына бармай, айта салушылық, бірбеттілік, қайтпастық
мінездерден арыла бастайды. Бірақ осы жастағы балалардың қай жағынан
болсын, әлі қалыптасып болмағанын, сынаптай толқып тұрған шақтарын естен
шығаруға болмайды. Бұл шақ, психолог ғалымдардың айтуы бойынша, өте
жауапты, маңызды шақ. Балалықтан кету, үлкендікке жету арасындағы нәзік
көпір. Білім беру, тәрбие істерінде де бұл жасқа ынтамен, ерекше қараған
дұрыс. Төменгі, кіші сыныптардағы мен айтам, мен оқимын деген самсаған
қолдардың сынып жоғарылаған сайын, сиреп кету себебі не? Немесе оқыған
кітаптары туралы даурығып, таласып жатқан балаларды олар өскен сайын неге
аз кездестіреміз? Қай жерде, қай мезгілде лепіріп тұрған, кемерінен асып-
төгіліп тұрған бала көңілінің, ынтасының нәзік қолын үзіп аламыз? Әдеби
шығармаларды оқытпас бұрын, оның тұрақты оқырмандарын қалыптастыру
мақсатындағы жұмыстардан бұрын, оның тұрақты оқырмандарын қалыптастыру
мақсатындағы жұмыстардан бұрын, осы мәселеге әр ұстаз абай болғаны жөн.
Балаларға әдеби шығармаларды жүйелі түрде оқыту, ынтасын, қызығушылығын
арттырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолдарын іздестіру керек. Бұл жұмысқа
мектеп кітапханасы, бүкіл мұғалімдер қауымы, тәрбиешілер жұмыла кіріскені
дұрыс. Тарих, география, тіпті математика пәндерінен де қызықты, әдеби
кітаптар беріп, оны оқытып отыру, баланың сол пәнге деген ынтасын арттыру
үшін,аса маңызды. Бірақ мұндай жұмыстар аса сақтықпен істелінуі керек.
Баланы көп шаршатпау, басы артық тапсырмалар беріп, уақытын алмауды
ойластырған дұрыс. Ол үшін барлығына да әдебиетші мұғалім бағыт-бағдар
береді. 13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы балаларға қарағанда көркем
шығармаға басқаша көзбен қарай бастайды. Тек оқиғасын қызықтап оқу, соға
бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір шындығы деп
қабылдау, барлығына күйіну, қупну бұл балаларда да болғанымен, ол басқалай
сипат алады. Көркем туындыны оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді екін
қабылдайды, әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек жүгінеді.
Кітаптағының барлығына бірдей сене бермейді, барлығынабірдей қуана да,
қайғыра да бермейді. Авторға келіспеушіліктерін білдіреді, дұрыс емес,
былай болып керек қой деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді.
Мысалы, 8-сыныпта М.Әуезовтың Қараш-қараш оқиғасы атты шығармасынан
үзінді беріледі. Талдау кезінде оқушылардың көбі Бақтұғылдың мына іс
әрекетіне келіспейді:

а) Биені ұрлап алып, оны жасыра тұрмай, ұсталып қалуы.

ә) Жараспайға барып, айтқанына жүре беруі, ұрлыққа түсуі.

б) Жуандар арасында өзін Жараспайдың ұрлыққа жібермеуін ашып айтпауы.

в) Болысты басқалардан жасырып, өлтірмей, өзінің өлтіргенін білдіріп қоюы.

Оқушылар неге Бақтұғылды осы мәселелерде ұнетпайды? Оның бір себебі,
олар оқыған дүниелеріне көз салады, дұрыс па, бұрыс па – ойланады,
бұрынғыдай тек сезімге беріле бермейді, талдау жасап, саралап оқиды.
Екіншіден, бұрыңғы оқыған шығармалары, көреген киноларында бас кейіпкер
жеңіп шығады, алданбайды, әсіресе, барлаушылар туралы шығармаларда. Бұған
бұрын оқыған шығармалары, кинолары да әсер етуі мүмкін. Бірақ бұған қарап
12-14 жастағыларға көркем туындыны өз беттерісен толық оөитын оқырмандар
деп қарауға болмайды. Көркем туындыны өнердің бір саласы деп толық түсіну,
оның тақырыбы, идеясы, көтерген проблемасы, тіл ерекшелігімен қоса, тұтас
дүние деп қабылдау оларға әлі де ерте. Осы кезде, әсіресе, оларға мұғалім
көмегі, ақыл- кеңесі ерекше қажет. Себебі, осы тұрақсыз жастағылардың
ішінен көркем туындыға салқындау қарап, одан бой тарту жиі кездеседі.
Оның себептері көп. Бір себебі – бұл жастағыларда кітаптан басқа да
қызқтыратын дүниелер пайда болады. Біреуі спортқа ден қоюы мүмкін, екіншісі
әнге, не басқаға бой ұрады. Мұғалім оны да түсініп, баланың не себепті
кітапқа салқындауын зерттеуі керек. Оқушылардың қызығатын дниелеріне тоқтау
салу – кешірілмес күнә. Олар осылай толқып жүргенде, әсіресе, сыныптан тыс
оқитын кітаптар жайында жиі тексеру, жазалау … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз