СҚО-да өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды
2018 жылғы 23 желтоқсан 21:59 195
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат — Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары өрт орнынан жанып кеткен ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«23 желтоқсан күні Солтүсті Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинградское ауылында жеке үй өртенді. 63 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау сағат 01:38-де ауыздықталып, сағат 02:42-де толық сөндірілді. Оқиға орнынан 1964 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрттің алдын ала себебі — мас күйінде шылым шегу», — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға орнына СҚО ТЖ департаментінің жеке құрамынан 7 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz