8 наурыз. Ананы, әйелді, қарындасты, дос қызды қалай қуантуға болады?

0

Елдің бәрі әдемі құттықтау қағазына ақша салып бергенді жақсы көреді. Алайда,  сізден ондай сыйлықты ешкім талап етпесе, нәзік жанды аруларға ерекше сыйлық жасаудың түрлері көп.

Көктемнің символы

Әйелдер үшін ең құнды әрі көңілді көтеретін сыйлық- бір букет гүл.  Ол раушан немесе қызғалдақ тіпті лалагүл болуы мүмкін. Кез-келген ана ұлдарынан гүл алғысы келіп тұрады. “Керек емес, босқа шығындалдың деп жаны ашып айтып тұрғанымен”, ана жүрегі қашан да “ұлым менің мерекемді ұмытпады ма ?”- екен деп қобалжып қояды. Сол кезде шамаң үлкен букет қымбат гүл сатып алуға жетпесе, кәмпиттен де, әртүрлі жеміс-жидектен де тіпті, мынау қажет болып қалар деген  әртүрлі заттан да,  әдемі гүлге ұқсатып букет жасап сыйласа кез-келген ару қуанары сөзсіз.

Ал, егер сыйлықтарыңыз  ұзақ уақыт сақталсын десеңіздер онда, бөлмеде өсетін ыдыстағы гүлді тарту етсеңіздер де аналарыңыз бен әжелеріңіздің көңілі марқайып қалады. Бірақ ең алдымен нәзік аруларыңызға қандай гүл керек екенін біліп алған жөн.

Сүйікті ермегі.

Егер анаңыз тігін тіккенді жақсы көрсе немесе басқа да шығармашылық істермен айналысатын болса, онда сыйлық таңдау тіптен оңай. Тіпті болмағанда, қызықты мастер-класстарға куәлік сыйлаған ерекше тарту болар еді. Мүмкін анаң сурет салуға, ал қарыңдасың немесе әпкең парашюттен секіруге құмар шығар ? Қасыңдағы нәзік жандардың сондай қызығушылықтарын ескере отырып, оларға керемет көңіл-күй сыйлайтын куәліктер сыйға тарту әйел адамдардың есінде әдемі естелік болып қалады.

Отбасылық мереке

Көктем мерекесі-отбасының ауызбіршілігін паш ететін ерекше сәт. Әсіресе жанұяңдағы барлық  мүшелерді жинап сұйікті мейрамханаға барып, дәмді ас ішіп, музыка тыңдаудың өзі ерекше сыйлық. Мәселен экзотикалық дәмдерді таңдасаңыз кешкі ас тіптен түрлене түседі. Сондай-ақ,  әрбір нәзік жанды туысыңа жақсы тілек арнап қойсаң, одан сайын қуанар еді. Ал барлық отбасыңды шақыра алмаған жағдайда , тек қана анаңды мейрамханаға шақырып, оған ерекше көңіл бөлсең, одан асқан сыйлық жоқ.

8 наурыз. Тілектер. Құттықтау сөздер (Қазақша құттықтау)

Өзіне көңіл бөлгізу

Көптеген әйелдер үшін  шаштаразға, маникюрге бару ерекше демалыс түрі болып есептеледі. Олар сән салонына кірген кезде тыныстары кеңіп, өмірге деген құштарлықтары ояна түседі. Тіпті,  әдемілік өмірлеріне сенім ұялатады.

Сондықтан, сүйікті әйеліңізге, анаңызға немесе әпке-қарындастарыңызға кәсіби косметологтардың қызметін көрсететін карта сыйласаңыздар –баға жетпес сыйлыққа айналары хақ.

Көктемнің шуақты мерекесінде нәзік жандарды қалай қуантуға болады ?

8 наурыз, ана туралы өлеңдер

Отбасылық мереке

Көктем мерекесі-отбасының ауызбіршілігін паш ететін ерекше сәт. Әсіресе жанұяңдағы барлық  мүшелерді жинап сұйікті мейрамханаға барып, дәмді ас ішіп, музыка тыңдаудың өзі ерекше сыйлық. Мәселен экзотикалық дәмдерді таңдасаңыз кешкі ас тіптен түрлене түседі. Сондай-ақ,  әрбір нәзік жанды туысыңа жақсы тілек арнап қойсаң, одан сайын қуанар еді. Ал барлық отбасыңды шақыра алмаған жағдайда , тек қана анаңды мейрамханаға шақырып, оған ерекше көңіл бөлсең, одан асқан сыйлық жоқ.

Өзіне көңіл бөлгізу

Көптеген әйелдер үшін  шаштаразға, маникюрге бару ерекше демалыс түрі болып есептеледі. Олар сән салонына кірген кезде тыныстары кеңіп, өмірге деген құштарлықтары ояна түседі. Тіпті,  әдемілік өмірлеріне сенім ұялатады.

Сондықтан, сүйікті әйеліңізге, анаңызға немесе әпке-қарындастарыңызға кәсіби косметологтардың қызметін көрсететін карта сыйласаңыздар –баға жетпес сыйлыққа айналары хақ.

Оқи отырыңыз:

Ана туралы тақпақтар, 8 наурыз, аналар мерекесі, ана туралы өлеңдер

8 наурыз мерекесіне құттықтау сөздер, тілектер