8 наурыз мерекесіне құттықтау сөздер, тілектер     

0

8 наурыз мерекесіне құттықтау сөздер, тілектер           

Құрметті ханымдар!

Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Ер-азаматтарыңыз сіздердің қандай еркеліктеріңізді болсын көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерімізге айтарым: жүректерінің түбіне біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!

****

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

****

Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындасының, сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады.

Құрметті кыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздін сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

****

8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

****

Әйел – ана, әйел – асылжар.

Құрметті арулар! Мерекелеріңізбен кұттықтай отырып, қазақтың тамаша ақын қызы Нәзира Бердалының сөзіне жазылған, Бағлан Бәбіжанның әні «Ару-ғұмырды» сіздердің құрметтеріңізге орындап берейін. Қабыл алыңыздар!

Адалдығы болмаса аңсатар ма,

Ару-кезең – әдемі, әрқашанда,

Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.

Әр таң оған ерекше күліп келген,

Әр көктемнен ерекше үміттенген,

Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт.

****

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

****

8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

****

8 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар. Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз! Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер. Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

****

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі –8 наурыз Халық аралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Ерекше төзімді кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімді білдіріп, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, иіліп тәжім етеміз.

Сабыр мен төзімнен жаралған Ұлт аналары – аяулы әжелер, асыл аналар, көктемдей құлпырған қыз-келіншектер, мерекелеріңізбен!

****

Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.

****

Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймыз.

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, балатәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.

Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!

****

8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.

****

Әйелдер қауымын кім-кімді де әдемі әсерге бөлей келетін көктемнің жарқын да шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, әрі сұлулық, нәрлі күш-қуат тілейміз!

Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын.

Әркез Сіздермен бірге жеке сүйіспеншілік, көктемнің шырайлы шуағы бола берсін. Әр күн Сіздерге көктемгі сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын!

****

Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда «от басы, ошақ қасы» секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы-кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқу болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді.

****

Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, дінімізді де ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақтытәрбиелейтін қыздарымыз. «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.

****

Жақсы сөз – жарым ырыс демекші, қуаныштан жүздері балбұл жанған ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталып, шын көңілден құттықтаймыз. Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық. Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.

****

Сіздерді жыл басы көктемнің айтулы мерекесі 8 – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтау тілегімді қабыл алыңыздар! Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында. Азамат баласына тән қасиетті, сүйіспеншілік пен іңкәрлік, сұсулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын шынайы рухта бір бойына сіңіре білген ақ пейілді дархан жүректі нәзік жандарға дүниедегі бар жақсылық атаулыны тілеймін.

****

Құрметті арулар! Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз. Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!

****

Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

 

****

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Сіздерді …………… ұжымының атынан жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.

«Күннің шуағы – жылы,

Ананың құшағы – жылы», – дегендей,

дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?!

Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімді білдіремін.

****

8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Азаматтың әдемі сыңарына арналған аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары бен жүректерінің мәрттігі сөнбесін! Баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде махаббат, денсаулық, бақыт және амандық, туған-туыстарыңызға игілік тілейміз!

****

Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Әйелдер, Сіздер – адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар! Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, Қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз! Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!

****

Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар!

Болса өзге жүрек,

Адамға адам – тірек.

Сіздерге айтар мынау,

****

Қымбатты аналар !

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар. Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі. Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.

****

Көктемде арулар қоса құлпырады. Бізге оны көрсін деп көз, сүйсін деп жүрек беріпті. Құдай шебер осынша көл-көсір сұлулықты көз алдымызға үйіп-төккен. Осының бәрі Алла нұрының Жер бетіне түскен тек жүзден бір ғана Нығметі дейді. Бір-ақ пайыз! Соның өзі-ақ Жер бетіндегі тіршілік отын жағуға жетіп жатыр. Сол бір пайыз нұр арқасында Жер бетінде өмір шеруі тоқтаусыз, толассыз салдыртып келеді. Сол шеру сәнді-салтанатты болсын деп, Алла тағала Хауа анамызды жаратқанда оның дидарына нәзік нұр сүйкепті. Содан Хауа ана сұлулығына Адам атамыздан бастап адам назары сұқтанумен келеді.

****

Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған, сүйсе құлай сүйетін, нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер, мерекелеріңіз құтты болсын!

****

О, періште Анам!

Келді көктем күннің,

Күлімдейді гүлің –

Алтын ойлы Анам,

Мерекеңіз бүгін!

Жұмақ-құшақ панам,

Күндей нұрлы санаң!

Қызығын көр ұл-қыз,

Еңбек сүйгіш Анам!

Жыртылмастан жағаң,

Щарықтасын жаңа ән!

Арманыңа жетші,

О, періште Анам!

****

Жақсы әйел ер жігітке береді екпін!

Келіп тұр сені құрбым, елеп өткім.

Ұл туып, Қыз өсіріп, Ене күткен,

Сен алтын кеней сынды кереметсің!

Оны жұрт білмесе де мен білемін,

Былғансын жаялыққа жең-білегің!

Бесікте бақыт-балаң жатсын құрбым,

Төрт бөліп түн ұйқыңды елжірегін.

Осылай үлкен боп берік тұрғын,

Би етіп жан-жарыңды еліктіргін.

Жан құрбым, бір сен үшін жер түбінен,

Бір ауыз тілек үшін келіп тұрмын…