Жаңа ережелер: Алматы әуежайына енді қалай кіруге болады? — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы-Нұр-Сұлтан рейстерінің қайта жандануына байланысты Алматы халықаралық әуежайына кірудің жаңа тәртібі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әуежайы жақын арада шетелдік компания иелігіне өтпек

Алматы әуежайына кірудің жаңа ережелері мынадай:

— терминалға тек бірінші қабат арқылы кіре аласыз, автомобильдерге арналған пандус жабық; 

— терминалға COVID-19 тестінен өткен кері нәтижелі анықтамасы бар жолаушылар ғана кіре алады (берілген күннен бастап 7 күнтізбелік күнге жарамды);

— шығарып салушыларға терминалдың ішіне кіруге тыйым салынады;

— анықтаманы тексеру және дене қызуын өлшеу терминалдың кіре берісінде жүзеге асырылады;

— терминалда жолаушылар маскада және қолғапта болулары тиіс;

— қолды дезинфекциялау үшін терминал аумағында  санитайзерлер қойылған;

— тіркеу және тексеру орындарында 1,5м кем емес арақашықтықты арнайы белгілер бойынша сақтау керек;

— ересектерге ілесусіз ұшатын балалардың ата-аналарында да КОВИД тестінен өткендігі туралы анықтама болуы тиіс, ол болмаған жағдайда кіре берісте авиакомпания өкілі баланы күтіп алып, тіркеуден өткізеді;

— тестілеу туралы анықтама мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды шығарып салушы тұлғаларда да болуы тиіс, ол болмаған жағдайда терминалдың кіре берісіндегі арнайы батырма арқылы санитарды шақыра аласыз.

Сондай-ақ әуежай басшылығы санитарлық талаптардың күшейтілуіне байланысты жолаушыларды мүмкіндігінше рейске онлайн тіркелуді, әуежайға уақытынан бұрын келуін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.

stan.kz