«Вагондарды аралауға болмайды»: Еліміздің бас санитар дәрігері пойыз жолаушыларына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуқас Байғабұлов пойыз жолаушыларына қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пойыз

«Көліктегі бас санитар дәрігер ретінде автобекеттерде, теміржол бекеттерінде және жолаушылар пойыздарында жаппай сауда жасауға тыйым салып отырмын. Яғни, бұрынғыдай вагондарды аралап, шай, тамақ сату деген әңгіме жоқ. Осы талаптардың сақталуы үшін тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ теміржол қатынасында мейрамхана вагондарының қызметіне шектеу қойылды. Жалпы, жолаушылардың вагондардың арасымен ары-бері жүруіне енді рұқсат етілмейді», – деді көліктегі бас санитар дәрігер. 

Десек те теміржол бекеттері мен автобекеттердегі бутиктер, сауда дүңгіршіктері жұмыс істеуін жалғастырады екен. Мұнымен қоса ол вокзалдарға билеті жоқ жолаушылар кіргізілмейтінін тағы да ескертті. 

«Яғни олар вагондарға жолатылмайды. Әрбір теміржол бекетінде транспорттық полицейлер болады. Олар тиісті рейдтер жүргізеді. Сонымен бірге көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын бақылау департаменттерінің қызметкерлері тағы бар. Егер ережер еленбесе, пойыз басшылығы, әуе ұйымдары мен бекеттердің жетекшілер қатаң түрде жазаланады», – деп қосты Байғабұлов.

Еске салайық, бұған дейінеліміздің көліктегі бас санитар дәрігері жағдай ушықса, блок-бекеттерді қайта орнатылатынын мәлімдеген еді. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз