Марқұм Лепсі ауылының тумасы: Алматы облысында аю талап өлтірген Ресей азаматы жайлы жаңа деректер белгілі болды – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Алматы облысында аю талап өлтірген азамат жайлы жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аю

Еске салайық, қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданының тауларында орын алды.

Аю 1979 жылғы Ресей Федерациясының азаматына шабуыл жасаған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне оқыс оқиға ретінде тіркелді.

«Куәгерлердің айтуы бойынша, марқұм туыстарына демалуға келген Лепсі ауылының тумасы. 28 мамыр күні оқыс оқиғаға тап болған ер адам “Лайка” тұқымды итімен және үш танысымен бірге атпен Лепсі өзеніне балық аулауға барған. 30 мамыр күні, үйге қайтып келе жатып, жолаушылар алты шақырымға жуық жол жүрген. Сол сәтте ит аюдың қонжықтарын байқап оны қуған. Итті борсықтың ізіне түсті деп ойлаған атты жолаушы соңдарынан ерген. Ағаштардың өсіндісіне жүгіріп кеткен ит, бір мезетте қатты ұлыған. Қаза болған адам итіне көмектеспек болып ағаш өсінділеріне кіріпті. Біраз уақыт өте ер адамның қатты дауысы естілген. Сол сәтте бұталарды сындыра өсінді арасынан, жылқы мен адамдарды қорқыта аю шығып, орманға қарай қашқан. Қаза болған адамның достары оның денесін көптеген сынықтар мен жарақаттары бар, өмір белгілерінсіз тапқан, ауыр жарақаттар иттен де табылған», – дейді Алакөл аудандық полиция бөлімінің басшысы Қуат Оспанов.

Полицейлер көктемгі кезеңде аюлар өз қонжықтарын қорғау мақсатында агрессивті болатындығын және осыған байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттілігін ескертті.

Атап кетерлік жайт, адамға шабуыл жасауға итермелеген себеп ретінде аюдың қонжығын қорғамақ болғанына байланысты, аю атылмайды.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз