Төтенше жағдай кезінде ХҚКО қалай жұмыс істейді?

0

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Алайда мемлекеттік қызметтің 80%-тен астамын egov.kz порталынан алуға болады

АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс режимі жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметтің 80%-ін электронды үкімет порталы арқылы алуға болады.

«Президенттің тапсырмасымен Қазақстанның барлық қаласында халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Алайда мемлекеттік қызметтің 80%-тен астамын egov.kz порталынан алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар қызмет мобильді қосымша, Telegram мен әлеуметтік желіде қолжетімді. Жақын арада онлайн қызметтер саны артады», – деді Абаев.

Сонымен қатар 1414 байланыс орталығы жұмыс істеп тұр. Сол арқылы бір уақытта мыңнан аса адам кеңес ала алады. Кеңес беру видеобайланыс арқылы да жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктердің жүру уақыты өзгереді

«21 наурыз құжат тапсырған азаматтар құжаттарын 28 наурызға дейін ала алады. Әр қалада бір орталық анықталып, құжаттар сол жерден беріледі. Арнайы орталықтар да өз қызметтерін онлайн режимде атқарады. Құжаттар қолма-қол беріледі», – деді министр.

Айта кетейік, қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы мен Telegram-дағы egovkzbot2.0 боты арқылы да алуға болады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз