Нұр-Сұлтанда теракт жасамақ болған ер адам ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері күдіктіні ұстады, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған ер адам ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 25 наурызда арнайы операция өткізген, нәтижесінде деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген адам ұсталды.

«Ол «ДАИШ»* халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанып, астана аумағында теракт дайындады деген күдікке ілінді», — делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтанда деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген адам ұсталды

Тергеу кезінде күдіктіден қолдан жасалған жарылғыш құрылғы тәркіленді. Оған қатысты Қылмыстық кодексінің 24 және 255-баптары (терроризм актісіне дайындалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«ДАИШ»* — Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған ұйым



sputniknews.kz