Теміртауда карантинге жабылған көпқабатты үйдің есігін әлдебіреулер бөренемен тіреп тастады (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0

Теміртауда карантинге жабылған көпқабатты үйдің есігін әлдебіреулер бөренемен тіреп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бөрене

Әлеуметтік желіде карантин жарияланған көпқабатты пәтерге кіретін есікті әлдекімдер бөренемен жауып тастағаны түсірілген бейнежазба тарауда. Видео авторының сөзінше, бұл ағаш тұрғындардың сыртқа шығып кетпеуі үшін әдейі қойылған екен. 

Жергілікті әкімдік аталмыш подъездің расымен де карантинге жабылғанын айтып отыр. Алайда әкімдіктегілер тұрғын үйдің есігін кім бөренемен тіреп қойғанын білмейтіндігін жеткізді. Қазіргі таңда бұл әрекетке жауапты адамдар іздестірілуде екен. 

«Қазіргі таңда тергеу амалдары басталды. Егер кінәлі азамат анықталса, ол жауапкершілікке тартылады», – деді ПД өкілдері. 



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз