Еліміздегі дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан науқастарды қандай дәрілермен емдеуде? — Қазақстан жаңалықтары

0

«СҚ-Фармация» ЖШС төрағасы Берік Шәріп елімізде коронавирусқа шалдыққандарды дәрігерлер қандай препараттармен емдеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

covid

«COVID-2019 ауруы бойынша дәрігерлеріміз вирусқа қарсы біршама препараттарды пайдалануда. Оның бірі – алувиа лопинавиры. Ол сонымен қатар ВИЧ-инфекциясын жұқтырған пациенттердің ағзасына қысымды азайту үшін қолданылады. Жалпы коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі арнайы клиникалық хаттаманы бекіткен болатын. Ол хаттамаға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеңес берген препараттар да енгізілді», — дейді «СҚ-Фармация» төрағасы.

Айтуынша, коронавирус жұқтырғандарды емдеу тәсілдерінің барлығы клиникалық хаттамада жазылған. 

«Жалпы дәрігер ретінде айтар болсам, коронавирус та – вирустың бір түрі. Сол себепті ағзаға түсетін вирустың қысымын азайту үшін қажетті препараттар қолданылады. Біз бұл препаратты (алувиа лопинавиры) 10 мың адамға арнап ақпан айының өзінде дайындап қойған болатынбыз. Сонымен қатар коронавирусқа қарсы алдын ала гидрослихлорит, хлорино-фосфаттарды әкелдік. Осының бәрі де клиникалық хаттамаға сәйкес емге пайдаланылады», — деп қосты Берік Шәріп.

Сөзінше, Қазақстанда қажетті дәрі-дәрмектің қоры жеткілікті екен. 

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік және жекеменшік емханалардағы вакциналардың сапасы туралы айтылған еді. 

 

stan.kz