Сәпиевтің орынбасарына қатысты тағы бір істің видеосы жарияланды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Екі апта бұрын қозғалған қылмыстық істі тоқтату үшін 40 миллион теңге көлемінде пара беруге әрекетенген

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларына қатысты істі тергеу барысында тағы екі адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, екі апта бұрын тергеушілер мәдениет және спорт министрлігіне қарасты комитет төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары қамауға алынғанын жариялаған болатын.

Олар «Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв бойынша республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжі» РМК-сы 300 орындық оқу корпусының құрылысы кезінде 380,8 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Күдіктілер нақты жұмыстар атқарылмаса да, ақшаны мердігердің есепшотына аударған.

Оқи отырыңыз: Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды

Бүгін сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл қызметі осы іске қатысы бар деген күдікпен тағы екі адамның ұсталғанын хабарлады.

«Бұрын осы нысанның құрылысымен айналысқан қаржы министрлігінің қазынашылық комитетінің лауазымды тұлғасы және оның танысы кәсіпорын басшыларының біреуін қылмыстық істі тоқтату үшін 40 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелеген. Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Соңғы шешімді сот шығарады», – дейді тергеушілер.

Құқық қорғаушылар лауазымды тұлғаны ұстау операциясының видеосын да жариялады. Одан ер адамның қара сөмкені тастай салғанын көруге болады. Осы кезде тәртіп сақшылар жетіп келген. Сөмкені ашқанда іші ақшаға лық толы болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз