Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырғандар көбейді
Қызылорда облысында 6 адамнан коронавирус табылды, Қазақстанда індетті жұқтырғандардың жалпы саны 369 адамға жетті
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 369 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 184,
- Алматы қаласы – 84,
- Шымкент қаласы – 3,
- Ақмола облысы – 16,
- Ақтөбе облысы – 3,
- Алматы облысы – 8,
- Атырау облысы – 16,
- Шығыс Қазақстан облысы – 2,
- Жамбыл облысы – 3,
- Батыс Қазақстан облысы – 2,
- Қарағанды облысы – 14,
- Қызылорда облысы – 24,
- Маңғыстау облысы – 1,
- Павлодар облысы – 1,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 3,
- Түркістан облысы – 5.
Соңғы мәлімет бойынша, 24 адам жазылып шықты, 3 адам қайтыс болды.
sputniknews.kz