Қорқынышты дерек: Алматыда 800-ден астам бала пневмониямен ауырды

0

Алматыда 800-ден астам бала пневмониямен ауруханаға түсті. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты.

«806 бала пневмониямен ауырып, ауруханаға түсті», — деді Жандарбек Бекшин.

Ол сонымен қатар пандемия басталғаннан бері Алматыда COVID-19-бен ауырған 14 144 науқас тіркелгенін айтты. Бүгін 15 науқас тіркелді.

«Коронавирустан қайтыс болғандар саны — 252. Барлығы 12 701 адам сауығып кетті, бұл барлық науқастардың 90 пайызын құрайды», — деді дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, педиатр Шалхар Халитов дәрігерлерді үрей туғызбауға және тұрғындарды қорқытпауға шақырған болатын.