Қазақстанда кімдер коронавирусқа қарсы тегін сынама тапсыра алады – Қазақстан жаңалықтары

0

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАО басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов кімдердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында коронавирустық сынама тапсыра алатындығын айтты, деп хабарлайды 

коронавирус

Оның айтуынша, коронавирус аса қауіпті инфекциялар санатына жатады, сондықтан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді.

«Тестілеу мүмкіндігі іске асырылды, ақша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына аударылды. Егер сізде аурудың белгілері болса, яғни қызба, құрғақ жөтел, жедел респираторлық ауру белгілері болса, сіз әлеуметтік сақтандыру деңгейінде сынамадан өте аласыз. Егер адам ауруханада болса, онда емдеу хаттамасына сәйкес ол барлық сынақтарды тегін тапсырады», – деді Марат Шоранов.

Марат Шоранов ақысыз тестілеуге құқығы бар науқастардың бірнеше санаты бар екенін атап өтті.

«Бас санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес, тексеруден өту керек емделушілердің санаттары бар. Олар жүкті әйелдер, эндокринді, кардиология және пульмонология бөлімшелерінде емделушілер. Яғни, бұл жоспарлы ауруханаға жіберілетін науқастардың санаты», – деп түйіндеді ол.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз