Қазақстанда 19 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 19 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 20-29 наурыз аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. 19 наурыздан бастап Алматы мен астана карантинге жабылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

19 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Сенат отырысы. Онлайн режимде трансляцияланады. http://senate.parlam.kz/ немесе палатаның ресми аккаунтынан көруге болады (Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27). 

19.00 (БОЛМАЙДЫ) – Композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Шәмші әлемі» концерт-қойылымы. Жоба авторы – композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Juilliard school, Нью-Йорк, АҚШ). Барлық ән «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқалады. Қойылымның режиссері – Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі шоуын және басқа да фестивальдер мен концерттерді қойған Андрей Еремин (Украина). («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

АЛМАТЫ

19.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде виртуалды экскурсия болады. Экскурсия күн сайын кешкі сағат жетід емузейдің ресми ресурсы: сайт, YouTube, Facebook және Instagram арқылы көрсетіледі.

21 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 (БОЛМАЙДЫ) – «Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасы («Астана балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

22 наурызға жоспарланған шаралар

14.00 (БОЛМАЙДЫ) – Гик-мәдениетке арналған Geek Time Fest 2020 фестивалі (Grand Park ойын-сауық кешені, Қабдолов көшесі, 1).

25 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 (БОЛМАЙДЫ)- Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен Ербол Байырбековтің «Сен маған сүюді үйреттің» атты шығармашылық кеші («Алатау» концерт залы, Алғабас-1 шағын ауданы).

29 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 (БОЛМАЙДЫ)  – «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің «Әз-Наурыз келгенде» концерті («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

 

 

00
Яндекс.Директ Ведёте ИП на упрощёнке?

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/announcement/20200316/13109676/Qazaqtan-17-nauryz.html



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз