Алматыдан шығып үлгеруге 72 сағат берілді: 22 наурызда барлық блок-бекеттер жабылады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыдағы барлық блок-бекеттер 22 наурыз күні толығымен жабылатыны айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

стоп

Бұл туралы қаланың мобильдік басқармасының жетекшісі Сағындық Телібаев мәлім етті. 

«Алматы облысының тұрғындарына айтарым: сіздердің қаладан шығуларыңызға 72 сағат беріледі. Алматылықтар толығымен оқшаулануы қажет. Сондай-ақ қаладан тыс аумақта жүрген тұрғындар өз үйлеріне осы уақыт аралығында оралуы керек. Содан кейін қала толығымен жабылады», — деді басқарма жетекшісі. 

22 наурыз күні сағат 00:00-де әуе және теміржол қатынасы толығымен тоқтатылады.

«Халықаралық рейстерге шектеу қйоылмайды. Біз оларды қабылдаймыз, десек те бірқатар шектеулер қойылады», — деп қосты Сағындық Телібаев.

Еске салайық, бұған дейін карантин кезінде Алматыға сырттан ешкім кіргізілмейтіні жайлы айтылған еді. 

stan.kz