Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге үлес қоса алады – Тоқаев

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев «COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі шарада сөз сөйледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге өз үлесін қоса алады, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ форумында.

Мемлекет басшысы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ Дамушы елдер тобының атынан сөз сөйледі.

«Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі, делдалдық, жанжалдарды шешу және бейбітшілік орнату сияқты негізгі салалардағы жаһандық күш-жігерге өз үлесін қоса алады», – деді Тоқаев  «COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі шарада.

Ол пандемия кезінде Қазақстан коронавирустың өршуіне гуманитарлық жауап қату жаһандық жоспары аясында қаражат жібергенін атап өтті.

«Біз вирусқа қарсы күресте бірқатар елге гуманитарлық көмек көрсеттік», – деді Тоқаев.

Президент өз сөзінде жеке инвесторларды цифрлық теңсіздікті еңсеруге көмектесуге шақырды.

«Халықаралық сауда да барлық елдің, ең алдымен, аз дамыған елдердің мүдделері үшін тез дамып отыруы керек», – деп толықтырды ол.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты 

«COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» форумы БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылып, бейнеконференция түрінде өтіп жатыр.

Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және басқа елдердің басшылары сөз сөйледі.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз