Қапшағайда күштеп ұрланған қыз: «Өміріммен қош айтысып үлгерген едім…»

0

«Не молчи» парақшасында жарияланған дабыл жазбадан соң біреулер көлік жүргізушісіне хабарласып, оларды полиция іздестіріп жатқанын, куәгер барын айтқан.

«Не молчи» қозғалысының ұйымдастырушысы Дина Смаилова facebook-те Алматы облысында ұрланған қыз жайлы толық мәлімет жариялады.

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматы облысындағы тас жолда белгісіз біреулер қызды көлікке күштеп отырғызып, алып қашты деген хабар тарады. Бұл жайтқа куә болған ер адам қызға көмектеспек болып олардың ізіне түскен, бірақ олар қашып кеткен. Полиция бұл іске араласып, күдіктілерді тапты. Қызды әйелдікке алып қашқаны туралы хабарланған. Алайда, жәбірленуші мұны жоққа шығарды. Ол Дина Смаиловаға өмірімен қоштасып үлгергенін айтқан.

«Әлгі жігіттердің бірі, көлік тізгіндегіні – қызбен бірге әскери бөлімшеде жұмыс істейтін болып шықты, бірақ ол оны танымайтынын айтты. Ол келісімшарт бойынша әскери қызметкер, ал қыз азаматтық қызметкер. Жігіт қызды жолықтырып, оны қалаға бірге ала кете алатынын айтқан, қыз келіскен. Бір уақытта ол жолдан кездейсоқ достарын кездестіріп қалғанға ұқсап, оларды көлікке мінгізіп алады. Сөйтіп, ең алдымен достарын апарып тастайтынын айтып, басқа жаққа көліккті бұрады. Қыз Шелек бағытына жолды өзгерткен жігітке ренжіп, өзінің асығыс екенін айтады. Сол кезде ол: «Болды, ауызыңды жап!», – деп жазды Смаилова.

Жолда олар тоқтаған, осы ұрымтал сәтті пайдаланған қыз көліктен шығып, көмек сұрай айғайлай қашады.

«Бірақ жолдағы көліктер оның өтінішіне құлақ аспай, өте береді. Бір уақытта ол жанармай құю бекетіне қарай жүгіреді, бірақ артынан қуғандар оны өкшелей қуып жетіп, көлікке қайта тығады. Осы кезде мұны сол маңнан өтіп бара жатқан Рамазан Асылов көріп қалады. Ол оларды қуып жетуге тырысады, сосын өтіп бара жатқан патруль көлігін көріп, оны тоқтатып, өзі көрген оқиғаны баяндап береді. Патруль көлігі дереу күдікті көліктің ізіне түседі. Осы уақытта Рамазан 102-ге, одан соң «Не Молчи» қорына хабар береді – деп жалғастырды Дина Смаилова.

«Не молчи» парақшасында жарияланған дабыл жазбадан соң біреулер көлік жүргізушісіне хабарласып, оларды полиция іздестіріп жатқанын, куәгер барын айтқан.

«Содан кейін олар бәрі жабылып, қызды қорқыта бастайды. «Бізбен бірге полицияға барып, сені қалыңдық ретінде алып қашты» деп айт деп бұйырады. Сөйтіп бесеудің ішінде біреуіне әйелдікке алып бермек болған деп нақтылауды да ұмытпайды. Ал қыз оны мүлде танымайды. Әбден қорыққан қыз олардың барлық талабына үнсіз келіседі. Бірақ полиция келгенде ол өзін ұрлап кеткенін айтқан. Енді бұл мәселе біздің бақылауымызда, біз жәбірленушіге ешқандай қысым жасауға жол бермейміз!», – деп қорытындылайды өз сөзін қоғамдық белсендісі.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз