«Мемлекет, дәрігерлер, халық коронавирусты жеңе алмайды»: Премьер-министрдің орынбасары қазақстандықтарға үндеу жасады

0

Премьер-министрдің орынбасары қазақстандықтарға үндеу жасады.

«Құрметті, қазақстандықтар, ағайындар! Коронавирус жаңа шындықты көрсетті. Бұл тек ұлтымызға емес, бүкіл әлемге қауіп төндіріп отыр. Ғасырлар бойы біздің халқымыз ел басын қосатын көптеген дәстүрлерді қалыптастырған болатын. Бірақ біз жаңа сын-қатерлерге бейімделуіміз қажет. Уақытша дәстүрден бас тартатуымыз керек», —  дейді Тоғжанов.

Ол әрбір азамат жауапкершілігін танытпайтын болса, коронавирустың алдын ала алмаймыз деп кесіп айтты. Мемлекет пен дәрігерлер коронавирусты жеңе алмайтынын жеткізді ол.

«Біз бір нәрсені түсінуіміз керек. Егер халық сақтық шараларын сақтамаса, бүгінде мемлекет те, дәрігерлер де, қоғам да коронавирусты жеңе алмайды. Мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары 30% ға ғана қысқарта алады. Сол себепті біз әлемге жайылған індеттің алдын алу үшін өзіміз де сақтануымыз керек», — дейді Тоғжанов.

stan.kz