Коронавирус жұқтырған жүкті әйел комада жатып босанды – Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ-тың Ванкувер қаласының тұрғыны коронавирус індетінен емдеу кезінде жасанды комаға түсіп, баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кома

27 жастағы Ангела Примаченко коронавирус жұқтырған. Оның қызуы көтеріліп, нәтижесінде 24 наурызда COVID-19-ға сынама оң нәтижені көрсеткен. Сегіз күннің ішінде симптомдары күшейіп, оны ауруханаға жатқызып, жасанды кома жағдайын енгізді.

Денсаулық жағдайына байланысты оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосты. Осы уақытта әйел жүктіліктің 33 аптасында болған. Примаченко комада болған кезінде баласын дүниеге әкелді.

«Мен комадан шыққан кезде, үлкен ішім болмады. Бұл ақылсыздық болды», – деді әйел.

Ангела 11 сәуір күні ауруханадан шығарылды. Науқас әлі күнге дейін жаңа туған қызы Авуды қолына алмаған. Ол сәбиді коронавирус сынағы теріс нәтиже көрсетпен кезде ғана көре алады. Қазір нәресте жансақтау бөлімінде жатыр, ол коронавирус жұқтырмаған.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз